«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 23-3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік құрылыс инспекторларын аттестаттау қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 27 қарашадағы № 113 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 6 қаңтарда № 10057 тіркелді
1. Қоса беріліп отырған Сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік құрылыс инспекторларын аттестаттау қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті (Б.А. Смағұлов) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі Қайырбек Айтбайұлы Өскенбаевқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр Е. Досаев
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 27 қарашадағы № 113 бұйрығымен бекітілген
Сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік құрылыс инспекторларын аттестаттау қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік құрылыс инспекторларын аттестаттау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік құрылыс инспекторларын (бұдан әрі - инспекторлар) аттестаттау өткізу тәртібін белгілейді.
2. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі - уәкілетті орган) мемлекеттік құрылыс инспекторлары, бас мемлекеттік құрылыс инспекторлары, бас мемлекеттік құрылыс инспекторларының орынбасарлары және облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мемлекеттік құрылыс инспекторлары аттестаттауға жатады.
3. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган - сәулет, қала құрылыс және құрылыс қызметін мемлекеттік басқару саласында басшылықты жүзеге асыратын орталық мемлекеттік орган;
2) Қазақстан Республикасының бас мемлекеттік құрылыс инспекторы - сәулет, қала құрылысы, құрылыс және мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы істері жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың қызметіне мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыратын уәкілетті орган ведомствосының басшысы (бұдан әрі - ведомствоның басшысы);
3) Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік құрылыс инспекторының орынбасарлары - сәулет, қала құрылысы, құрылыс және мемлекеттік сәулет- құрылыс бақылауы істері жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың қызметіне мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыратын уәкілетті орган басшысының орынбасарлары;
4) мемлекеттік құрылыс инспекторлары - лауазымдық міндеттеріне сәулет, қала құрылысы, құрылыс және мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы істері жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың қызметін бақылау кіретін уәкілетті органның штаттағы қызметкерлері;
Полная версия