2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 14-бабының 1-тармағы 4) тармақшасына, 140-бабының 1-тармағы 3) тармақшасына, 149 және 150-баптарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Внимание! Документ утратил силу с 22.08.2023

Бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобаларын әзірлеу бойынша нұсқаулықты бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 346 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 3 маусымда № 11256 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жояды 2023 жылғы 22 тамыздан бастап ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 02.08.2023 жылғы № 289 Бұйрығына сәйкес
1. Осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес Бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобаларын әзірлеу туралы нұсқаулық бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Экономиканың инфрақұрылымын дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес жер қатынастары саласындағы кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушы М. Құсайынов
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі _______________ Ә. Исекешев 2015 жылғы 4 мамыр
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Энергетика министрі _______________ В. Школьник 2015 жылғы 24 сәуір
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 346 бұйрығына 1-қосымша
Бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобаларын әзірлеу бойынша нұсқаулық
1-бөлім. Жалпы ережелер
1. Осы Нұсқаулық Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 14-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына, 140-бабының 1-тармағы 3) тармақшасына, 149 және 150-баптарына сәйкес әзірленді және пайдалы қазбалар кен орындарын дайындау, геологиялық барлау, іздестіру, құрылыс және басқа жұмыстарды орындау кезінде бүлінген жерді, топырақ қабатын қалпына келтіру жобаларын әзірлеуді нақтылайды.
2. Осы Нұсқаулықта қолданылатын негізгі түсініктер:
1) аз қолданылатын тау жыныстары – өсімдіктердің өсуіне қолайсыз физикалық және (немесе) химиялық қасиеті бар тау жыныстары;
2) аршу жыныстары – ашық игеру процесінде қазып алынуға және тасымалдануға жататын пайдалы қазбаларды жабатын және өзіне сыйдыратын кен жыныстар;
Полная версия