Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 01.01.2016
Әлеуметтік-еңбек саласындағы кәсіби стандарттарды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 690 бұйрығы. 
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 14 ақпанда № 9151 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 15.12.2015 жылғы № 971 Бұйрығына сәйкес
Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 138-5 бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1) «Үйде әлеуметтік көмек көрсету» кәсіби стандарты осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес;
2) «Зейнетақы мен жәрдемақы төлеу жөніндегі қызметтерді ұйымдастыру» кәсіби стандарты осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес;
3) «Жұмыспен орталықтарының(қызметтерінің) қызметтерін ұйымдастыру» кәсіби стандарты осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес;
4) «Медициналық-әлеуметтік мекемелер (ұйымдар) лауазымдары»  кәсіби стандарты осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес;
5) Белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдарға арналған әлеуметтік бейімдеу жөніндегі қызметтерді ұйымдастыру» кәсіби стандарты осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес;
6) «Протездік-ортопедиялық бұйымдарды әзірлеу және қызметтер» кәсіби стандарты осы бұйрыққа 6-қосымшасыға сәйкес бекітілсін.
2. Еңбек және әлеуметтік әріптестік департаменті (А.Ә. Оспанов) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтын орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Қ.Б. Әбсаттаровқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрінің
2013 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 690 бұйрығына
1-қосымша
«Үйде әлеуметтік көмек көрсету» кәсіби стандарты
1. «Үйде әлеуметтік көмек көрсету» кәсіби стандарты (бұдан әрі – КС) біліктілік, құзыреттілік деңгейіне, еңбек мазмұнына, сапасына және жағдайларына қойылатын талаптарды айқындайды және ол мыналарға:
1) еңбек нарығының қазіргі кездегі сұранысына жауап беретін біліктілік талаптарын жаңарту үшін кәсіптік қызметтің мазмұнына қойылатын бірыңғай талаптарды әзірлеуге;
2) персоналды басқару саласындағы кең ауқымды міндеттерді шешуге (персоналды уәждендіру және ынталандыру жүйелерін, лауазымдық нұсқаулықтарды; персоналды іріктеу, таңдау және аттестаттау, мансапты жоспарлау жүйелерін әзірлеуге);
3) персоналды кәсіпорындарда оқытудың, кәсіби білім берудің барлық деңгейінде білім беру бағдарламаларын қалыптастыруға, сондай-ақ осы бағдарламаларға оқу-әдістемелік материалдарды әзірлеуге;
Полная версия
ИС BestProfi