Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 25.03.2018
Қазақстан Республикасының кедендерін, кеден бекеттерін және бақылау-өткізу пункттерін құру, санатқа бөлу, сыныптау қағидаларын, сондай-ақ оларды жайластыру мен материалдық-техникалық жарақтандырудың тиесілік нормаларын және оларға қойылатын үлгілік талаптарды бекіту туралы
 Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 26 наурыздағы № 205 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 27 сәуірде № 10811 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2018 жылғы 25 наурызынан бастап ҚР Қаржы министрінің 20.02.2018 ж. № 250 Бұйрығына сәйкес
«Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы»Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 30 маусымдағы Кодексінің 2-бабының 2-тармағының 3-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1) Осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының кедендерін, кеден бекеттерін және бақылау-өткізу пункттерін құру, санатқа бөлу, сыныптау қағидасы;
2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес кедендерді, кеден бекеттерін және бақылау-өткізу пункттерін жайластыру мен материалдық-техникалық жарақтандырудың тиесілік нормалары;
3) осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес кедендерді, кеден бекеттерін және бақылау-өткізу пункттерін жайластыру мен материалдық-техникалық жарақтандыруға қойылатын үлгілік талаптары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетіне (Д.Е. Ерғожин) заңнамамен белгіленген тәртіпте:
1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден өткізгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімдік баспа басылымдарда және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін. 
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Б. Сұлтанов
Қазақстан Республикасы
 Қаржы министрінің
2015 жылғы 26 наурыздағы
 № 205 бұйрығына
 1-қосымша
Қазақстан Республикасының кедендерін, кеден бекеттерін және бақылау-өткізу пункттерін құру, санатқа бөлу, сыныптау қағидалары
1. Осы Қазақстан Республикасының кедендерін, кеден бекеттерін және бақылау-өткізу пункттерін құру, санатқа бөлу, сыныптау қағидалары «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 30 маусымдағы Кодексінің 2-бабының 2-тармағының 3-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және кедендерді, кеден бекеттерін және бақылау-өткізу пункттерін құру, санатқа бөлу, сыныптау тәртібін айқындайды.
2. Кедендер мемлекеттік кірістер органдарының жүйесіне кіреді және мемлекеттік мекемелер нысанында заңды тұлғалар болып табылатын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің аумақтық органдары болып табылады.
3. Кеден бекеттері және бақылау-өткізу пункттері мемлекеттік кірістер органдарының жүйесіне кіреді және облыстар, Астана, Алматы қалалары бойынша Мемлекеттік кірістер департаменттерінің және кеденнің бөлімшелері болып табылады.
4. Кедендер, кеден бекеттері және бақылау-өткізу пункттері, жіктеуге қатысты, сыртқы экономикалық операциялардың көлемі бойынша, халықаралық қатынас түрі, мәртебесі, жұмыс режимі, қатынас сипаты, жұмыс істеу тәртібі бойынша санаттауға жатады.
2. Кедендерді, кеден бекеттерін және бақылау-өткізу пункттерін құру тәртібі
Полная версия
ИС BestProfi