Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 27.05.2016
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің "Б" корпусындағы  мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалау  әдістемесін бекіту туралы
 Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 20 сәуірдегі № 380 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 28 мамырда № 11210 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2016 жылғы 27 мамырдан бастап ҚР Ішкі істер министрінің 06.04.2016 жылғы № 353 Бұйрығына сәйкес
Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 21 қаңтардағы № 327 Жарлығымен бекітілген Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметіне жыл сайынғы бағалау жүргізу және оларды аттестаттаудан өткізу қағидаларының 27-тармағына, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 86 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың үлгілік әдістемесінің 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің «Б» корпусындағы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалау әдістемесі бекітілсін.
2. Кадр жұмысы департаментінің бастығы (А.Ү. Әбдіғалиев) белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді және оны мерзімді баспасөз басылымдары мен «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жариялауды;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары полиция генерал-майоры М.Ғ. Демеуовке және Кадр жұмысы департаментіне (А.Ү. Әбдіғалиев) жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Министр полиция генерал-лейтенанты Қ. Қасымов
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2015 жылғы 20 сәуірдегі
 № 380 бұйрығымен
 бекітілді
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің «Б» корпусындағы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың әдістемесі
1. Осы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің «Б» корпусындағы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалау әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) «Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметіне жыл сайынғы бағалау жүргізу және оларды аттестаттаудан өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 21 қаңтардағы № 327 Жарлығын іске асыру мақсатында әзірленді және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің (бұдан әрі - қызметшілер) қызметін жыл сайынғы бағалау әдістерін белгілейді.
2. Қызметшілердің қызметін жыл сайынғы бағалау (одан әрі - бағалау) олардың жұмыс тиімділігі мен сапасын анықтау үшін жүргізіледі.
3. Бағалау мемлекеттік қызметте болған әрбір жыл өткен сайын, көрсетілген мерзім басталған күннен бастап үш айдан кешіктірілмей, бірақ осы лауазымға орналасқан күннен бастап алты айдан ерте емес мерзiмде жүргізіледі.
1) қызметшінің тікелей басшысының бағалауынан;
2) айналмалы бағалаудан (қызметшінің қарамағындағы немесе олардың әріптестерінің бағалауынан);
3) қызметшінің қорытынды бағалаудан тұрады.
Қызметшінің тікелей басшысы оның лауазымдық нұсқаулығына сәйкес өзі бағынатын адам болып табылады.
Полная версия
ИС BestProfi