Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 37-1 бабының 8-1 тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын ерекше маңызды топтық және оқшау сумен жабдықтау жүйелерінен ауыз су беру жөніндегі көрсетілетін қызметтер құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 ақпандағы № 161 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11299 тіркелді
Редакция 17.08.2021 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қоса беріліп отырған Ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды топтық және оқшау жүйелерінен ауыз су беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялау қағидасы бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі Е. Досаев
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі _____________ Мамытбеков А. 2015 жылғы 8 мамыр
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 ақпандағы № 161 бұйрығымен бекiтiлген
Ауызсумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын аса маңызды топтық және оқшау сумен жабдықтау жүйелерінен ауызсу беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялау қағидалары
Осы Қағидалар өзгертілді ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 27.06.2019 жылғы № 445 Бұйрығымен (28.02.2015 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 20.07.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) Осы Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 27.07.2021 жылғы № 394 Бұйрығына сәйкес (27.06.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 17.08.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Ауызсумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын аса маңызды топтық және оқшау сумен жабдықтау жүйелерінен ауызсу беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Су кодексінің (бұдан әрі – Су кодексі) 37-1-бабының 8-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және Су кодексінің 37-бабының 1-тармағының 7-9) тармақшасына және 39-бабы екінші бөлігінің 1) тармақшасына сәйкес тиісінше су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау, су бұру саласындағы уәкілетті орган немесе облыстардың жергілікті атқарушы органдары бекіткен тізбелер бойынша ауызсумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын аса маңызды топтық және оқшау сумен жабдықтау жүйелерінен (бұдан әрі – сумен жабдықтау жүйелері) ауызсу беру жөніндегі көрсетілетін қызметтердің құнын республикалық бюджет туралы заңнамада немесе мәслихаттардың тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджеттер туралы шешімдерінде көзделген қаражат, республикалық бюджетте бекітілген сомалар шегінде республикалық бюджеттен төмен тұрған бюджеттерге берілетін бюджеттік субвенциялар есебінен және шегінде субсидиялау (бұдан әрі – субсидиялар) тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) әкімші – облыстың жергілікті атқарушы органының тұрғын үй-коммуналдық қатынастар саласына жетекшілік ететін, облыс әкімі айқындайтын құрылымдық бөлімшесі;
2) бюджет қаражатын алушылар – бюджет қаражатын бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі арқылы алатын және оларды бюджеттік бағдарламаларды іске асыру шеңберінде пайдаланатын жеке және заңды тұлғалар;
3) жергілікті сумен жабдықтау жүйелері – бір елді мекеннің тұтынушыларына ауызсу беруді қамтамасыз ететін жүйелер;
Полная версия