«Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» 2002 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 3-тармағының 55-19) тармақшасына және «Ішкі су көлігі туралы» 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 26-22) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Шағын көлемді кемелерді және олар тоқтауға арналған базаларды (құрылыстарды) пайдалану қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 27 наурыздағы № 354 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 27 мамырда № 11197 тіркелді
Редакция 21.01.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қоса беріліп отырған Шағын көлемді кемелерді және олар тоқтайтын базаларды (құрылыстарды) пайдалану қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті (Ә.А. Асавбаев):
1) осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін 5 жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағы 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шараларды орындау туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің басшылық ететін вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушы Ж. Қасымбек
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі ______________ А. Мамытбеков 2015 жылғы 3 сәуір
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі ______________ А. Сәрінжіпов 2015 жылғы 15 сәуір
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі ______________ Қ. Қасымов 2015 жылғы 21 сәуір
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 354 бұйрығымен бекітілген
Шағын көлемді кемелерді және олар тоқтайтын базаларды (құрылыстарды) пайдалану қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Шағын көлемді кемелерді және олар тоқтауға арналған базаларды (құрылыстарды) пайдалану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 3-тармағының 55-19) тармақшасына және «Ішкі су көлігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 26-22) тармақшасына сәйкес әзірленді және шағын өлшемді кемелерді және олар тоқтауға арналған базаларды (құрылыстарды) теңіз жағалауындағы суда, ішкі су жолдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының басқа су қоймаларында пайдалану тәртібін айқындайды және жеке және заңды тұлғаларға, сондай-ақ дара кәсіпкерлерге қолданылады.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 28.12.2022 жылғы № 753 Бұйрығына сәйкес (11.10.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 21.01.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Полная версия