«Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 22) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Жылу энергиясын пайдалану қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 18 желтоқсандағы № 211 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2015 жылы 12 ақпанда № 10234 тіркелді
Редакция 29.05.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Электр энергетикасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін оны күнтізбелік он күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр В. Школьник
«КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі Добавить абзац ________________ Е. Досаев Добавить абзац 2015 жылғы 9 қаңтар
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 18 желтоқсандағы № 211 бұйрығымен бекітілген
Жылу энергиясын пайдалану қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 07.07.2021 жылғы № 227 Бұйрығына сәйкес (14.06.2017 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 30.07.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Осы Жылу энергиясын пайдалану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңы (бұдан әрі – Заң) 5-бабының 22) тармақшасына сәйкес әзірленді және жылу энергиясын пайдалану тәртібін айқындайды.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 07.07.2021 жылғы № 227 Бұйрығына сәйкес (14.06.2017 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 30.07.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Энергия өндіруші, энергия беруші, энергиямен жабдықтаушы ұйымдар мен жылу энергиясын тұтынушылар арасында туындайтын қатынастар Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде, Заңда және осы Қағидаларда айқындалады.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар мен анықтамалар қолданылады:
1) есепке алу торабы – жылу энергиясын есепке алуды қамтамасыз ететін аспаптар мен құрылғылар жүйесі;
2) есептік жылулық жүктемесі – сыртқы ауаның есептік температурасы кезінде бір сағат ішінде ғимараттағы микроклиматтың мөлшерленген параметрлерін ұстап тұру үшін талап етілетін жылу энергиясының мөлшері.
Полная версия