БҰЙЫРАМЫН:
Внимание! Документ утратил силу с 14.01.2016
"Қазақстан Республикасының индустриалдық - инновациялық қызметін мемлекеттік қолдау туралы заңнамасында көзделген, мемлекеттік сатып алу веб-порталымен интеграцияланған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер мен оларды жеткізушілердің дерекқорына енгізілген отандық тауар өндірушілерден сатып алу туралы ақпаратты ескере отырып, есептілікті жинау, қорыту және талдау қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2014 жылғы 26 ақпандағы № 77 бұйрығына өзгерістер мен толықтыруды енгізу туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 22 маусымдағы № 372 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 22 шілдеде № 11713 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2016 жылғы 14 қаңтардан бастап ҚР Қаржы министрінің 28.12.2015 жылғы № 693 Бұйрығына сәйкес
1. «Қазақстан Республикасының индустриалдық-инновациялық қызметін мемлекеттік қолдау туралы заңнамасында көзделген, мемлекеттік сатып алу веб-порталымен интеграцияланған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер мен оларды жеткізушілердің дерекқорына енгізілген отандық тауар өндірушілерден сатып алу туралы ақпаратты ескере отырып, есептілікті жинау, қорыту және талдау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2014 жылғы 26 ақпандағы № 77 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 28 наурызда № 9280 тіркелді, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 24 сәуірде жарияланды) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңының 14-бабының 3) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының индустриалдық-инновациялық қызметін мемлекеттік қолдау туралы заңнамасында көзделген, мемлекеттік сатып алу веб-порталымен интеграцияланған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер мен оларды жеткізушілердің дерекқорына енгізілген отандық тауар өндірушілерден сатып алу туралы ақпаратты ескере отырып, есептілікті жинау, қорыту және талдау қағидасында:
«Осы Қазақстан Республикасының индустриалдық-инновациялық қызметін мемлекеттік қолдау туралы заңнамасында көзделген, мемлекеттік сатып алу веб-порталымен интеграцияланған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер мен оларды жеткізушілердің дерекқорына енгізілген отандық тауар өндірушілерден сатып алу туралы ақпаратты ескере отырып, есептілікті жинау, қорыту және талдау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 3) тармақшасына сәйкес әзірленді.»;
«4. Өткізілген тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы есептер мен Қазақстан Республикасының индустриалдық-инновациялық қызметін мемлекеттік қолдау туралы заңнамасында көзделген, мемлекеттік сатып алу веб-порталымен интеграцияланған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер мен оларды жеткізушілердің дерекқорына енгізілген отандық тауар өндірушілерден сатып алу көлемдері туралы ақпарат осы Қағидаларға тиісінше 1–29-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік сатып алу веб-порталында автоматты режимде қалыптастырылады.»;
«6. Мемлекеттік сатып алу жүйесінің субъектілері ұсынған есептік деректер автоматты режимде қорытындыланады және мемлекеттік сатып алудың веб-порталында осы Қағидаларға 1–29-қосымшаларға сәйкес жиынтық есептілік түрінде қалыптастырылады.»;
«9. Уәкілетті орган, одан әрі мүдделі органдарға ұсыну және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің статистикалық бюллетенінде жариялау мақсатында жинау, қорыту және талдау жолымен өткізілген тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы есептер мен Қазақстан Республикасының индустриалдық-инновациялық қызметін мемлекеттік қолдау туралы заңнамасында көзделген, мемлекеттік сатып алу веб-порталымен интеграцияланған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер мен оларды жеткізушілердің дерекқорына енгізілген отандық тауар өндірушілерден сатып алу туралы ақпараттың жиынтық деректерін қалыптастырады.»;
көрсетілген Қағидаларға 1, 2, 3 және 4-қосымшалар осы бұйрыққа 1, 2, 3 және 4-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттiк сатып алу заңнамасы департаментi (С.М.Ахметов) заңнамада белгiленген тәртiппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Полная версия