1. Осы Медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдарына бекіту қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 45-бабының 4-1-тармағына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға (бұдан әрі - тұлға) медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдарына (бұдан әрі - МСАК) бекіту тәртібін айқындайды.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 281 бұйрығымен бекітілген
2-қосымша өзгертілді ҚР Денсаулық сақтау министрінің 20.11.2017 жылғы № 840 Бұйрығына сәйкес (28.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2018 жылдан бастап) 2-қосымша күшін жойды 2020 жылғы 1 желтоқсаннан бастап ҚР Денсаулық сақтау министрінің 13.11.2020 жылғы № ҚР ДСМ-194/2020 Бұйрығына сәйкес
Медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдарына бекіту қағидалары
Қағида жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 02.10.2018 жылғы № ҚР ДСМ-21 Бұйрығымен (20.11.2017 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 08.10.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 04.05.2019 жылғы № ҚР ДСМ-62 Бұйрығына сәйкес (02.10.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 03.06.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) Қағидалар өзгертілді ҚР Денсаулық сақтау министрінің 29.08.2019 жылғы № ҚР ДСМ-122 Бұйрығымен (04.05.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 14.09.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 30.04.2020 жылғы № ҚР ДСМ-42/2020 Бұйрығына сәйкес (29.08.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 15.05.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Редакция 15.05.2020 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1-тарау. Жалпы ережелер
2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
1) әкімшілік-аумақтық бірлік - ауыл, кент, ауылдық округ, қаладағы аудан, қала, аудан, облыс;
2) әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры (бұдан әрі - қор) - аударымдар мен жарналарды шоғырландыруды жүргізетін, сондай-ақ медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау субъектілерінің көрсетілетін қызметтерін медициналық көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартында көзделген көлемдерде және талаптармен сатып алу мен оларға ақы төлеуді және Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған өзге де функцияларды жүзеге асыратын коммерциялық емес ұйым;
3) бала (балалар) - он сегіз жасқа (кәмелетке) толмаған адам;
4) баланың заңды өкiлдерi - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес балаға қамқорлық жасауды, бiлiм, тәрбие берудi, оның құқықтары мен мүдделерiн қорғауды жүзеге асыратын ата-аналар (ата-ана), бала асырап алушылар, қорғаншы немесе қамқоршы, баланы қабылдайтын ата-ана (баланы қабылдайтын ата-аналар), патронат тәрбиешi және оларды алмастырушы басқа да адамдар;
5) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - азаматтардың денсаулығын сақтау, медициналық және фармацевтикалық ғылым, медициналық және фармацевтикалық білім беру, дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы, медициналық қызметтер сапасын бақылау саласындағы басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
6) МСАК көрсететін жаңадан пайдалануға берілетін денсаулық сақтау объектісі (бұдан әрі – жаңадан пайдалануға берілетін денсаулық сақтау объектісі) – денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытудың өңірлік перспективалық жоспарына енгізілген және жаңа немесе қолданыстағы объектіні өзгерту жолымен алғаш рет ашылған МСАК объектісі;
7) сақтандыру ұйымы – қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау бойынша уәкілетті органның тиісті лицензиясы негізінде медициналық сақтандыру шарттарын жасасу және орындау қызметін асыратын заңды тұлға;
8) МСАК көрсететін денсаулық сақтау объектілеріне қадамдық қолжетімділік (бұдан әрі – қадамдық қолжетімділік) - халықтың демографиялық өсуін ескере отырып, қалалардың карталарын пайдалана отырып, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары есептейтін, МСАК көрсететін денсаулық сақтау объектілеріне қала халқының 20 минуттық қадамдық қолжетімділгі.
3. МСАК ұйымдарына бекіту МСАК көрсету үшін негіз болып табылады және:
1) МСАК аумақтық қолжетімділігі;
2) МСАК ұйымын еркін таңдау;
3) МСАК маманын (жалпы практика дәрігері, учаскелік терапевт, учаскелік педиатр) еркін таңдау;
4) отбасылық қызмет көрсету;
5) меншік нысанына және ведомстволық тиістілігіне қарамастан МСАК ұйымдарының тең құқығы және адал бәсекелестігі қағидаттарымен жүзеге асырылады.
4. Адамдарды жаңадан пайдалануға берілетін денсаулық сақтау объектілеріне бекітуді қоспағанда, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсетуге қормен медициналық қызметтерді сатып алу шартын (бұдан әрі – медициналық қызметтерді сатып алу шарты) жасасқан МСАК-тың бір ұйымына жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі - ЖСН) бойынша жүзеге асырылады және бекіту науқаны кезеңінде пайдалануға бірінші рет қабылданған МСАК объектісі болып табылады.
МСАК ұйымына бекіту кезінде алдыңғы МСАК ұйымынан бекітуден шығару автоматты түрде жүзеге асырылады.
5. Балалар үйлерінде, интернаттарда, балаларға арналған мамандандырылған ұйымдарда тұратын балалар, сондай-ақ медициналық-әлеуметтік ұйымдарда тұратын адамдар аумақтық қызмет көрсету аймағында көрсетілген ұйымдар орналасқан МСАК ұйымдарына облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарының (бұдан әрі-денсаулық сақтау басқармалары) шешімінің негізінде көрсетілген ұйымдар орналасқан аумақтық қызмет көрсету аймағында МСАК ұйымдарына бекітіледі (бұдан әрі - бөлу туралы бұйрық).
Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде жазасын өтеп жүрген адамдарды тіркеу жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмесін қоса бере отырып, облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аумағында оларға бекітілген қызмет көрсету аймақтары бар МСАК ұйымдарының тізімін қамтитын денсаулық сақтау басқармасының шешімі негізінде жүзеге асырылады. Жеке басын куәландыратын құжат болмаған жағдайда тіркеу куәлігінің (ЖСН) көшірмесі қоса беріледі.
6. Бекіту науқаны кезеңінде МСАК ұйымына еркін таңдау құқығын пайдаланбаған адам бұрын қызмет көрсетілген МСАК ұйымына бекітілген болып қалады.
Бұрынғы МСАК ұйымында келесі жылға қормен медициналық қызметтерді сатып алу шарты болмаған жағдайда бекіту денсаулық сақтау субъектілері арасында медициналық қызметтердің көлемін таңдау және орналастыру жөніндегі өңірлік комиссияның (бұдан әрі – өңірлік комиссия) шешімі бойынша, жыл сайын қорға 20 қарашадан кешіктірмей ұсынылатын бөлу туралы бұйрықтың негізінде қабылданған МСАК ұйымдарына нақты тұру орны бойынша аумақтық қолжетімділікті ескере отырып жүзеге асырылады.
Өңірлік комиссия Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 7 тамыздағы № 591 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15604 болып тіркелген) (бұдан әрі – Сатып алу қағидалары) бекітілген тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде денсаулық сақтау субъектілерінен көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларында көзделген тәртіппен құрылады.
7. Осы Қағидалардың 5 және 6-тармақтарында көрсетілген тұлғаларды бекітуді қордан өңірлік комиссияның шешімін алған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде қолданыстағы заңнамаға сәйкес айқындалатын, денсаулық сақтау жүйесінің (электрондық денсаулық сақтаудың) ақпараттық инфрақұрылымы мен медициналық статистиканы жетілдіруге байланысты қызметті жүзеге асыратын және құқық қатынастарына түсетін ұйым (бұдан әрі - ақпараттандыру ұйымы) қамтамасыз етеді.
2-тарау. Медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдарына бекіту тәртібі
8. МСАК ұйымына бекіту медициналық ұйымды еркін таңдау құқығы бойынша басқа әкімшілік-аумақтық бірліктегі басқа аумақта орналасқан жақын жердегі МСАК ұйымына бекітілетін шекаралас аумақтарда тұратын тұлғаларды қоспағанда, МСАК ұйымын еркін таңдау құқығын ескере отырып, тұрақты немесе уақытша тұратын жері бойынша бір әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде (ауыл, кент, қала, облыстық маңызы бар қаладағы аудан, республикалық маңызы бар қала, астана) осы Қағидаларға 1-қосымшаның 7-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.
9. Тұрақты немесе уақытша тұратын жері бойынша МСАК ұйымына бекіту үшін «МСАК көрсететін медициналық ұйымға бекіту» мемлекеттік көрсетілетін қызмет іске асырылған.
МСАК ұйымы пациентке өз бетінше жүгінген кезде немесе ЭҮП арқылы мемлекеттік қызметтерді ұсынады.
Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді МСАК ұйымы ЭҮП арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Процестің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызметті ұсыну ерекшеліктерін ескере отырып өзге де мәліметтерді қамтитын «МСАК көрсететін медициналық ұйымға бекіту» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес келтірілген.
«МСАК көрсететін медициналық ұйымға бекіту» тікелей жүгінген кезде ұйымның бірінші басшысының атына жазбаша нысанда өтінімді ресімдеу мынадай адамдардың санаттарын бере алады:
1) зейнеткерлер;
2) мүгедектер;
3) қамқоршылар тағайындалған заң бойынша бала кезінен мүгедектер (осы санаттағы жеке тұлғалар, кәмелетке толғандар болуы мүмкін), сондай-ақ қорғаншылар немесе қамқоршылар, патронаттық тәрбиешілер және басқа да оларды алмастыратын адамдар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес балаға қамқорлық жасауды, білім, тәрбие беруді, баланың құқықтары мен мүдделерін қорғауды жүзеге асыратын басқа да заңды өкілдері);
4) колонияларда өтеуші сотталғандар (өтеу орны бойынша);
5) студенттер, сондай-ақ медреседе оқитын студенттер;
6) мерзімді қызмет әскери қызметшілері;
7) шет мемлекеттерде туған балалар;
8) сәбилер, жетімдер, қарттар үйлері және т. б.;
9) сенімхат бойынша бекітуді ресімдейтіндер.
МСАК ұйымына тікелей жүгінген кезде МСАК ұйымының мамандары «Бекітілген халық тіркелімі» медициналық ақпараттық жүйесіне тіркеуге сұрау салуды ресімдейді. Ақпараттандыру ұйымының маманы тіркеуге сұрау салуды қарайды және өтінімді мақұлдау немесе дәлелді бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Мемлекеттік қызмет құжаттарды тапсырған сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде көрсетіледі. Мемлекеттік қызметті көрсетуге сұрау салу МСАК ұйымының жұмысы аяқталғанға дейін 2 сағат бұрын қабылданады (жұмыс күндері сағат 18.00- ге дейін).
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі (не сенімхат бойынша оның өкілі) медициналық ұйымға тіркеу талоны немесе дәлелді бас тарту болып табылады. Тіркеу талонын медициналық ұйымның медициналық тіркеушісі береді.
Пациент ЭҮП арқылы жүгінген кезде пациентке тіркеу туралы хабарлама (талон) немесе МСАК ұйымының ЭЦҚ қойылған «Жеке кабинетіне» электрондық құжат нысанында дәлелді бас тарту келіп түседі.
ЭҮП арқылы мемлекеттік қызмет порталға жүгінген күні көрсетіледі.
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер:
1) мемлекеттік қызметті алу үшін пациент ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігі анықталған;
2) медициналық ұйымды еркін таңдау құқығы бойынша басқа әкімшілік-аумақтық бірлікте орналасқан жақын маңдағы емханаға тіркелетін шекара маңындағы аумақтарда тұратын адамдарды қоспағанда, МСАК көрсететін денсаулық сақтау субъектісі орналасқан пациенттің әкімшілік-аумақтық бірліктен (селоның, кенттің, қаланың, облыстық маңызы бар қаладағы ауданның, республикалық маңызы бар қаланың, астананың) тыс жерде нақты (тұрақты немесе уақытша) тұруын белгілеу;
4) жалпы практиканың бір дәрігеріне тіркелген халық санының артуы 1 700 аралас халық, учаскелік терапевт 2 200 адам, учаскелік педиатр – 0-ден 6 жасқа дейінгі 500 бала, МСАК ұйымын таңдау кезінде 0- ден 14 жасқа дейінгі 900 бала;
5) балалар мен жоғарыда көрсетілген адамдар тіркелген жағдайда заңды өкілдігін растайтын құжаттың болмауы болып табылады.
МСАК ұйымы ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингі мақсатында ақпараттық жүйеге «МСАК көрсететін медициналық ұйымға тіркеу» мемлекеттік қызмет көрсету туралы деректерді енгізуді қамтамасыз етеді.
10. Бекіту негіздемелері:
1) тұрақты немесе уақытша тұратын жерін бір әкімшілік-аумақтық бірлік шегінен тыс жерге бір айдан асатын мерзімге шыға отырып немесе бір әкімшілік-аумақтық бірліктің ішінде өзгерту;
2) МСАК ұйымдарын бір әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде (ауыл, кент, қала, облыстық маңызы бар қаладағы аудан, республикалық маңызы бар қала, астана) еркін таңдауын жүзеге асыру;
3) қордың бір әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде (ауыл, кент, қала, облыстық маңызы бар қаладағы аудан, республикалық маңызы бар қала, астана) 15 қыркүйектен бастап 15 қараша аралығында бекіту науқанын (бұдан әрі - бекіту науқанын) жүргізу;
4) сақтандырушы мен сақтандыру ұйымының арасында жасалған ерікті медициналық сақтандыру шарты бойынша (бұдан әрі - ЕМС шарты), оның шеңберінде МСАК ұйымы сақтандырылған тұлғаға медициналық қызмет көрсетеді;
5) өңірлік комиссия айқындаған бір әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде (ауыл, кент, қала, облыстық маңызы бар қаладағы аудан, республикалық маңызы бар қала, астана) МСАК ұйымына бекітумен келіспеу;
6) МСАК ұйымының азаматтарға МСАК көрсетуден бас тарту, соның ішінде қордың көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартын бұзуға немесе өзгертуге әкеп соғатын оны қайта ұйымдастыру, тарату;
7) медициналық қызметтерді көрсетуге үміткер МСАК ұйымдарына медициналық көрсетілетін қызметтердің көлемін орналастырмау;
8) жаңадан пайдалануға берілетін денсаулық сақтау ұйымдарының пайда болуы;
9) жекешелендіру арқылы мемлекеттік кәсіпорын болып табылатын МСАК ұйымын иеліктен шығару.
11. Осы Қағидалардың 10-тармағының 1) - 5) тармақшаларымен көзделген негіздемелер бойынша МСАК ұйымдарына бекіту тұлғаның ЭҮП арқылы электрондық өтініш беру жолымен жүзеге асырылады.
12. Бекіту науқаны кезінде МСАК ұйымына бекітілген тұлғалар қормен қызметтерді сатып алу шартын жасасқан жағдайда келесі жылғы 1 қаңтардан бастап МСАК алады.
13. Осы Қағидалардың 10-тармағының 4) тармақшасына сәйкес бекітілген тұлға ЕМС шарты шеңберінде медициналық көмек көрсететін МСАК ұйымынан МСАК алады.
14. МСАК ұйымдары тұратын жері бойынша бекітілген тұлғаларды МСАК көрсету тоқтатылғандығы туралы:
1) көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартын бұзған немесе өзгерткен күніне дейін кемінде күнтізбелік отыз күн бұрын;
2) МСАК ұйымын қайта ұйымдастыру немесе тарату туралы белгілі болған күннен бастап күнтізбелік екі күннің ішінде;
3) қордың медициналық көрсетілетін қызметтердің көлемдерін орналастырмайтындығы туралы белгілі болған күннен бастап күнтізбелік екі күннің ішінде жазбаша хабардар етеді.
«Бекітілген халықты тіркеу» ақпараттық жүйесінде телефон нөмірі (электрондық поштаның мекенжайы) болған кезде, МСАК ұйымы халықты МСАК көрсету тоқтатылғандығы туралы хабарлама жолдау арқылы хабардар етеді.
15. Осы Қағидалардың 10-тармағының 6)-9) тармақшаларымен көзделген негіздемелер бойынша МСАК ұйымдарына тұлғаларды бекітуді бөлу туралы бұйрықтың негізінде қабылдаған өңірлік комиссияның хаттамасын қордан алған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде ақпараттандыру ұйымы жүзеге асырады.
Бөлу туралы бұйрықты денсаулық сақтау басқармалары қорға жыл сайын 20 қарашаға дейін жібереді және денсаулық сақтау басқармаларының интернет-ресурстарында орналастырылады.
Қадамдық қолжетімділікті ескере отырып, МСАК көрсететін жаңадан пайдалануға берілетін денсаулық сақтау объектілерін бөлу туралы бұйрықты денсаулық сақтау басқармалары шығарады және жаңадан пайдалануға берілетін объектінің басшысына тіркелген жазбаша хабарлама берілген күннен бастап 7 жұмыс күні ішінде қорға жібереді.
Адамдарды өңірлік комиссия хаттамасының негізінде МСАК ұйымдарына бекіткеннен кейін МСАК ұйымдары бекітілген тұлғаларды олардың тұрғылықты жері бойынша жазбаша хабардар етеді. «Бекітілген халықты тіркеу» ақпараттық жүйесінде телефон нөмірі (электрондық поштаның мекенжайы) болған кезде, МСАК ұйымы тұлғаларды хабарлама жіберу, сондай-ақ өзге де тыйым салынбаған ақпарат құралдар арқылы хабардар етеді.
Өңірлік комиссия айқындаған МСАК ұйымына келіспеген жағдайда, тұлға осы Қағидалардың 10-тармағының 5) тармақшасында көзделген негіздеме бойынша бекітуді өзгертуге өтініш береді.
16. ТМККК шеңберінде және МӘМС жүйесінде МСАК көрсететін жекеше медициналық практикамен айналысатын жеке тұлғаларға бекіту осы Қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.
3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
17. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері қызметкерлерінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі.
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 25-бабының 2-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оның тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
18. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілген қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.
Медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдарына бекіту қағидаларына қосымша
«Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымға бекіту» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1 |
Қызмет берушінің атауы |
МСАК ұйымы |
2 |
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері |
1. МСАК ұйымы арқылы мынадай адамдарға: 1) зейнеткерлер; 2) мүгедектер; 3) қамқоршылар тағайындалған заң бойынша бала кезінен мүгедектер (осы санаттағы жеке тұлғалар, кәмелетке толғандар болуы мүмкін), сондай-ақ қорғаншылар немесе қамқоршылар, патронаттық тәрбиешілер және басқа да оларды алмастыратын адамдар ҚР заңнамасына сәйкес балаға қамқорлық жасауды, білім, тәрбие беруді, баланың құқықтары мен мүдделерін қорғауды жүзеге асыратын басқа да заңды өкілдері); 4) колонияларда өтеуші сотталғандар (өтеу орны бойынша); 5) студенттер, сондай-ақ медреседе оқитын студенттер; 6) мерзімді қызмет әскери қызметшілері; 7) шет мемлекеттерде туған балалар; 8) сәбилер, жетімдер, қарттар үйлері және т. б.; 9) сенімхат бойынша бекітуді ресімдейтіндер. 2. ЭҮП. |
3 |
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі |
1) МСАК ұйымына құжаттарды тапсырған сәттен бастап, сондай – ақ портал арқылы жүгінген кезде - 1 (бір) жұмыс күні; 2) құжаттарды тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 30 (отыз) минут; 3) қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут. |
4 |
Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны |
электрондық (толық автоматтандырылған) /қағаз түрінде |
5 |
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі |
1) медициналық ұйымға бекіту туралы талон; 2) электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭҚҚ) қол қойылған электрондық құжат форматында бекіту туралы хабарлама (талон); 3) дәлелді бас тарту. |
6 |
Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері |
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет тегін көрсетіледі. |
7 |
Жұмыс кестесі |
1) МСАК ұйымы – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс (жексенбі) және мереке күндерінен басқа, дүйсенбі – сенбі аралығында (дүйсенбі – жұма – үзіліссіз сағат 8.00-ден бастап 20.00-ге дейін, сенбі – сағат 9.00-ден 14.00-ге дейін). Бұл ретте мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға сұраныс көрсетілетін қызметті берушінің жұмысы аяқталғанға дейін 2 сағат бұрын қабылданады (жұмыс күндері 18.00-ге дейін, сенбі күні 12.00-ге дейін); 2) ЭҮП – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады). |
8 |
Мемлекеттік қызметтер көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі |
1. Документы, необходимые для оказания государственной услуги при обращении определенного контингента в организации ПМСП: МСАК ұйымдарына белгілі бір контингент жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар: 1) жеке басын сәйкестендіру үшін жеке басын куәландыратын құжат; 2) зейнеткерлер – зейнеақы куәлігі; 3) мүгедектер-зейнетақы куәлігі немесе медициналық-әлеуметтік сараптаманы куәландыру актісінен үзінді; 4) қамқоршылар тағайындалған заң бойынша бала кезінен мүгедектер (жеке тұлғалар осы санаттағы болуы мүмкін кәмелетке толған), сондай-ақ қорғаншылар немесе қамқоршылар, патронаттық тәрбиешілер және басқа да оларды алмастыратын тұлғалар ҚР заңнамасына сәйкес балаға қамқорлық жасауды, білім, тәрбие беретін, баланың құқықтары мен мүдделерін қорғауды (заңды өкілдері) сот шешімі немесе басқа құжат) қамқоршылық, қорғаншылық және т. б.; 5) колонияларда өтеуші сотталғандар, әскери қызметшілер – өңірлердің «Денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының бұйрығымен құрылған «БХТ» АЖ-ға тұрғындарды МСАК-ға бекітуді (бекітуді) тіркеу мәселелерін қарау жөніндегі комиссияның хаттамасы; студенттер (18 жасқа дейінгі балалар), сондай– ақ медреседе 6) оқитын студенттер (18 жасқа дейінгі балалар) - жоғары оқу орны ректорының БМСК-дегі ресми өтініші және оқу орны мен БМСК арасындағы комиссияның хаттамасы; 7) ҚР шегінен тыс жерлерде туған балалар – шет мемлекетте туғанын растайтын құжат; 8) медициналық-әлеуметтік мекемелер (балалар үйлері, балалар үйі, қарттар үйі және т. б.) – облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті атқарушы органдарының шешімі; 9) сенімхат бойынша тіркеуді ресімдеуші - сенімхат. 2. порталға: электрондық түрде сұрау салу. |
9 |
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау; 2) медициналық ұйымды еркін таңдау құқығы бойынша басқа әкімшілік-аумақтық бірлікте орналасқан жақын жердегі емханаға бекітілетін шекаралас аумақтарда тұратын адамдарды қоспағанда, қызметті алушының медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін денсаулық сақтау субъектісі орналасқан әкімшілік-аумақтық бірлік шегінен (ауыл, кент, қала, облыстық маңызы бар қаладағы аудан, республикалық маңызы бар қала, астана) тыс нақты (тұрақты немесе уақытша) тұруын белгілеу; 3) бекітілген халықтың саны бір жалпы практика дәрігеріне 1700 адам аралас халық, учаскелік терапевтке 2200 адам, учаскелік педиатрға 6 жасқа дейін 500 бала, 14 жасқа дейін 900 баладан асуы. 4) балалар бекітілген жағдайда заңды өкілдігін растайтын құжаттың болмауы. |
10 |
Мемлекеттік қызмет көрсетудің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар |
Өзге талаптар «Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсету қағидаларын және Медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдарына бекіту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 281 бұйрығының «Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсету қағидалары» деген 2-тарауында көрсетілген. Пациент порталда тіркелген субъектінің ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы бір реттік парольді беру жолымен немесе портал хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарламаны жіберу жолымен электрондық нысанда мемлекеттік қызметті алуға мүмкіндігі бар. Пациенттің ЭЦҚ болған жағдайда портал арқылы электрондық нысанда мемлекеттік қызметті алуға мүмкіндігі бар. |