Аң аулау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2015 жылғы 27 ақандағы № 18-03/157 бұйрығы.
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 20 мамырда № 11091 тіркелді
«Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 9-бабы 1-тармағының 57) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 27.03.2025 жылғы № 74 Бұйрығына сәйкес (02.06.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 13.04.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға жіберілуін;
1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 02.11.2018 жылғы № 446 Бұйрығына сәйкес (27.02.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 14.01.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Осы Аң аулау қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) «Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзiрлендi және Қазақстан Республикасының аумағында аң аулау тәртібін және мерзімін белгілейді.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 27.03.2025 жылғы № 74 Бұйрығына сәйкес (02.06.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 13.04.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) әуесқойлық (спорттық) аң аулау – спорттық, эстетикалық қажеттiлiктердi қанағаттандыру мақсатында және олжаланған өнiмдi жеке пайдалану үшiн аң аулау объектiсi болып табылатын жануарлар түрлерiн олжалау;
3) ұлттық аң аулау – аушы жыртқыш құстар мен аңшылық иттердің ұлттық тұқымдарын пайдаланып, әуесқойлық (спорттық) аң аулау объектісі болып табылатын жануарлар түрлерін олжалау.