Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 16.06.2020
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрінің
 2015 жылғы 17 сәуірдегі
 № 139 бұйрығына
 4-қосымша
«Қазақстан Республикасының еңбек сiңiрген спорт шеберi», «Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегi спорт шеберi», «Қазақстан Республикасының спорт шеберi», «Қазақстан Республикасының еңбек сiңiрген жаттықтырушысы» спорттық атақтары және біліктiлiгi жоғары деңгейдегi жоғары санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi орта деңгейдегi жоғары санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi жоғары санатты әдiскер, біліктiлiгi орта деңгейдегi жоғары санатты әдiскер, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi жоғары санатты нұсқаушы-спортшы, жоғары санатты ұлттық спорт төрешiсi, ұлттық спорт төрешiсi біліктілік санаттарын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Стандарт жаңа редакцияда жазылды ҚР Мәдениет және спорт министрінің 28.01.2016 жылғы № 19 Бұйрығына сәйкес (17.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.03.2016 жылдан бастап)
Осы Стандарт күшін жойды 2020 жылғы 16 маусымнан бастап ҚР Мәдениет және спорт министрінің 29.05.2020 жылғы № 158 Бұйрығына сәйкес
Редакция 30.09.2019 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1-тарау. Жалпы ережелер
1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Мәдениет және спорт министрінің 25.12.2018 жылғы № 375 Бұйрығына сәйкес (03.07.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 15.01.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. «Қазақстан Республикасының еңбек сiңiрген спорт шеберi», «Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегi спорт шеберi», «Қазақстан Республикасының спорт шеберi», «Қазақстан Республикасының еңбек сiңiрген жаттықтырушысы» спорттық атақтары және біліктiлiгi жоғары деңгейдегi жоғары санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi орта деңгейдегi жоғары санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi жоғары санатты әдiскер, біліктiлiгi орта деңгейдегi жоғары санатты әдiскер, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi жоғары санатты нұсқаушы-спортшы, жоғары санатты ұлттық спорт төрешiсi, ұлттық спорт төрешiсi біліктілік санаттарын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет). 
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрліктің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Мемлекеттік қызметті көрсету өтінішін қабылдау және нәтижесін беру:
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);
«электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
2-тарау. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету тәртібі
2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Мәдениет және спорт министрінің 25.12.2018 жылғы № 375 Бұйрығына сәйкес (03.07.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 15.01.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі: 
1) құжаттар топтамасын Мемлекеттік корпорацияға тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде – күнтізбелік 30 (отыз) күн.
Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді. 
Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік көрсетілетін қызмет мерзімінің аяқталуына бір күн қалғанда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін Мемлекеттік корпорацияға жолдайды;
2) құжаттар топтамасын Мемлекеттік корпорацияға тапсыру үшін рұқсат етілетін ең ұзақ күту уақыты – 15 (он бес) минут; 
3) Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде рұқсат етілетін ең ұзақ қызмет көрсету уақыты – 15 (он бес) минут.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (жартылай автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
6. Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9675 болып тіркелген «Спорттық атақтар, разрядтар және біліктілік санаттарын беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының 2014 жылғы 29 шілдедегі № 300 бұйрығымен бекітілген нысандар бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі спорттық атақты беру туралы куәлік, біліктілік санатын беру туралы куәлік немесе спорттық атақты, біліктілік санатын беру туралы бұйрықтың көшірмесі не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-1-тармағымен көзделген жағдайларда және негіздемелер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.
6-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Мәдениет және спорт министрінің 17.06.2016 жылғы № 169 Бұйрығына сәйкес (28.01.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 10.08.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Порталда – мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін Мемлекеттік корпорацияда алу үшін уәкілетті лауазымды адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырған мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесінің әзірлігі туралы хабардар ету.
Полная версия
ИС BestProfi