«Ойын бизнесі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңының 7-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Ойын бизнесін ұйымдастырушының біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттардың тізбесі мен нысандарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 қарашадағы № 1261 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды ҚР Үкіметінің 23.07.2015 жылғы № 579 Қаулысына сәйкес "Ойын бизнесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабымен белгіленген, ойын бизнесін ұйымдастырушының біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттардың тізбесі мен нысандарын бекіту туралы" ҚР Мәдениет және спорт министрінің 30.03.2015 жылғы № 115 Бұйрығын қараңыз
Редакция 19.02.2014 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қоса беріліп отырған:
2) ойын бизнесін ұйымдастырушының біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттардың нысандары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 қарашадағы № 1261 қаулысымен бекітілген
Ойын бизнесін ұйымдастырушының біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттардың тізбесі
Тізбе өзгертілді ҚР Үкіметінің 28.12.2012 № 1716 Қаулысымен (01.11.2011 жылғы редакцияны қараңыз).(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Тізбе өзгертілді ҚР Үкіметінің 19.02.2014 жылғы № 116 Қаулысымен (28.12.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 01.05.2014 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Р/с |
Біліктілік талаптары мыналарды қамтиды: |
Біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар |
Ескертпе |
1 |
2 |
3 |
4 |
Букмекер кеңсесі үшін |
|||
1. |
ойын бизнесі саласындағы қызмет түрлерін жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген санитариялық-эпидемиологиялық және өртке қарсы нормаларға сәйкес келетін меншік құқығындағы немесе өзге де заңды негіздегі ғимараттың (ғимарат, құрылыс, үй-жай бөлігінің) болуы; |
меншік немесе мүліктік жалдау (сенімгерлік басқару және өзге де шарт нысандары) құқығында ғимараттың (ғимарат, құрылым, құрылыс бөлігінің) болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны*; |
|
2. |
меншік құқығындағы ойын жабдықтарының болуы; |
өтініш берушінің қолымен және мөрімен куәландырылған, көрсетілген ойын жабдығына меншік құқығын растайтын құжаттардың көшірмелері бар ойын жабдығы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны*; |
|
3. |
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен күзет қызметін жүзеге асыруға арналған лицензия алған заңды тұлғалармен шарттардың болуы; |
күзет қызметін жүзеге асыруға заңнамада белгіленген тәртіппен лицензия алған заңды тұлғалармен жасалған шарттың (шарттардың) болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны*; |
|
4. |
ойын мекемесі жұмысының, ставкалар қабылдаудың және өткізілетін құмар ойындарының және (немесе) бәс тігудің мемлекеттік және орыс тілдерінде әзірленген қағидаларының болуы; |
ойын мекемесі жұмысының, ставкаларды қабылдаудың және өткізілетін бәс тігудің мемлекеттік және орыс тілдеріндегі қағидалары – құжаттың электрондық көшірмесі нысанында; |
еркін нысанда |
5. |
өтініш берушіде әрбір ойын мекемесі үшін «Ойын бизнесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен айқындалатын міндетті резервтер түріндегі (тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштерде) ойын бизнесі саласында мынадай қызмет түрлерін жүзеге асыру үшін: букмекер кеңселерін – 20000 мөлшерінде қамтамасыз етудің болуы; |
бірінші талап ету бойынша салымды беру шартымен (талап етілгенге дейінгі салым) тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген 20000 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде салым ашуға Қазақстан Республикасының аумағындағы екінші деңгейдегі банкпен жасалған шартты – құжаттың электрондық көшірмесі нысанында; |
|
6. |
кассалар тізімі туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны* |
||
Тотализатор үшін |
|||
1. |
ойын бизнесі саласындағы қызмет түрлерін жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген санитариялық-эпидемиологиялық және өртке қарсы нормаларға сәйкес келетін меншік құқығындағы немесе өзге де заңды негіздегі ғимараттың (ғимарат, құрылыс, үй-жай бөлігінің) болуы; |
меншік немесе мүліктік жалдау (сенімгерлік басқару және өзге де шарт нысандары) құқығында ғимараттың (ғимарат, құрылым, құрылыс бөлігінің) болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны**; |
|
2. |
меншік құқығындағы ойын жабдықтарының болуы; |
өтініш берушінің қолымен және мөрімен куәландырылған, көрсетілген ойын жабдығына меншік құқығын растайтын құжаттардың көшірмелері бар бірге ойын жабдығы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны**; |
|
3. |
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен күзет қызметін жүзеге асыруға арналған лицензия алған заңды тұлғалармен шарттардың болуы; |
күзет қызметін жүзеге асыруға заңнамада белгіленген тәртіппен лицензия алған заңды тұлғалармен жасалған шарттың (шарттардың) болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны**; |
|
4. |
ойын мекемесі жұмысының, ставкалар қабылдаудың және өткізілетін құмар ойындарының және (немесе) бәс тігудің мемлекеттік және орыс тілдерінде әзірленген қағидаларының болуы; |
ойын мекемесі жұмысының, ставкаларды қабылдаудың және өткізілетін бәс тігудің мемлекеттік және орыс тілдеріндегі қағидалары – құжаттың электрондық көшірмесі нысанында; |
еркін нысанда |
5. |
өтініш берушіде әрбір ойын мекемесі үшін «Ойын бизнесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен айқындалатын міндетті резервтер түріндегі (тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштерде) ойын бизнесі саласында мынадай қызмет түрлерін жүзеге асыру үшін: тотализаторларды – 5000 мөлшерінде қамтамасыз етудің болуы; |
бірінші талап ету бойынша салымды беру шартымен (талап етілгенге дейінгі салым) тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген 5000 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде салым ашуға Қазақстан Республикасының аумағындағы екінші деңгейдегі банкпен жасалған шартты – құжаттың электрондық көшірмесі нысанында; |
|
6. |
кассалар тізімі туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны** |
||
Казино үшін |
|||
1. |
ойын бизнесі саласындағы қызмет түрлерін жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген санитариялық-эпидемиологиялық және өртке қарсы нормаларға сәйкес келетін меншік құқығындағы немесе өзге де заңды негіздегі ғимараттың (ғимарат, құрылыс, үй-жай бөлігінің) болуы; |
меншік немесе мүліктік жалдау (сенімгерлік басқару және өзге де шарт нысандары) құқығында ғимараттың (ғимарат, құрылым, құрылыс бөлігінің) болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны***; |
|
2. |
меншік құқығындағы ойын жабдықтарының болуы; |
өтініш берушінің қолымен және мөрімен куәландырылған, көрсетілген ойын жабдығына меншік құқығын растайтын құжаттардың көшірмелері бар ойын жабдығы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны***; |
|
3. |
қолданылатын заңдастырылған белгілердің мемлекеттік және орыс тілдеріндегі үлгілері мен номинацияларының болуы; |
қолданылатын заңдастырылған белгілердің мемлекеттік және орыс тілдеріндегі үлгілері мен номинацияларының болуы – құжаттың электрондық көшірмесі нысанында; |
|
4. |
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен күзет қызметін жүзеге асыруға арналған лицензия алған заңды тұлғалармен шарттардың болуы; |
күзет қызметін жүзеге асыруға заңнамада белгіленген тәртіппен лицензия алған заңды тұлғалармен жасалған шарттың (шарттардың) болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны***; |
|
5. |
ойын мекемесі жұмысының, ставкалар қабылдаудың және өткізілетін құмар ойындарының және (немесе) бәс тігудің мемлекеттік және орыс тілдерінде әзірленген қағидаларының болуы; |
ойын мекемесі жұмысының, ставкаларды қабылдаудың және өткізілетін құмар ойындарының мемлекеттік және орыс тілдеріндегі қағидалары – құжаттың электрондық көшірмесі нысанында; |
еркін нысанда |
6. |
өтініш берушіде әрбір ойын мекемесі үшін «Ойын бизнесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен айқындалатын міндетті резервтер түріндегі (тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштерде) ойын бизнесі саласында мынадай қызмет түрлерін жүзеге асыру үшін: казино – 25000 мөлшерінде қамтамасыз етудің болуы |
бірінші талап ету бойынша салымды беру шартымен (талап етілгенге дейінгі салым), тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 25000 мөлшерінде салым ашуға Қазақстан Республикасының аумағындағы екінші деңгейлі банкпен жасалған шартты – құжаттың электрондық көшірмесі нысанында |
|
Ойын автоматтары залы үшін |
|||
1. |
ойын бизнесі саласындағы қызмет түрлерін жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген санитариялық-эпидемиологиялық және өртке қарсы нормаларға сәйкес келетін меншік құқығындағы немесе өзге де заңды негіздегі ғимараттың (ғимарат, құрылыс, үй-жай бөлігінің) болуы; |
меншік немесе мүліктік жалдау (сенімгерлік басқару және өзге де шарт нысандары) құқығында ғимараттың (ғимарат, құрылым, құрылыс бөлігінің) болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны****; |
|
2. |
меншік құқығындағы ойын жабдықтарының болуы; |
өтініш берушінің қолымен және мөрімен куәландырылған, көрсетілген ойын жабдығына меншік құқығын растайтын құжаттардың көшірмелері бар ойын жабдығы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны****; |
|
3. |
қолданылатын заңдастырылған белгілердің мемлекеттік және орыс тілдеріндегі үлгілері мен номинацияларының болуы; |
қолданылатын заңдастырылған белгілердің мемлекеттік және орыс тілдеріндегі үлгілері мен номинацияларының болуы – құжаттың электрондық көшірмесі нысанында; |
|
4. |
әр ойын автоматына арналған сәйкестік сертификаты – құжаттың электрондық көшірмесі нысанында; |
||
5. |
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен күзет қызметін жүзеге асыруға арналған лицензия алған заңды тұлғалармен шарттардың болуы; |
күзет қызметін жүзеге асыруға заңнамада белгіленген тәртіппен лицензия алған заңды тұлғалармен жасалған шарттың (шарттардың) болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны****; |
|
6. |
ойын мекемесі жұмысының, ставкалар қабылдаудың және өткізілетін құмар ойындарының және (немесе) бәс тігудің мемлекеттік және орыс тілдерінде әзірленген қағидаларының болуы; |
ойын мекемесі жұмысының, ставкаларды қабылдаудың және өткізілетін құмар ойындарының мемлекеттік және орыс тілдеріндегі қағидалары – құжаттың электрондық көшірмесі нысанында; |
еркін нысанда |
7. |
өтініш берушіде әрбір ойын мекемесі үшін «Ойын бизнесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен айқындалатын міндетті резервтер түріндегі (тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштерде) ойын бизнесі саласында мынадай қызмет түрлерін жүзеге асыру үшін: ойын автоматтары залдары – 25000 мөлшерінде қамтамасыз етудің болуы |
бірінші талап ету бойынша салымды беру шартымен (талап етілгенге дейінгі салым) тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген 25000 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде салым ашуға Қазақстан Республикасының аумағындағы екінші деңгейдегі банкпен жасалған шартты – құжаттың электрондық көшірмесі нысанында |
* Ойын бизнесін ұйымдастырушының букмекер кеңсесі қызметін жүзеге асыру үшін біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттардың тізбесіне 1-қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны;
** Ойын бизнесін ұйымдастырушының тотализатор қызметін жүзеге асыру үшін біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттардың тізбесіне 2-қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны;
*** Ойын бизнесін ұйымдастырушының казино қызметін жүзеге асыру үшін біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттардың тізбесіне 3-қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны;
**** Ойын бизнесін ұйымдастырушының ойын автоматтары залы қызметін жүзеге асыру үшін біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттардың тізбесіне 4-қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 қарашадағы № 1261 қаулысымен бекітілген
Нысаны
Ойын жабдығының тізбесі
Орны: __________________________________________
Меншік иесі: __________________________________
№ | Ойын жабдығының түрі | Дайындаушы зауыт, сериялы № | Сәйкестік сертификатының деректері | Тестілеу күні | Ұтыс пайызы | Техникалық жағдайы |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
М.О. қолы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 қарашадағы № 1261 қаулысымен бекітілген
Нысаны
Кассалар тізімі*
____________________________________________________________
өтінім берушінің атауы
______________________________________________________________
ойын бизнесінің саласын, ойын мекемесінің орналасқан жерін, оның атауын көрсету
№ | Елді мекен | Орналасқан жері | Электрондық кассаның мекенжайы |
1 | 2 | 3 | 4 |
*Кассалардың ашылуы немесе қолданыстағы кассалардың орналасқан жерінің өзгеруі кезінде 10 күнтізбелік күн ішінде уәкілетті органға кассалардың өзгертілген тізімін ұсынуға міндеттенемін
М.О. қолы