«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1 тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Внимание! Документ утратил силу с 09.07.2020
Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласында көрсетілетін мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 186 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 28 мамырда № 11212 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2020 жылғы 09 шілдеден бастап ҚР Білім және ғылым министрінің 07.07.2020 жылғы № 286 Бұйрығына сәйкес
Редакция 22.10.2019 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қоса беріліп отырған:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру туралы құжаттардың телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
2) тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)
2-тармақша күшін жойды ҚР Білім және ғылым министрінің 17.10.2019 жылғы № 452 Бұйрығына сәйкес (11.01.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 22.10.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3) тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)
3-тармақша күшін жойды ҚР Білім және ғылым министрінің 17.10.2019 жылғы № 452 Бұйрығына сәйкес (11.01.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 22.10.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес «Білім беруге гранттарды тағайындау, сондай-ақ жоғары білім беру ұйымдарында білім алушыларға әлеуметтік қолдау көрсету» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін.
2. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім, халықаралық ынтымақтастық департаменті (Ж.Қ. Шаймарданов) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен соң осы бұйрықты ресми жариялауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Т.О. Балықбаевқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі А. Сәрінжіпов
КЕЛІСІЛДІ Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі ________________ Ә. Исекешев 2015 жылғы «___» ___________
КЕЛІСІЛДІ Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі ________________ Е. Досаев 2015 жылғы 23 сәуір
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 9 ақпандағы № 186 бұйрығына 1-қосымша
«Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі бiлiм беру туралы құжаттардың телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Стандарт өзгертілді ҚР Білім және ғылым министрінің 24.11.2015 жылғы № 654 Бұйрығымен (09.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 31.12.2015 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды Стандарт жаңа редакцияда жазылды ҚР Білім және ғылым министрінің 21.01.2016 жылғы № 55 Бұйрығына сәйкес (24.11.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.03.2016 жылдан бастап) Стандарт жаңа редакцияда жазылды ҚР Білім және ғылым министрінің 11.01.2018 жылғы № 11 Бұйрығына сәйкес (03.11.2017 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 26.02.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1-тарау. Жалпы ережелер
Полная версия