Близость слов: Окончание:





Жылу энергиясын пайдалану қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 18 желтоқсандағы № 211 бұйрығы. 
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2015 жылы 12 ақпанда № 10234 тіркелді
Редакция 15.11.2025 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі туралы ереженің 15-тармағы 273) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 11.03.2025 жылғы № 126-н/қ Бұйрығына сәйкес (10.05.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.07.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Қоса беріліп отырған Жылу энергиясын пайдалану қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Электр энергетикасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: 
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін оны күнтізбелік он күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
Добавить абзац
________________ Е. Досаев
Добавить абзац
2015 жылғы 9 қаңтар
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2014 жылғы 18 желтоқсандағы
№ 211 бұйрығымен бекітілген
Жылу энергиясын пайдалану қағидалары
Қағидалар өзгертілді ҚР Энергетика министрінің 30.11.2015 жылғы № 678 Бұйрығымен (18.12.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 13.01.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Қағидалар өзгертілді ҚР Энергетика министрінің 31.05.2016 жылғы № 228 Бұйрығымен (30.11.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2017 жылдан бастап)
Қағидалар өзгертілді ҚР Энергетика министрінің 14.06.2017 жылғы № 199 Бұйрығымен (31.05.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 29.08.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Қағидалар өзгертілді ҚР Энергетика министрінің 07.07.2021 жылғы № 227 Бұйрығымен (14.06.2017 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 30.07.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қағидалар өзгертілді ҚР Энергетика министрінің 10.05.2023 жылғы № 177 Бұйрығымен (07.07.2021 ж. редакцияны қараңыз)
Осы Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 11.03.2025 жылғы № 126-н/қ Бұйрығына сәйкес (10.05.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.07.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Осы Жылу энергиясын пайдалану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі туралы ереженің 15-тармағы 273) тармақшасына сәйкес әзірленді және жылу энергиясын пайдалану тәртібін айқындайды.
Жылу энергетикасы субъектілері арасында туындайтын қатынастар Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде (бұдан әрі – ӘРПК), Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде, «Жылу энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңында (бұдан әрі – Заң), осы Қағидаларда және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде айқындалады.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар мен анықтамалар пайдаланылады:
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 29.10.2025 жылғы № 417-н/ қ Бұйрығына сәйкес (11.03.2025 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 15.11.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) есепке алу торабы – жылу энергиясын есепке алуды қамтамасыз ететін аспаптар мен құрылғылар жүйесі;
2) есептік жылу жүктемесі – сыртқы ауаның есептік температурасы кезінде бір сағат ішінде ғимараттың микроклиматының нормаланған параметрлерін ұстап тұру үшін талап етілетін жылу энергиясының мөлшері;
Полная версия
ИС BestProfi