Близость слов: Окончание:





Ветеринариялық есепке алу мен есептілікті жүргізу, ұсыну қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 7-1/394 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 4 маусымда № 11265 тіркелді
Редакция 05.06.2021 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 45) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 17.05.2021 жылғы № 162 Бұйрығына сәйкес (22.09.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 05.06.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Қоса беріліп отырған Ветеринариялық есепке алу мен есептілікті жүргізу, ұсыну қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринария және тамақ қауіпсіздігі департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 30 сәуірдегі
№ 7-1/394 бұйрығымен
бекітілген
Ветеринариялық есепке алу мен есептілікті жүргізу, ұсыну қағидалары
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 24.12.2019 жылғы № 456 Бұйрығымен (30.04.2015 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 24.01.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 22.09.2020 жылғы № 294 Бұйрығына сәйкес (24.12.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 09.10.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Осы Ветеринариялық есепке алу мен есептілікті жүргізу, ұсыну қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 8-бабының 45) тармақшасына сәйкес әзірленді және ветеринариялық есепке алу мен есептілікті жүргізу, ұсыну тәртібін айқындайды.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 17.05.2021 жылғы № 162 Бұйрығына сәйкес (22.09.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 05.06.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар қолданылады:
1) ақпараттық жүйе – «Агроөнеркәсіптік кешен салаларын басқарудың «e-Agriculture»бірыңғай автоматтандырылған жүйесі» ақпараттық жүйесінде ветеринариялық есептер туралы мәліметтерді орталықтандырылған есепке алуды қамтамасыз ететін ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың ұйымдастырылып ретке келтірілген жиынтығы;
2) ветеринария саласындағы уәкілетті органның ведомствосы (бұдан әрі – ведомство) – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті;
3) ведомствоның аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – аумақтық бөлімше) – тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктерде орналасқан аумақтық бөлімшелер.
3. Ветеринариялық есепке алу және есептілік эпизоотиялық ахуалды және мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілерініңветеринариялық-санитариялық жай-күйінжәне Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 7-1/587 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11940 болып тіркелген) бекітілген Ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидалардың сақталуын, сондай-ақ жүргізілетін ветеринариялық іс-шаралардың көлемі мен тиімділігін мониторингтеу және бағалау мақсатында жүзеге асырылады және оны:
Полная версия
ИС BestProfi