Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 7-1/68 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 22 мамырда № 11127 тіркелді
«Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 38) тармақшасына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 30.12.2020 жылғы № 412 Бұйрығына сәйкес (20.08.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 17.01.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 02.02.2023 жылғы № 48 Бұйрығына сәйкес (30.12.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 18.02.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі
______________Ә. Исекешев
2015 жылғы 15 сәуір
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
________________Е. Досаев
2015 жылғы 22 сәуір
1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 24.04.2019 жылғы № 26 Бұйрығына сәйкес (09.06.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 16.02.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Осы Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 8-бабы 38) тармақшасына, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заң) 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру тәртібін, сондай-ақ «Ветеринариялық паспорт беру» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) көрсету тәртібін айқындайды.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 30.12.2020 жылғы № 412 Бұйрығына сәйкес (20.08.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 17.01.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 02.02.2023 жылғы № 48 Бұйрығына сәйкес (30.12.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 18.02.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-1. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
Осы Қағидалар 1-1-тармақпен толықтырылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 30.12.2020 жылғы № 412 Бұйрығына сәйкес (өзгерту 17.01.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқор (бұдан әрі – дерекқор) – диагностикалық зерттеулер нәтижелерін қоса алғанда, жануардың жеке нөмірі туралы, оны ветеринариялық дауалау туралы деректерді, сондай-ақ жануардың иесі туралы деректерді тіркеудің бірыңғай, көп деңгейлі жүйесін көздейтін, жергілікті атқарушы органдары құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар жүзеге асыратын және ветеринария саласындағы уәкілетті орган пайдаланатын ветеринариялық есепке алудың бөлігі;
2) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру – дерекқорға ауыл шаруашылығы жануары туралы мәліметтерді енгізе отырып және ветеринариялық паспорт бере отырып, бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдарды (құралдарды) пайдалану, таңбалау арқылы жануарларға жеке нөмір беруді қамтитын жануарларды есепке алу рәсімі;
3) ауыл шаруашылығы жануарларының жеке нөмірлерінің эмиссиясы (бұдан әрі – жеке нөмірлер эмиссиясы) – ауыл шаруашылығы жануарларының жеке нөмірлерінің дәйекті нөмірленуін айқындау жөніндегі іс-шаралар жиынтығы және оларды республиканың әкімшілік-аумақтық бірліктері бойынша бөлу;