Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 16.06.2020
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрінің
 2015 жылғы 17 сәуірдегі
 № 139 бұйрығына
 6-қосымша
«2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-жасөспірімдік разрядты спортшы, 2-жасөспірімдік разрядты спортшы, 3-жасөспірімдік разрядты спортшы спорттық разрядтарын және біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, біліктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты нұсқаушы-спортшы, спорт төрешiсi біліктілік санаттарын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Стандарт жаңа редакцияда жазылды ҚР Мәдениет және спорт министрінің 28.01.2016 жылғы № 19 Бұйрығына сәйкес (17.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.03.2016 жылдан бастап)
Стандарттың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Мәдениет және спорт министрінің 25.12.2018 жылғы № 375 Бұйрығына сәйкес (03.07.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 15.01.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Стандарт күшін жойды 2020 жылғы 16 маусымнан бастап ҚР Мәдениет және спорт министрінің 29.05.2020 жылғы № 158 Бұйрығына сәйкес  
Редакция 15.01.2019 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1-тарау. Жалпы ережелер
1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Мәдениет және спорт министрінің 25.12.2018 жылғы № 375 Бұйрығына сәйкес (03.07.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 15.01.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. «2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-жасөспірімдік разрядты спортшы, 2-жасөспірімдік разрядты спортшы, 3-жасөспірімдік разрядты спортшы спорттық разрядтарын және біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, біліктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты нұсқаушы-спортшы, спорт төрешiсi біліктілік санаттарын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Мәдениет және спорт министрінің 25.12.2018 жылғы № 375 Бұйрығына сәйкес (03.07.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 15.01.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі (бұдан әрі – Министрлік)  әзірледі.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы ауданының жергілікті атқарушы органның дене шынықтыру және спорт саласындағы функцияларды жүзеге асыратын тиісті құрылымдық бөлімшелер (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Мемлекеттік қызметті көрсету өтінішін қабылдау және нәтижесін беру «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады. 
2-тарау. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету тәртібі
2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Мәдениет және спорт министрінің 25.12.2018 жылғы № 375 Бұйрығына сәйкес (03.07.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 15.01.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі: 
1) құжаттар топтамасын Мемлекеттік корпорацияға тапсырған сәттен бастап – күнтізбелік 30 (отыз) күн.
Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді.
Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік көрсетілетін қызмет мерзімінің аяқталуына бір күн қалғанда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін Мемлекеттік корпорацияға жолдайды;
2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін рұқсат етілетін ең ұзақ күту уақыты – 15 (он бес) минут; 
3) рұқсат етілетін ең ұзақ қызмет көрсету уақыты – 15 (он бес) минут.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.
6. Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9675 болып тіркелген «Спорттық атақтар, разрядтар және біліктілік санаттарын беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының 2014 жылғы 29 шілдедегі № 300 бұйрығымен бекітілген нысандар бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі спорттық разрядты беру туралы куәлік, біліктілік санатын беру туралы куәлік не спорттық разрядты беру туралы, біліктілік санатын беру туралы бұйрықтың көшірмесі не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-1-тармағымен көзделген жағдайларда және негіздемелер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.
6-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Мәдениет және спорт министрінің 17.06.2016 жылғы № 169 Бұйрығына сәйкес (28.01.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 10.08.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
6-тармақтың орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгеріссіз қалды ҚР Мәдениет және спорт министрінің 25.12.2018 жылғы № 375 Бұйрығына сәйкес
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
7. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі. 
Полная версия
ИС BestProfi