«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 23-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің мемлекеттік кірістер органына салық төлеуші - жеке тұлға төлейтін мүлік, көлік құралдары салықтары мен жер салығын жинау жөніндегі квитанцияларды пайдалану, сондай-ақ салық сомасын банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға тапсыру туралы есептер беру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 18 ақпандағы № 103 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 19 наурызда № 10515 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2018 жылғы 5 наурыздан бастап ҚР Қаржы министрінің 26.01.2018 ж. № 72 Бұйрығына сәйкес
1. Қоса беріліп отырған Кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің мемлекеттік кірістер органына салық төлеуші - жеке тұлға төлейтін мүлік көлік құралдары салықтары мен жер салығын жинау жөніндегі квитанцияларды пайдалану, сондай-ақ салық сомасын банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға тапсыру туралы есептер беру қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті заңнамамен белгіленген тәртіпте (Д.Е. Ерғожин):
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оны мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Б. Сұлтанов
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 18 ақпандағы № 103 бұйрығымен бекітілген
Кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің мемлекеттік кірістер органына салық төлеуші - жеке тұлға төлейтін мүлік, көлік құралдары салықтары мен жер салығын жинау жөніндегі квитанцияларды пайдалану, сондай-ақ салық сомасын банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға тапсыру туралы есептер беру қағидалары
1. Осы Кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің (бұдан әрі - әкімдер) мемлекеттік кірістер органына салық төлеуші - жеке тұлға төлейтін мүлік, көлік құралдары салықтары мен жер салығын жинау жөніндегі квитанцияларды (бұдан әрі - квитанциялар) пайдалану, сондай-ақ салық сомасын банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға тапсыру туралы есептер беру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексінің (Салық кодексі) 23-бабына сәйкес әзірленген.
2. Қағидалар әкімдердің мемлекеттік кірістер органына осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша салық төлеуші - жеке тұлға төлейтін мүлік, көлік құралдары салықтары мен жер салығын жинау бойынша квитанцияларды пайдалану туралы (бұдан әрі - 1-есеп), сондай-ақ осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша салықтардың сомасын банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға тапсыру туралы есептерді (бұдан әрі - 2-есеп) беру тәртібін және мерзімдерін белгілейді.
3. 1 және 2-есептерді әкімдер мемлекеттік және орыс тілдерінде қағаз тасығышта екі данада жасайды:
1) бірінші дана мемлекеттік кірістер органына беріледі;
2) екінші дана әкімде қалады.
1 және 2-есептердің қағаз тасығыштарына Word және Ехсеl форматтарындағы есептер электрондық тасығыштарда (компакт-диск, флешка) қоса беріледі.
4. Әкімдер есептерді мемлекеттік кірістер органына өздерінің орналасқан жері бойынша береді.
1-есеп есепті айдан кейінгі айдың 10-күнін кешіктірілмей, осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша ай сайын беріледі.
1-есепке пайдаланылған квитанциялардың көшірмелері, оның ішінде бүлінген немесе жарамсыз квитанциялардың көшірмелері, ал квитанция жоғалған жағдайда - осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша салық төлеуші - жеке тұлға төлейтін мүлік, көлік құралдары салықтары мен жер салығын жинау бойынша квитанциялар жоғалғаны туралы актіні қоса береді.
2-есеп он күн сайын айдың 3, 13, 23-күндерінен кешіктірілмей беріледі. 2-есепке осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша салық төлеуші - жеке тұлғалар төлейтін мүлік, көлік құралдары салықтары мен жер салығын жинау тізілімі қоса беріледі.
Көлік қарым-қатынасы мәселелері туындаған жағдайда, әкімдер 2-есепті факс арқылы немесе электрондық почтамен (сканерленген нұсқасын) ұсынуға құқылы. Бұл ретте, 2-есепті факс арқылы немесе электрондық почтамен ұсынған жағдайда, 2-есептің түпнұсқасы ол факс арқылы немесе электрондық почтамен түскен күнінен бастап 15 жұмыс күн ішінде беріледі. Осы шарт сақталған кезде 2-есептің факс арқылы немесе электрондық почтамен түскен күні түскен күні болып есептелінеді.
5. Есептерді қабылдауға және одан әрі пайдалануға жауапты мемлекеттік кірістер органының қызметкері 1 және 2-есептерді олар нақты берілген күні қабылдайды және оларды қабылдағаны туралы есептердің екінші данасына белгі қояды.
Кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің мемлекеттік кірістер органына салық төлеуші - жеке тұлға төлейтін мүлік, көлік құралдары салықтары мен жер салығын жинау жөніндегі квитанцияларды пайдалану, сондай-ақ салық сомасын банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға тапсыру туралы есептер беру қағидаларына 1-қосымша
Нысан
___________________________________________салық төлеуші - жеке тұлға төлейтін мүлік, көлік құралдары (Кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімі аппаратының атауы) салықтары мен жер салығын жинау бойынша квитанцияларды пайдалану туралы 20_____жылғы_______ үшін есеп
№ р/н | Салықтарды жинау жөніндегі квитанциялар туралы мәліметтер | |||||
Квитанцияларды пайдалануы | Саны | Сериясы | Нөмірі (№ бастап № дейін) | |||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | ||
1 | Есепті кезеңнің басындағы квитанциялар қалдығы |
|
|
| ||
2 | Есепті кезеңде алынған квитанциялар |
|
|
| ||
3 | Есепке қоса берілген, пайдаланылған квитанциялардың көшірмелері |
|
|
| ||
4 | Есепке қоса берілген, жарамсыз квитанциялар |
|
|
| ||
5 | Есепке қоса берілген, бүлінген квитанциялар |
|
|
| ||
6 | Жоғалған квитанциялар |
|
|
| ||
7 | Алынған квитанциялар (ескі үлгідегі) |
|
|
| ||
8 | Есеп беретін күнге пайдаланылмаған квитанциялардың қалдығы |
|
|
| ||
Жоғалғаны туралы акті қосымша____парақта(рда) беріліп отыр. |
| Есепті қабылдаған мемлекеттік кірістер органының қызметкері | ||||
________________________(Әкімнің немесе оны ауыстыратын тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде) | (қолы, МО) | _______________________ | ||||
(Әкім аппаратының есепті жасауға жауапты қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде) | ___________ _______ |
| ||||
Есептің жасалған күні: 20__ жылғы «__»________________ |
| Есептің жасалған күні: 20__ жылғы «__»________________ |
Кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің мемлекеттік кірістер органына салық төлеуші - жеке тұлға төлейтін мүлік, көлік құралдары салықтары мен жер салығын жинау жөніндегі квитанцияларды пайдалану, сондай-ақ салық сомасын банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға тапсыру туралы есептер беру қағидаларына 2-қосымша
Нысан
___________________________салықтардың сомасын банкке немесе банк (кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімі аппаратының атауы) операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға тапсыру туралы 20___жылғы «__»__________бастап «___»_________дейінгі кезеңдерге есеп
№ Р/н | Квитанцияның мәліметтері | Банктің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың төлем құжатының деректері | ||||||||||||
Сериясы | нөмірі | Квитанцияны берген күні | Квитанция бойынша салықтың жалпы сомасы (теңге) (5 баған=6 баған+ 7 баған + 8 баған + 9 баған) | соның ішінде | ||||||||||
сома (теңгемен) | ||||||||||||||
ағымдағы жыл бойынша | өткен жылдарды ң бересісі | өсімпұл | айыппұл | Бюджетті к сыныптам а коды | нөмі рі және күні | Сомасы (теңгем ен) | ||||||||
6 | 2 | 3 | 4 | 5 |
| 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | |||
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
| |||
|
| Есепті қабылдаған мемлекеттік кірістер органының қызметкері | ||||||||||||
________________________(Әкімнің немесе оны ауыстыратын тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)) | (қолы, МО) | _______________________ | ||||||||||||
(Әкім аппаратының есепті жасауға жауапты қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)) | ___________ _______ |
| ||||||||||||
Есептің жасалған күні: 20__ жылғы «__»________________ |
| Есептің жасалған күні: 20__ жылғы «__»________________ |
Кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің мемлекеттік кірістер органына салық төлеуші - жеке тұлға төлейтін мүлік, көлік құралдары салықтары мен жер салығын жинау жөніндегі квитанцияларды пайдалану, сондай-ақ салық сомасын банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға тапсыру туралы есептер беру қағидаларына 3-қосымша
Нысан
________________________________________
(Облыстың, ауданның, кенттің, ауылдың,
ауылдық округтің атауы)
20__жылғы «___» _________________________ салық төлеуші - жеке тұлға төлейтін мүлік, көлік құралдары салықтары мен жер салығын жинау бойынша квитанциялар жоғалғаны туралы акт
Мен,_________________________________________________________________
(квитанцияның (квитанциялардың) жоғалғаны туралы акт жасауға
қатысатын әкімнің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
және әкім аппаратының қызметкері
_____________________________________________________________________
(әкім аппаратының квитанцияны (квитанцияларды) жоғалтқан
қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
салық төлеуші - жеке тұлға төлейтін мүлік, көлік құралы салықтары мен жер салығын жинау жөніндегі квитанцияның (квитанциялардың) жоғалғаны туралы осы актіні жасадық:
р/с | Саны | Сериясы | Нөмірі (№ бастап № дейін) |
№ |
|
|
|
1 | 2 | 3 | 4 |
|
|
|
|
| Жиыны: |
|
|
Квитанцияның (квитанциялардың) жоғалған жағдайлары мен себептері:____
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Кенттің, ауылдың,
ауылдық округтің әкімі ______________________ _______________
(тегі, аты, әкесінің аты (қолы)
(болған жағдайда))
Кенттің, ауылдың,
ауылдық округтің
әкімі аппаратының қызметкері ________________________ ___________
(тегі, аты, әкесінің аты (қолы)
(болған жағдайда))
Кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің мемлекеттік кірістер органына салық төлеуші - жеке тұлға төлейтін мүлік, көлік құралдары салықтары мен жер салығын жинау жөніндегі квитанцияларды пайдалану, сондай-ақ салық сомасын банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға тапсыру туралы есептер беру қағидаларына 4-қосымша
Нысан
Салық төлеуші - жеке тұлғалар төлейтін мүлік, көлік құралдары салықтары мен жер салығын жинау тізілімі
20_____жылғы «___»________№_____________ (банктің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның төлем кұжатының нөмірі мен күні)
р/с № | Салық төлеуші - жеке тұлғаның салық төлеушілерд і тіркеу нөмірі немесе жеке сәйкестенді ру нөмірі(болғ ан жағдайда) | Салық төлеуші - жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда ) | Квитанцияның нөмірі | Квитанцияның күні | Бюджеттік сыныптама коды | Төлем мақсаты (салық, өсімпұл, айыппұл) | Сомасы (теңге) | ||
|
|
|
|
|
|
|
| ||
|
|
|
|
|
|
|
| ||
|
|
|
|
|
|
|
| ||
|
|
|
|
|
|
|
| ||
|
| Тізілімде қабылдаған мемлекеттік кірістер органының қызметкері | |||||||
________________________(Әкімнің немесе оны ауыстыратын тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) | (қолы, МО) | _______________________ | |||||||
(Әкім аппаратының есепті жасауға жауапты қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) | ___________ _______ |
| |||||||
Тізілімнің жасалған күні: 20__ жылғы «__»________________ |
| Тізілімнің кабылданған күні: 20__ жылғы «__»________________ |