1. «Республикалық және өңірлік спорт федерацияларын аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
Внимание! Документ утратил силу с 16.06.2020
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 139 бұйрығына 1-қосымша
«Республикалық және өңірлік спорт федерацияларын аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Стандарт өзгертілді ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 26.11.2015 жылғы № 363 Бұйрығымен (17.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 18.01.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды Стандарт жаңа редакцияда жазылды ҚР Мәдениет және спорт министрінің 28.01.2016 жылғы № 19 Бұйрығына сәйкес (26.11.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.03.2016 жылдан бастап) Осы Стандарт күшін жойды 2020 жылғы 16 маусымнан бастап ҚР Мәдениет және спорт министрінің 29.05.2020 жылғы № 158 Бұйрығына сәйкес
Редакция 15.01.2019 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1-тарау. Жалпы ережелер
1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Мәдениет және спорт министрінің 25.12.2018 жылғы № 375 Бұйрығына сәйкес (03.07.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 15.01.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрліктің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Мемлекеттік қызметті көрсету өтінішін қабылдау және нәтижесін беру:
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);
«электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
2-тарау. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету тәртібі
2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Мәдениет және спорт министрінің 25.12.2018 жылғы № 375 Бұйрығына сәйкес (03.07.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 15.01.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:
1) құжаттар топтамасын Мемлекеттік корпорацияға тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде:
аккредиттеу туралы куәлікті беру – күнтізбелік 15 (он бес) күн;
аккредиттеу туралы куәлікті қайта ресімдеу – күнтізбелік 5 (бес) күн;
аккредиттеу туралы куәліктің телнұсқасын беру – күнтізбелік 5 (бес) күн.
Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді.
Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік көрсетілетін қызмет мерзімінің аяқталуына бір күн қалғанда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін Мемлекеттік корпорацияға жолдайды;
2) құжаттар топтамасын Мемлекеттік корпорацияға тапсыру үшін рұқсат етілетін ең ұзақ күту уақыты – 15 (он бес) минут;
3) Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде рұқсат етілетін ең ұзақ қызмет көрсету уақыты – 15 (он бес) минут.
Полная версия

