Қазақстан Республикасы Құрылыс Кодексінің 24-бабының 59) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
Сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауын жүзеге асыратын мемлекеттік құрылыс инспекторларын аттестаттаудан өткізу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026 жылғы 29 мамырдағы № 275 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 29 мамырда № 38838 болып тіркелді
1. Қоса беріліп отырған Сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауын жүзеге асыратын мемлекеттік құрылыс инспекторларын аттестаттаудан өткізу қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. «Сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік құрылыс инспекторларын аттестаттау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 27 қарашадағы № 113 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілері мемлекттік тіркеу тізілімінде № 10057 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануы тиіс.
Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі Е. Нагаспаев
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі
Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026 жылғы 29 мамырдағы № 275 Бұйрығына қосымша
Сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауын жүзеге асыратын мемлекеттік құрылыс инспекторларын аттестаттаудан өткізу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауын жүзеге асыратын мемлекеттік құрылыс инспекторларын аттестаттаудан өткізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республика Құрылыс кодексінің 24-бабының 59) тармақшасына сәйкес әзірленді және мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауын жүзеге асыратын мемлекеттік құрылыс инспекторларын аттестаттаудан өткізу тәртібін айқындайды (бұдан әрі - инспекторлар).
2. Аттестаттауға Қазақстан Республикасының бас мемлекттік құрылыс инспекторы, сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы уәкілетті органның мемлекеттік құрылыс инспекторлары, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың бас мемлекеттік құрылыс инспекторлары мен мемлекеттік құрылыс инспекторларының жатады.
3. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар қолданылады:
1) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) - мемлекеттік басқару, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында басшылықты, сондай-ақ өз құзыреті шегінде салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
2) Қазақстан Республикасының бас мемлекеттік құрылыс инспекторы - жергілікті атқарушы органдардың сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы қызметіне мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті орган мемлекеттік ведомствосының басшысы (бұдан әрі - ведомство басшысы);
3) уәкілетті органның мемлекттік құрылыс инспекторлары - уәкілетті органның штаттық қызметкерлері, олардың лауазымдық міндеттеріне жергілікті атқарушы органдардың сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы қызметіне бақылау жасау, сондай-ақ мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауды жүзеге асыру кіреді;
Полная версия

