«Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 26) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
Асыл тұқымдық зауыттарды, асыл тұқымдық шаруашылықтарды және асыл тұқымдық репродукторларды бағалаудың ең төменгі көрсеткіштерін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 20 сәуірдегі № 3-3/352 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 22 мамырда № 11118 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2016 жылғы 2 маусымнан бастап ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 14.01.2016 жылғы № 9 Бұйрығына сәйкес
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес қой және ешкі шаруашылығы бойынша асыл тұқымдық зауыттарды және асыл тұқымдық шаруашылықтарды бағалаудың ең төменгі көрсеткіштері;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес шошқа шаруашылығы бойынша асыл тұқымдық зауыттарды және асыл тұқымдық шаруашылықтарды бағалаудың ең төменгі көрсеткіштері;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жылқы шаруашылығы бойынша асыл тұқымдық зауыттарды және асыл тұқымдық шаруашылықтарды бағалаудың ең төменгі көрсеткіштері;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес түйе шаруашылығы бойынша асыл тұқымдық зауыттарды және асыл тұқымдық шаруашылықтарды бағалаудың ең төменгі көрсеткіштері;
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес құс шаруашылығы бойынша асыл тұқымдық репродукторларды бағалаудың ең төменгі көрсеткіштері;
6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес түйеқұс шаруашылығы бойынша асыл тұқымдық репродукторларды бағалаудың ең төменгі көрсеткіштері;
7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес марал және бұғы шаруашылығы бойынша асыл тұқымдық шаруашылықтарды бағалаудың ең төменгі көрсеткіштері;
8) осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес үй қояны шаруашылығы бойынша тұқымдық шаруашылықтарды бағалаудың ең төменгі көрсеткіштері;
9) осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес аң шаруашылығы бойынша асыл тұқымдық шаруашылықтарды бағалаудың ең төменгі көрсеткіштері;
10) осы бұйрыққа 10-қосымшаға сәйкес бал ара шаруашылығы бойынша асыл тұқымдық шаруашылықтарды бағалаудың ең төменгі көрсеткіштері;
11) осы бұйрыққа 11-қосымшаға сәйкес балық шаруашылығы бойынша асыл тұқымдық шаруашылықтарды бағалаудың ең төменгі көрсеткіштері бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы
министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі А. Мамытбеков
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 20 сәуірдегі № 3-3/352 бұйрығына 1-қосымша
Қой және ешкі шаруашылығы бойынша асыл тұқымдық зауыттарды жәнеасыл тұқымдық шаруашылықтарды бағалаудың ең төменгі көрсеткіштері
Негізгі көрсеткіштер | Асыл тұқымдық зауыттар | Асыл тұқымдық шаруашылықтар |
Өнімділік бағыты биязы және биязылау жүнді қой | ||
Асыл тұқымды саулықтардың және 1 жастан асқан ұрғашы тоқтылардың саны, бас | 3000 | 1000 |
Шаруашылықтағы 1 басқа есептегендегі жуылмаған қырқылған жүннің салмағы, килограмм | 4 | 3,5 |
100 саулыққа шаққандағы қозы, бас | 100 | 95 |
Бөлінген кезде төлдің сақталуы, % | 95 | 95 |
Элита класты саулықтардың үлес салмағы, % | 30 | 20 |
Бірінші класты саулықтардың үлес салмағы, % | 40 | 40 |
Өнімділік бағыты қылшық және ұяң жүнді қой | ||
Асыл тұқымды саулықтардың және 1 жастан асқан ұрғашы тоқтылардың саны, бас | 3000 | 1000 |
Шаруашылықтағы 1 басқа есептегендегі жуылмаған қырқылған жүннің салмағы, килограмм | 2,1 | 1,8 |
100 саулыққа шаққандағы қозы, бас | 90 | 85 |
Бөлінген кезде төлдің сақталуы, % | 95 | 95 |
Элита класты саулықтардың үлес салмағы, % | 30 | 20 |
Бірінші класты саулықтардың үлес салмағы, % | 40 | 40 |
Қаракөл тұқымы | ||
Асыл тұқымды саулықтардың және 1 жастан асқан ұрғашы тоқтылардың саны, бас | 3000 | 1000 |
Бірінші сортты қаракөл шығымы, % |
|
|
қара түсті | 85 | 80 |
сұр және алтын сұр түсті | 80 | 75 |
ақ және қызғылт түсті | 70 | 60 |
Ірі және орта көлемдегі қаракөл шығымы, % | 85 | 80 |
Бірінші класты саулықтардың үлес салмағы, % | 40 | 40 |
Қаракөл терісінің арнайы түсі бойынша үлес салмағы, % қара түсті | 95 | 85 |
сұр түсті | 45 | 45 |
алтын сұр түсті | 75 | 70 |
ақ түсті | 65 | 60 |
қызғылт түсті | 25 | 20 |
100 саулықтан алынған төл, бас | 95 | 90 |
Бөлінген кезде төлдің сақталуы, % | 95 | 95 |
Элита класты саулықтардың үлес салмағы, % | 30 | 20 |
Бірінші класты саулықтардың үлес салмағы, % | 40 | 40 |
Өнімділігі жүн бағытындағы ешкі шаруашылығы | ||
Асыл тұқымды ешкілер және 1 жастан асқан шыбыштардың саны, бас | 750 | 500 |
Шаруашылықтағы 1 басқа есептегендегі жуылмаған қырқылған жүннің табиғи салмағы, кг | 1,8 | 1,7 |
100 ешкіден алынған лақ, бас | 105 | 100 |
Бөлінген кезде төлдің сақталуы, % | 95 | 95 |
Элита класты ешкілердің үлес салмағы, % | 15 | 10 |
Бірінші класты ешкілердің үлес салмағы, % | 40 | 35 |
Өнімділігі сүт бағытындағы ешкі шаруашылығы | ||
Асыл тұқымды ешкілер және 1 жастан асқан шыбыштардың саны, бас | 300 | 100 |
Сауылу маусымы бойынша сауылған сүт, кг | 550 | 500 |
100 ешкіден алынған лақ, бас | 170 | 150 |
Бөлінген кезде төлдің сақталуы, % | 95 | 95 |
Элита класты ешкілердің үлес салмағы, % | 15 | 10 |
Бірінші класты ешкілердің үлес салмағы, % | 40 | 35 |
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 20 сәуірдегі № 3-3/352 бұйрығына 2-қосымша
Шошқа шаруашылығы бойынша асыл тұқымдық зауыттарды және асыл тұқымдық шаруашылықтарды бағалаудың ең төменгі көрсеткіштері
Негізгі көрсеткіштер | Асыл тұқымдық зауыттар | Асыл тұқымдық шаруашылықтар |
Асыл тұқымды мегежіндердің саны, бас | 100 | 50 |
Жалпы бағалау бойынша асыл тұқымды шошқалардың үлес салмағы (бағалау нәтижесі бойынша): алмастырушы еркек торайлар, % алмастырушы ұрғашы торайлар, % |
элита-рекорд |
элита-рекорд |
Зауыттық желінің болуы | 2 | - |
Асыл тұқымды мегежіндердің өнімділігін бағалау: |
10 52 | 9 48 |
Ұрпағының сапасы бойынша бағаланған асыл тұқымды негізгі қабандардың үлес салмағы, % | 100 | - |
Ұрпағының сапасы бойынша бағаланған асыл тұқымды негізгі мегежіндердің үлес салмағы, % | 50 | - |
Сатылған асыл тұқымды шошқалардың ішінде элита класының үлес салмағы, % | 70 | 50 |
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 20 сәуірдегі № 3-3/352 бұйрығына 3-қосымша
Жылқы шаруашылығы бойынша асыл тұқымдық зауытттарды және асыл тұқымдық шаруашылықтарды бағалаудың ең төменгі көрсеткіштері
Негізгі көрсеткіштер | Асыл тұқымдық зауыттар | Асыл тұқымдық шаруашылықтар |
Асыл тұқымды жылқы саны, |
|
|
Элита класты асыл тұқымды тұқымдық |
|
|
Зауыттық желінің болуы | 2 75 | - 70 |
Асыл тұқымды жылқы саны, |
128 |
55 |
Элита класты асыл тұқымды тұқымдық |
100 75 |
100 70 |
Асыл тұқымды жылқы саны, |
216 |
128 |
Элита класты асыл тұқымды тұқымдық |
|
|
Зауыттық желінің болуы | 2 75 | - 70 |
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 20 сәуірдегі № 3-3/352 бұйрығына 4-қосымша
Түйе шаруашылығы бойынша асыл тұқымдық зауыттарды және асыл тұқымдық шаруашылықтарды бағалаудың ең төменгі көрсеткіштері
Негізгі көрсеткіштер | Түрі | Асыл тұқымдық зауыттар | Асыл тұқымдық шаруашылықтар |
Асыл тұқымды түйелердің саны, бас | Қазақтың айыр өркешті түйесі | 316 | 108 |
Шаруашылықтағы 1 басқа | 5 | 4 | |
Элита класты асыл тұқымды тұқымдық | 100 50 | 100 20 | |
Зауыттық желінің болуы | 2 | - | |
Асыл тұқымды түйелердің саны, бас | Бір өркешті түйе | 128 | 53 |
Шаруашылықтағы 1 басқа | 3 | 2,5 | |
Элита класты асыл тұқымды тұқымдық | 100 40 | 100 10 | |
Зауыттық желінің болуы | 2 50 | - 40 |
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 20 сәуірдегі № 3-3/352 бұйрығына 5-қосымша
Құс шаруашылығы бойынша асыл тұқымдық репродукторларды бағалаудың ең төменгі көрсеткіштері Арғы ата-енелік үйірі
Негізгі көрсеткіштер | Тауық | Күрке тауық | Үйрек | Қаз | Мысыр тауығы | Бөденелер | ||||||||
жұмыртқалағыш | етті- жұмыртқалағыш | етті |
| пекин | мускус |
|
|
| ||||||
Ересек құстың орташа жылдық саны, мың бас | 15 | 15 | 15 | 2,0 | 2,5 | 1,5 | 1,5 | 1,0 | 4 | |||||
Мекиеннен бір жылда алынған жұмыртқа, дана | 240 | 200 | 175 | 110 | 190 | 85 | 50 | 100 | 220 | |||||
Жұмыртқаны асыл тұқымдық мақсатта қолдану, жалпы өндірісінен, % | 55 | 55 | 55 | 70 | 75 | 70 | 80 | 30 | 60 | |||||
Төл шығымы, % | 78 | 75 | 65 | 55 | 65 | 60 | 55 | 55 | 70 | |||||
Төлдің сақталуы (жарамсыздықты есептемегенде), % | 92 | 92 | 95 | 90 | 90 | 90 | 90 | 90 | 94 | |||||
Ересек құстың сақталуы (жарамсыздықты есептемегенде), % | 96 | 96 | 95 | 95 | 95 | 97 | 97 | 95 | 95 | |||||
Бір желіге шаққанда селекциялық ұялардың саны, дана | 60- | 60- | 60- | 60 | 60 | 60 | 60 | 60 | 60 | |||||
Ішкі желілік шағылысу кезінде бір ұялық мекиеннен алынатын төл саны, бас | 14 | 14 | 12 | 12 | 10 | 8 | 10 | 15 | 15 |
Ата-енелік үйірі
Негізгі көрсеткіштер | Тауық | Күрке тауық | Үйрек | Қаз | Мысыр тауығы | Бөденелер | ||||||||
жұмыртқалағыш | етті- жұмыртқалағыш | етті |
| пекин | мускус |
|
|
| ||||||
Ересек құстың орташа жылдық саны, мың бас | 15 | 15 | 15 | 2,0 | 2,5 | 1,5 | 1,5 | 1,0 | 4 | |||||
Мекиеннің жұмыртқалағыштығы жылына, дана | 225 | 190 | 165 | 110 | 180 | 80 | 40 | 100 | 200 | |||||
Жұмыртқаны асыл тұқымдық мақсатта қолдану, жалпы өндірісінен % | 55 | 55 | 55 | 70 | 70 | 65 | 80 | 30 | 40 | |||||
Төл шығымы, % | 75 | 70 | 65 | 55 | 55 | 55 | 55 | 55 | 70 | |||||
Төлдің сақталуы (жарамсыздықты есептемегенде), % | 92 | 92 | 95 | 90 | 90 | 90 | 90 | 90 | 92 | |||||
Ересек құстың сақталуы (жарамсыздықты есептемегенде), % | 96 | 96 | 95 | 95 | 95 |
| 97 | 95 | 94 |
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 20 сәуірдегі № 3-3/352 бұйрығына 6-қосымша
Түйеқұс шаруашылығы бойынша асыл тұқымдық репродукторларды бағалаудың ең төменгі көрсеткіштері
Негізгі көрсеткіштер | Африкалық | Австралиялық түйеқұс |
Асыл тұқымды жыныстық жетілген дарақтардың ең аз саны, бас | 30 | 20 |
Селекциялық ұялардың саны (1 аталық: 2-5 аналық), дана | 10 | 10 |
Асыл тұқымды мекиеннен бір жылда алынған жұмыртқа, дана | 50 | 30-40 |
Жұмыртқаның ұрықтануы, % | 75 | 75 |
Асыл тұқымды төлдің шығымы, % | 60-70 | 60-70 |
8 апталық жасына дейінгі асыл тұқымды төлдің сақталуы, % | 90 | 90 |
12 айлық жасындағы асыл тұқымды төлдің тірі салмағы, килограмм | 90 | 25 |
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 20 сәуірдегі № 3-3/352 бұйрығына 7-қосымша
Марал және бұғы шаруашылығы бойынша асыл тұқымдық шаруашылықтарды бағалаудың ең төменгі көрсеткіштері
Негізгі көрсеткіштер | Марал шаруашылығы бойынша асыл тұқымдық шаруашылықтар | Бұғы шаруашылығы бойынша ас тұқымдық шаруашылықтар |
Марал саны, бас | 300 | 300 |
оның ішінде: аталық, бас | 120 | 120 |
аналық, бас | 80 | 80 |
табындағы аналықтың үлес салмағы % | 27 | 27 |
элита және I кластың үлес салмағы |
|
|
аталық, % | 40 | 40 |
аналық, % | 55 | 50 |
алғаш төлдегендер, % | 40 | 40 |
100 аналыққа төл шығымы, бас | 38 | 35 |
панты салмағы (шикі) 1 аталықтан, килограмм | 5,5 | 0,8 |
1 алғаш төлдегеннен, килограмм панты салмағы (консервіленген) | 1,5 | - |
1 аталықтан, килограмм | 2,1 | 0,3 |
1 алғаш төлдегеннен, килограмм | 0,6 |
|
шығымы % (консервіленген) | 38 | 37 |
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 20 сәуірдегі № 3-3/352 бұйрығына 8-қосымша
Үй қояны шаруашылығы бойынша асыл тұқымдық шаруашылықтарды бағалаудың ең төменгі көрсеткіштері
Негізгі көрсеткіштер | Асыл тұқымды шаруашылықтар |
Негізгі үйірдегі аналықтың саны, бас | 600 |
элита және 1 класс көжектердің саны, %: |
|
Бір төлдегенде негізгі аналықтан алынған төл, бас | 5,5 |
бір аналықтан бір жылда алынған төл, бас | 20 |
толықтырушы төлдің тірі салмағы, килограмм: |
|
Алынған төлден сатылған асыл тұқымды төл % | 40 50 |
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 20 сәуірдегі № 3-3/352 бұйрығына 9-қосымша
Аң шаруашылығы бойынша асыл тұқымдық шаруашылықтарды бағалаудың ең төменгі көрсеткіштері
Негізгі көрсеткіштер | Асыл тұқымдық шаруашылық |
Асыл тұқымды аңдардың саны ең азы, бас |
|
Негізгі үйірдегі элиталық аңдардың саны (I және II класс, бас |
80 |
Бір аналықтан төл шығымы, бас: |
5,0 |
6 айлық жасындағы бақылау тобындағы асыл |
|
басқа түрлі құндыз: |
|
түлкі: |
|
6 айлық жасындағы бақылау тобындағы асыл |
|
Өсіру кезінде төлдің сақталуы, % |
97 |
Элиталық сатылған асыл тұқымды төлдің үлес салмағы, % | 85 |
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 20 сәуірдегі № 3-3/352 бұйрығына 10-қосымша
Бал ара шаруашылығы бойынша асыл тұқымдық шаруашылықтарды бағалаудың ең төменгі көрсеткіштері
Бал ара шаруашылығы бойынша асыл тұқымдық шаруашылықтарда мынадай көрсеткіштер болуы тиіс:
1) кемінде 100 бал ара ұясының болуы, оның кемінде 65 пайызында асыл тұқымды, жоғары өнім беруші ара аналықтары және аудандарға бөлінген ара ұялары болуы тиіс;
2) зоотехникалық есепті жүргізу және ветеринариялық-санитариялық іс-шаралардың жүргізілуі;
3) будан аналықтарын шығаратын асыл тұқымдық шаруашылық өзге тұқымның ара ұяларының кемінде 10% ұстай алады (оларды оқшауланған жерде ұстау және тек аналық ұя ретінде қолдану);
4) тұрақты азық базасымен, ал ара ұяларын жақсы күтім және азықтандыру жағдайларымен қамтамасыз ету;
5) тұқымның тазалығын сақтау үшін асыл тұқымдық шаруашылыққа немесе ауыл шаруашылығы құрылымына 10 километр радиуста орналасқан басқа тұқымның бал ара ұяларын және аналықтарын әкелуге рұқсат етілмейді;
6) қыстан шыққан ара ұяларының сақталуы 90% кем болмауы;
7) балдың асыл тұқымды ұяға шаққандағы жалпы жиылымы республика облыстарында бал араларының орналасу аймақтарына байланысты облыстық орташа көрсеткіштен 10% жоғары болуы керек.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 20 сәуірдегі № 3-3/352 бұйрығына 11-қосымша
Балық шаруашылығы бойынша асыл тұқымдық шаруашылықтарды бағалаудың ең төменгі көрсеткіштері
Балық шаруашылығы бойынша асыл тұқымдық шаруашылықтарда мынадай көрсеткіштер болуы тиіс:
1) әр түрлі балықтардың тұқымы және желісі бойынша резервтік* көрсеткішімен есептегенде кемінде 100 данасының болуы;
2) құртшабақтарды зауыттық әдіспен алғанда инкубациялық кезең шығынын есептемегенде, күнтізбелік жылға балықтардың тіршілікке бейімділігінің 90% кем болмауы;
3) құртшабақтарды зауыттық әдіспен алғанда балық шығыны;
- аналығы, 20% артық емес;
- аталығы, 10% артық емес;
4) шабақтардың шығымдылығы, 50%;
5) өндірушілердің өсімі, жыныстық өнімдердің толық қалпына келуін есепке ала отырып, балық өсіру аймақтарына және балық түрлеріне байланысты аналықтар үшін орташа 1100-2100, аталықтар үшін 800-1300 грамм құрауы;
6) жыл сайын аналық топты есептен 25% дейін жаңарту үшін балық өсіруші шаруашылықтарда асыл тұқымды толықтырушы бастардың барлық жастағы топтарының болуы.
Аталықтары мен аналықтарының ара қатынасы, асыл тұқымды тұқымдық балықтың және толықтырушы топтың өнімділік сапасы, толықтырушы топтың саны қолданыстағы балық өсіру-биологиялық аймақтық нормативтерде сәйкес келуі тиіс.
Әр тұқымнан алынған асыл тұқымды материалды сату көлемі 5 миллион дана 3 күндік құртшабақтан кем болмауы тиіс.
Балық шаруашылығы бойынша асыл тұқымдық шаруашылықтарды бағалаудың ең төменгі көрсеткіштері
Көрсеткіштер | Тұқы балық | Пайда балық | Өсімдік қоректі балықтар |
Асыл тұқымды өндіруші балықтардың саны резервтік* көрсеткішті қоса есептегенде, дана | 100 | 100 | 100 |
аналықтары | 60 | 50 | 60 |
аталықтары | 40 | 50 | 40 |
Аналықтардың өсімталдығы, мың дана: |
|
|
|
уылдырықтары бойынша | 300 | 35 | 500 |
құртшабақтары бойынша | 150 | 20 | 250 |
өсірілген жас балықтар** бойынша | 60 | - | 125 |
Асыл тұқымды құртшабақтарды сату, миллион дана | 5,0 | - | 5,0 |
Ұрықтандырылған уылдырықтарды сату, миллион дана | - | 0,5 | - |
* резервтік көрсеткіш - репродукциялық сапасы және сыртқы көрінісі нашарлау балықтар;
** 10-15 тәуліктік, ұзындығы 4 сантиметрге дейінгі жас балықтар өсірілген деп есептеледі.