Банкрот мүлкін сату бойынша электрондық аукционды өткізу қағидаларын бекіту және оны ұйымдастырушыны айқындау туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 17 наурыздағы № 178 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 17 сәуірде № 10753 тіркелді
Осы Бұйрықтың тақырыбының орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгеріссіз қалды ҚР Қаржы министрінің 09.01.2019 жылғы № 5 Бұйрығына сәйкес (17.03.2015 ж. редакцияны қараңыз)
Осы Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - ҚР Қаржы министрінің 24.04.2020 жылғы № 417 Бұйрығына сәйкес (08.08.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 09.05.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 11.04.2025 жылғы № 162 Бұйрығына сәйкес (26.12.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 03.05.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
«Оңалту және банкроттық туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 99-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 11.01.2022 жылғы № 22 Бұйрығына сәйкес (17.08.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 04.02.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Қоса беріліп отырған Банкрот мүлкін сату бойынша электрондық аукционды өткізу қағидалары бекітілсін.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - ҚР Қаржы министрінің 24.04.2020 жылғы № 417 Бұйрығына сәйкес (08.08.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 09.05.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 11.04.2025 жылғы № 162 Бұйрығына сәйкес (26.12.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 03.05.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. «Ақпараттық-есептеу орталығы» акционерлік қоғамы банкроттың мүлкін сату бойынша электрондық аукционды ұйымдастырушы болып айқындалсын.
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - ҚР Қаржы министрінің 24.04.2020 жылғы № 417 Бұйрығына сәйкес (08.08.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 09.05.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберуді;
Банкрот мүлкін сату бойынша электрондық аукционды өткізу қағидалары
Қағидалар өзгертілді ҚР Қаржы министрінің 09.01.2019 жылғы № 5 Бұйрығымен (17.03.2015 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 29.01.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қағидалар өзгертілді ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - ҚР Қаржы министрінің 08.08.2019 жылғы № 836 Бұйрығымен (09.01.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 30.08.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қағидалар өзгертілді ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - ҚР Қаржы министрінің 24.04.2020 жылғы № 417 Бұйрығымен (08.08.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 09.05.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қағидалар өзгертілді ҚР Қаржы министрінің 17.08.2020 жылғы № 750 Бұйрығымен (24.04.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 30.08.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қағидалар өзгертілді ҚР Қаржы министрінің 11.01.2022 жылғы № 22 Бұйрығымен (17.08.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 04.02.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қағидалар өзгертілді ҚР ПремьерМинистрінің орынбасары - Қаржы министрінің 26.12.2022 жылғы № 1324 Бұйрығымен (11.01.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 09.01.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 11.04.2025 жылғы № 162 Бұйрығына сәйкес (26.12.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 03.05.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Осы Банкрот мүлкін сату бойынша электрондық аукционды өткізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Оңалту және банкроттық туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 99-бабы 1-тармағына сәйкес әзірленді және банкрот мүлкін сату бойынша электрондық аукционды өткізу тәртібін айқындайды.
3) лоттың бастапқы бағасы – кредиторлар комитеті бекіткен Банкрот мүлкін сату жоспарында көрсетілген электрондық аукцион басталатын лоттың бастапқы бағасы;
4) борышкер – оларға қатысты Заңда көзделген рәсімдер қолданылған дара кәсіпкер ретінде тіркелген жеке тұлға (бұдан әрі – дара кәсіпкер) немесе заңды тұлға;