|
Р/с №
|
Біліктілік талаптары
|
Біліктілік талабын растайтын құжат(-тар)
|
Ескертпе
|
|
1
|
2
|
3
|
4
|
|
Жедел iздестiру іс-шараларын жүргiзуге арналған арнайы техникалық құралдарды (бұдан әрі – АТҚ) әзірлеу және өндіру бойынша
|
|
1.
|
Заңды немесе жеке тұлға мәртебесі
|
Біліктілік талаптарына сәйкестікті растау туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны осы бiлiктiлiк талаптарына 1-қосымшаға сәйкес (бұдан әрі – мәліметтер нысаны)
|
«Е-лицензиялау» мемлекеттік деректер қорын пайдалану арқылы тексеріледі (бұдан әрі – ЕЛ МДҚ)
|
|
2.
|
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 27 қыркүйектегі № 500 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17564 болып тіркелген) Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің мамандықтары мен біліктіліктерінің сыныптауышына сәйкес «Есептеу техникасы және ақпараттық желілер (түрлері бойынша)» «Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері», «Бағдарламалық қамтамасыз ету (түрлері бойынша)», «Электротехника және энергетика», «Электроника және автоматтандыру», «Робототехника және кірістірілетін жүйелер (салалар бойынша), «Сандық техника (түрлері бойынша)», «Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар» мамандығы бойынша техникалық білімі бар маман немесе ұқсас шетелдік білімі бар маман
|
Мәліметтер нысаны
|
|
|
3.
|
Мәлімделген адамдардың білім деңгейін бағалау, ол АТҚ-ны әзірлеу, өндіру, жөндеу және өткізу бойынша біліктілік сынағының нәтижелері бойынша жүзеге асырылады. Біліктілік сынағын тапсыруға арналған сұрақтар тізбесін лицензиар белгілейді
|
|
Біліктілік сынағын тапсыру өтініш берушінің, лицензиаттың қызметті жүзеге асыратын жері бойынша лицензиардың бөлімшесінде жүзеге асырылады
|
|
4.
|
Мәлімделген қызмет түрі бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларын құрайтын мәліметтер мен жұмыс жүргізуге Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарының рұқсаты
|
Мәліметтер нысаны
|
Осы талапқа сәйкестік өтініш берушінің, лицензиаттың қызметін жүзеге асыратын орны бойынша лицензиар бөлімшенің тексеруімен расталады
|
|
5.
|
Осы біліктілік талаптарына 2-қосымшаға сәйкес жедел iздестiру іс-шараларын (бұдан әрі – ЖІІ) жүргiзуге арналған АТҚ-ны әзірлеу, өндіру, жөндеу және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін ең аз техникалық құралдар мен бақылау-өлшеу жабдықтарының жинағы
|
Мәліметтер нысаны
|
Осы талапқа сәйкестік өтініш берушінің, лицензиаттың қызметін жүзеге асыратын орны бойынша лицензиар бөлімшенің тексеруімен расталады
|
|
6.
|
Арнайы бөлінген өндірістік үй-жай (меншік құқығында немесе өзге заңды негізде)
|
Мәліметтер нысаны
|
Осы талапқа сәйкестік өтініш берушінің, лицензиаттың қызметін жүзеге асыратын жер бойынша лицензиар бөлімшесі жүзеге асыратын тексеру арқылы расталады
|
|
7.
|
Әзірленетін және өндірілген АТҚ-ны сақтауға арналған арнайы бөлінген үй-жай (меншік құқығында немесе өзге заңды негізде).
Бұл ретте үй-жай:
1) терезелері темір тормен (егер үй-жай алғашқы немесе соңғы қабаттарда орналасса);
2) автоматтандырылған күзет және өрттен қорғау сигнализациясы жүйелерімен;
3) құлыпталатын және мөрленетін темір есіктермен;
4) мөрленетін кемінде бір темір шкафпен жабдықталуы тиіс
|
Мәліметтер нысаны
|
Осы талапқа сәйкестік өтініш берушінің, лицензиаттың қызметін жүзеге асыратын жер бойынша лицензиар бөлімшесі жүзеге асыратын тексеру арқылы расталады
|
|
8.
|
Лицензиатқа қойылатын қосымша талаптар:
1) осы біліктілік талаптарына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әзірленген және өндірілген ЖІІ жүргізуге арналған АТҚ туралы жарты жылда бір рет электрондық есеп ұсыну;
2) мынадай жағдайларда ЖІІ жүргізуге арналған АТҚ әзірлеуді жүзеге асыру: осы біліктілік талаптарына 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ЖІІ жүргізуге арналған АТҚ әзірлеу туралы лицензиарды хабардар ету; лицензиарға ЖІІ жүргізуге арналған АТҚ әзірленген үлгі нұсқасын және зерттеу, тесттік пайдалану үшін құжаттамаларды ұсыну;
3) ЖІІ жүргізуге арналған АТҚ өндірісін мынадай шарттарда жүзеге асыру: осы біліктілік талаптарына 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ЖІІ жүргізуге арналған АТҚ өндіру туралы лицензиарды хабардар ету; ЖІІ жүргізуге арналған өндірілетін АТҚ конструкторлық құжаттамаларын ұсыну;
4) әзірленген және (немесе) әзірлеушінің (өндірушінің) сақталуындағы АТҚ даналарын, сондай-ақ оларға құжаттаманы меншік нысанына қарамастан тиісті лицензия негізінде, оның ішінде тек қана өнімді көрсету, оны лицензиардың келісімімен тестілік пайдалану мақсатында жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын немесе өткізетін үшінші адамдарға тұрақты немесе уақытша пайдалануға беру;
|
Мәліметтер нысаны
|
Осы талапқа сәйкестік мәліметтер нысанын тексеру арқылы расталады
|
|
АТҚ-ны жөндеу және өткізу бойынша
|
|
9.
|
Заңды немесе жеке тұлға мәртебесі
|
Мәліметтер нысаны
|
ЕЛ МДҚ-ны пайдалану арқылы тексеріледі
|
|
10.
|
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 27 қыркүйектегі № 500 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17564 болып тіркелген) Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің мамандықтары мен біліктіліктерінің сыныптауышына сәйкес «Есептеу техникасы және ақпараттық желілер (түрлері бойынша)» «Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері», «Бағдарламалық қамтамасыз ету (түрлері бойынша)», «Электротехника және энергетика», «Электроника және автоматтандыру», «Робототехника және кірістірілетін жүйелер (салалар бойынша), «Сандық техника (түрлері бойынша)», «Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар» мамандығы бойынша техникалық білімі бар маман немесе ұқсас шетелдік білімі бар маман
|
Мәліметтер нысаны
|
|
|
11.
|
Мәлімделген адамдардың білім деңгейін бағалау, ол АТҚ-ны әзірлеу, өндіру, жөндеу және өткізу бойынша біліктілік сынақтың нәтижелері бойынша жүзеге асырылады. Біліктілік сынақты тапсыруға арналған сұрақтар тізбесін лицензиар белгілейді
|
|
Біліктілік сынағын тапсыру өтініш берушінің, лицензиаттың қызметті жүзеге асыратын жері бойынша лицензиардың бөлімшесінде жүзеге асырылады
|
|
12.
|
Мәлімделген қызмет түрі бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларын құрайтын мәліметтермен жұмыс жүргізуге Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарының рұқсаты
|
Мәліметтер нысаны
|
Осы талапқа сәйкестік өтініш берушінің, лицензиаттың қызметін жүзеге асыратын жер бойынша лицензиар бөлімшесі жүзеге асыратын тексеру арқылы расталады
|
|
13.
|
Осы біліктілік талаптарына 2-қосымшаға сәйкес ЖІІ жүргiзуге арналған АТҚ-ны әзірлеу, өндіру, жөндеу және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін ең аз техникалық құралдар мен бақылау-өлшеу жабдықтарының жинағы
|
Мәліметтер нысаны
|
Осы талапқа сәйкестік өтініш берушінің, лицензиаттың қызметін жүзеге асыратын жер бойынша лицензиар бөлімшесі жүзеге асыратын тексеру арқылы расталады
|
|
14.
|
Арнайы бөлінген үй-жай (меншік құқығында немесе өзге заңды негізде).
Бұл ретте үй-жай:
1) терезелері темір тормен (егер үй-жай алғашқы немесе соңғы қабаттарда орналасса);
2) автоматтандырыл-ған күзет және өрттен қорғау сигнализациясы жүйелерімен;
3) құлыпталатын және мөрленетін темір есіктермен;
4) мөрленетін кемінде бір темір шкафпен жабдықталуы тиіс
|
Мәліметтер нысаны
|
Осы талапқа сәйкестік өтініш берушінің, лицензиаттың қызметін жүзеге асыратын жер бойынша лицензиар бөлімшесі жүзеге асыратын тексеру арқылы расталады
|
|
15.
|
Лицензиатқа қойылатын қосымша талаптар:
1) осы біліктілік талаптарына 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өткізілген ЖІІ жүргізуге арналған АТҚ туралы тоқсан сайынғы электрондық есепті ұсыну;
2) осы біліктілік талаптарына 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жөнделген ЖІІ жүргізуге арналған АТҚ туралы жыл сайынғы электрондық есепті ұсыну;
3) осы біліктілік талаптарына 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ЖІІ жүргізуге арналған АТҚ сатып алу және өткізу жасалған шарттар (келісімшарттар) туралы лицензиарды хабардар еткен жағдайларда жүзеге асырылады;
4) осы біліктілік талаптарына 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ЖІІ жүргізуге арналған АТҚ жөндеу жасалған шарттар (келісімшарттар) туралы лицензиарды хабардар еткен жағдайларда жүзеге асырылады;
5) өткізілетін немесе жөнделетін АТҚ, сондай-ақ оған құжаттаманы меншік нысандарына қарамастан үшінші адамдарға тек лицензиардың келісімі бойынша тұрақты немесе уақытша пайдалануға беру
|
Мәліметтер нысаны
|
Осы талапқа сәйкестік мәліметтер нысанын тексеру арқылы расталады
|