Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 23 шілдедегі № 579 қаулысы
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 23 шілдедегі № 579 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. «Ұлттық мәдени игілік объектілерінің мемлекеттік тізілімін жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 18 сәуірдегі № 310 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 12, 139-құжат).
2. «Тарих және мәдениет ескерткіштерін анықтау, есепке алу, оларға мәртебе беру және одан айыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 2 қарашадағы № 1032 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 42, 486-құжат).
3. «Ойын бизнесін ұйымдастырушының біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттардың тізбесі мен нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 қарашадағы № 1261 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 60, 859-құжат).
4. «Лотереяларды ұйымдастыру және өткізу, сондай-ақ ойын бизнесі саласындағы қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 28 желтоқсандағы № 1716 қаулысының 3-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 6, 131-құжат).
5. «Лотерея қызметі және ойын бизнесі саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 ақпандағы № 116 қаулысының 2-тармағының 1) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 8, 76-құжат).
6. «Мұрағат ісі саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 наурыздағы № 183 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 15, 127-құжат).
Полная версия