1. «Уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығына актілерді ресімдеу және беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) «Жер қатынастары, геодезия және картография саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 272 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 11050 болып тіркелген) бекітілген «Уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығына актілерді ресімдеу және беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (бұдан әрі – Стандарт) негізінде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 355 бұйрығына 8-қосымша
«Уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығына актілерді ресімдеу және беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
Регламент жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық экономика министрінің 20.02.2016 жылғы № 90 Бұйрығына сәйкес (24.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 05.04.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды Регламенттің атауы жаңа редакцияда жазылды ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 11.11.2016 жылғы № 473 Бұйрығына сәйкес (20.02.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 18.01.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды Регламент жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 10.06.2019 жылғы № 230 Бұйрығына сәйкес (11.11.2016 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 05.07.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) Осы Регламент күшін жойды 2020 жылғы 31 қазаннан бастап ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 01.10.2020 жылғы № 301 Бұйрығына сәйкес
1-тарау. Жалпы ережелер
2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – Стандартқа 1-қосымшаға сәйкес уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығына акт не Стандарттың 10-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап.
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіндегі көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (жұмыскерлерінің) іс-қимылы тәртібінің сипаттамасы
4. Көрсетілетін қызметті берушінің Стандарттың 9-тармағында көрсетілген тиісті құжаттармен (бұдан әрі – құжаттар) қоса Стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті қабылдауы мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі рәсімді (іс-қимылды) бастау үшін негіз болып табылады.
5. Процесс құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, орындалу ұзақтығы:
1) көрсетілетін қызметті берушінің операциялық залының жұмыскері (оператор) көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды құжаттар түскен күні 15 минут ішінде қабылдауды және тексеруді, оларды тіркеуді жүзеге асырады.
Көрсетілетін қызметті алушы Стандарттың 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің жұмыскері Стандартқа 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тартылғаны туралы қолхат береді;
2) көрсетілетін қызметті берушінің операциялық залының жұмыскері көрсетілетін қызметті алушыдан қабылдаған құжаттарды құжаттар түскен күні көрсетілетін қызметті берушінің жинақтау бөлімінің жұмыскеріне (маманына) тапсырады;
3) көрсетілетін қызметті берушінің жинақтау бөлімінің жұмыскері (маманы) оларды дайындап, 2 сағат ішінде көрсетілетін қызметті берушінің құжаттарды жүйелендіру және сақтау бөліміне (техникалық мұрағатқа) тапсырады.
Құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді;
4) көрсетілетін қызметті берушінің құжаттарды жүйелендіру және сақтау бөлімінің (техникалық мұрағаттың) жұмыскері 1 жұмыс күні ішінде қабылданған құжаттарды тіркейді, мұрағаттан мүкаммалдық жер-кадастрлық істерді көтереді, оларға материалдарды қоса тіркейді және оларды көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік жер кадастры (бұдан әрі – МЖК) бөліміне тапсырады;
5) МЖК бөлімінің жұмыскері 1 жұмыс күні ішінде тапсырыс бланкілерін толтырады, жер-кадастрлық істерді қалыптастырып, тігеді, кадастрлық нөмірін береді және көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік жер кадастры автоматтандырылған ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – МЖК ААЖ) бөліміне тапсырады.
Стандарттың 10-тармағына сәйкес мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер бар болған жағдайда, МЖК бөлімінің жұмыскері мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауапты әзірлейді және жібереді;
6) МЖК ААЖ бөлімінің жұмыскері 2 жұмыс күні ішінде атрибутивті және графикалық деректерді МЖК ААЖ деректер базасына енгізеді, сәйкестендіру құжатын басып шығарады және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға ұсынады;
7) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 2 сағат ішінде сәйкестендіру құжатына қол қояды және оны құжаттарды қабылдау және беру бөліміне береді;
8) құжаттарды қабылдау және беру бөлімінің жұмыскері 2 сағат ішінде сәйкестендіру құжатын елтаңбалық мөрмен куәландырады және тіркейді;
9) көрсетілетін қызметті берушінің құжаттарды қабылдау және беру бөлімінің жұмыскері 2 сағат ішінде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті берушінің жинақтау бөлімінің жұмыскеріне (маманына) тапсырады;
10) көрсетілетін қызметті берушінің жинақтау бөлімінің жұмыскері (маманы) мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін қабылдайды және 1 сағат ішінде көрсетілетін қызметті берушінің беру секторының жұмыскеріне (маманына) жолдайды;
11) талон негізінде және жеке куәлігін және (немесе) сенімхат ұсынылған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің беру секторының жұмыскері 15 минут ішінде көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін береді.
Егер көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген қызметтің нәтижесін алуға көрсетілген мерзімде жүгінбеген жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші олардың беру секторында бір ай бойы сақталуын қамтамасыз етеді, содан кейін оларды одан әрі сақтау үшін құжаттарды жүйелендіру және сақтау бөліміне (техникалық мұрағатқа) тапсырады.
«Электрондық үкімет» порталы (бұдан әрі – ЭҮП) арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті берушінің маманы мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін тіркейді және 1 жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі - ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жолдайды.
6. Келесі рәсімдерді (іс-қимылдарды) орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімдердің (іс-қимылдарының) нәтижесі:
1) нәтижесі кіріс нөмірі бар тіркелген құжат болып табылатын құжаттарды қабылдау және беру бөлімінің 15 минут ішінде құжаттарды қабылдауы және тексеруі;
2) қабылданған құжаттарды жүйелендіру және сақтау бөліміне (техникалық мұрағатқа) курьер арқылы 30 минут ішінде тапсыру;
3) қабылданған құжаттарды 1 жұмыс күні ішінде жүйелендіру және сақтау бөлімінде (техникалық мұрағатта) тіркеу, мұрағаттан мүкаммалдық жер-кадастрлық істерді көтеру, оларға материалдарды қосып тіркеу және оны МЖК бөліміне тапсыру;
4) 1 жұмыс күні ішінде МЖК бөлімінде тапсырыс бланкілерін толтыру, жер-кадастрлық істерді қалыптастырып, тігу, кадастрлық нөмір беру және материалдарды көрсетілетін қызметті берушінің МЖК ААЖ бөліміне тапсыру.
Стандарттың 10-тармағына сәйкес мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер болған жағдайда, мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап әзірленеді және жіберіледі;
5) 2 жұмыс күні ішінде МЖК ААЖ бөлімінде атрибутивті және графикалық деректерді МЖК ААЖ деректер базасына енгізу, сәйкестендіру құжатын басып шығару және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға беру;
6) көрсетілетін қызметті беруші басшысының 2 сағат ішінде сәйкестендіру құжатына қол қойып және құжаттарды қабылдау және беру бөліміне тапсыруы;
7) сәйкестендіру құжатын 2 сағат ішінде құжаттарды қабылдау және беру бөлімінде тіркеу;
Электрондық сұраным жасалған кезде көрсетілетін қызметті берушінің маманы мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін тіркейді және 1 жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жолдайды.
3-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіндегі көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (жұмыскерлерінің) өзара іс-қимылы тәртібінің сипаттамасы
7. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
1) көрсетілетін қызметті берушінің операциялық залының жұмыскері (оператор);
2) көрсетілетін қызметті берушінің жинақтау бөлімінің жұмыскері (маманы);
3) көрсетілетін қызметті берушінің құжаттарды жүйелендіру және сақтау бөлімінің (техникалық мұрағаттың) жұмыскері;
4) көрсетілетін қызметті берушінің МЖК бөлімінің жұмыскері;
5) көрсетілетін қызметті берушінің МЖК ААЖ бөлімінің жұмыскері;
6) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
7) көрсетілетін қызметті берушінің құжаттарды қабылдау және беру бөлімінің жұмыскері;
8) көрсетілетін қызметті берушінің беру секторының жұмыскері.
8. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (жұмыскерлер) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдарының) бірізділігінің сипаттамасы:
1) көрсетілетін қызметті берушінің операциялық залының жұмыскері (оператор) көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды құжаттар түскен күні 15 минут ішінде қабылдауды және тексеруді, оларды тіркеуді жүзеге асырады;
2) көрсетілетін қызметті берушінің операциялық залының жұмыскері көрсетілетін қызметті алушыдан қабылдаған құжаттарды құжаттар түскен күні көрсетілетін қызметті берушінің жинақтау бөлімінің жұмыскеріне (маманына) тапсырады (15 минут);
3) көрсетілетін қызметті берушінің жинақтау бөлімінің жұмыскері (маманы) оларды дайындап, 2 сағат ішінде көрсетілетін қызметті берушінің құжаттарды жүйелендіру және сақтау бөліміне (техникалық мұрағатқа) тапсырады;
4) көрсетілетін қызметті берушінің құжаттарды жүйелендіру және сақтау бөлімінің (техникалық мұрағаттың) жұмыскері 1 жұмыс күні ішінде қабылданған құжаттарды тіркейді, мұрағаттан мүкаммалдық жер-кадастрлық істерді көтереді, оларға материалдарды қоса тіркейді және оларды көрсетілетін қызметті берушінің МЖК бөліміне тапсырады;
5) МЖК бөлімінің жұмыскері 1 жұмыс күні ішінде тапсырыс бланкілерін толтырады, жер-кадастрлық істерді қалыптастырып, тігеді, кадастрлық нөмірін береді және көрсетілетін қызметті берушінің МЖК ААЖ бөліміне тапсырады.
Стандарттың 10-тармағына сәйкес мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер бар болған жағдайда, МЖК бөлімінің жұмыскері мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауапты әзірлейді және жібереді;
6) МЖК ААЖ бөлімінің жұмыскері 2 жұмыс күні ішінде атрибутивті және графикалық деректерді МЖК ААЖ деректер базасына енгізеді, сәйкестендіру құжатын басып шығарады және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға ұсынады;
7) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 2 сағат ішінде сәйкестендіру құжатына қол қояды және оны құжаттарды қабылдау және беру бөліміне береді;
8) құжаттарды қабылдау және беру бөлімінің жұмыскері 2 сағат ішінде сәйкестендіру құжатын елтаңбалық мөрмен куәландырады және тіркейді;
9) көрсетілетін қызметті берушінің құжаттарды қабылдау және беру бөлімінің жұмыскері 2 сағат ішінде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті берушінің жинақтау бөлімінің жұмыскеріне (маманына) тапсырады;
10) көрсетілетін қызметті берушінің жинақтау бөлімінің жұмыскері (маманы) мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін қабылдайды және 1 сағат ішінде көрсетілетін қызметті берушінің беру секторының жұмыскеріне (маманына) жолдайды;
11) талон негізінде және жеке куәлігін және (немесе) сенімхат ұсынылған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің беру секторының жұмыскері 15 минут ішінде көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін береді.
ЭҮП арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті берушінің маманы мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін тіркейді және 1 жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жолдайды.
Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығы көрсетілген әрбір іс-қимылдың (рәсімнің) өту рәсімдерінің (іс-қимылдың) бірізділігі сипаттамасының блок-схемасы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша келтірілген.
4-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясымен» және (немесе) өзге көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл жасау тәртібінің, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібінің сипаттамасы
9. Көрсетілетін қызметті алушының ЭҮП арқылы жүгіну тәртібінің сипаттамасы және мемлекеттік қызметті көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібі:
мемлекеттік қызмет көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда көрсетіледі.
1) көрсетілдетін қызметті алушы ЭҮП-де өзін тіркеуді жеке сәйкестендіру немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН (БСН) арқылы жүзеге асырады (ЭҮП-де тіркелмеген көрсетілетін қызметті алушылар үшін жүзеге асырылады);
2) 1-процесс – көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті алу үшін ЭҮП-ге ЖСН (БСН) және парольді енгізуі (авторландыру процесі);
3) 1-шарт – ЭҮП-де ЖСН (БСН) және пароль арқылы көрсетілетін қызметті алушы туралы деректердің түпнұсқалығын тексеру;
4) 2-процесс – ЭҮП-де көрсетілетін қызметті алушының деректерінде бұзушылықтар болуына байланысты авторландырудан бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
5) 3-процесс – көрсетілетін қызметті алушының осы регламентте көрсетілген мемлекеттік қызметті таңдауы, қызметті көрсету және оның құрылымы мен форматтық талаптарды ескере отырып, Стандарттың 9-тармағында көрсетілген қажетті құжаттарды электрондық түрде қоса бере отырып, көрсетілетін қызметті алушының нысанды толтыруы үшін өтініш нысанын экранға шығару, өтінішті куәландыру (қол қою) үшін ЭЦҚ-ны тіркеу куәлігін таңдау;
6) 2-шарт – ЭҮП-де ЭЦҚ тіркеу куәлігінің қолдану мерзімін және қайтарылған (жойылған) тіркеу куәліктерінің тізімінде болмауын, сондай-ақ ЭЦҚ тіркеу куәлігінде көрсетілген сәйкестендіру деректерінің сәйкестігін (сұранымда көрсетілген ЖСН (БСН) және ЭЦҚ тіркеу куәлігінде көрсетілген ЖСН (БСН) арасындағы) тексеру;
7) 4-процесс – ЭҮП электрондық құжатты (өтінішті) МЖК ААЖ-да тексеру үшін «электрондық үкімет» шлюзі (бұдан әрі – ЭҮШ) арқылы жібереді;
8) 3-шарт – көрсетілетін қызметті беруші 2 жұмыс күні ішінде Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттар тізбесінің толықтығын тексереді.
Стандарттың 10-тармағына сәйкес мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер болған жағдайда, МЖК бөлімінің жұмыскері мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап дайындайды және жібереді;
9) 5-процесс – көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-сы қойылған мемлекеттік қызметті көрсетудің төлем шотын қалыптастырады;
10) 4-шарт – көрсетілетін қызметті алушы 2 жұмыс күні өткеннен кейін өтінішті тексерудің нәтижесін алады;
11) 6-процесс – көрсетілетін қызметті алушы қызметті көрсетудің төлем шотын алғаннан кейін «электрондық үкімет» төлем шлюзі ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – ЭҮТШ АЖ) арқылы төлем жүргізу нысанына өтеді, төлем картасының (есеп шотының) қажетті деректерін толтырады;
12) 7-процесс – көрсетілетін қызметті беруші ЭҮТШ АЖ-дан жүргізілген төлем туралы растауды алғаннан кейін 1 жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесін дайындайды;
13) 8-процесс – көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген қызметтің нәтижесін (сәйкестендіру құжатын) көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында алады.
Мемлекеттік қызметті көрсетуге тартылған ақпараттық жүйелердің функциялық өзара іс-қимылының диаграммасы графикалық нысанда осы регламентке 2-қосымшада келтірілген.
10. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) бірізділігінің, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (жұмыскерлерінің) өзара іс-қимылдарының егжей-тегжейлі сипаттамасы, сондай-ақ мемлекеттік қызметті көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібінің сипаттамасы осы регламентке 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша «Уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығына актілерді ресімдеу және беру» мемлекеттік қызметті көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетілген.
«Уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығына актілерді ресімдеу және беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 1-қосымша
Нысан
Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығы көрсетілген әрбір іс-қимылдың (рәсімнің) өту рәсімдерінің (іс-қимылдың) бірізділігі сипаттамасының блок-схемасы
Құжаттарды қабылдау және беру бөлімінің құжаттарды қабылдауы және тексеруі, оның нәтижесі кіріс нөмірі бар тіркелген құжат болып табылады (15 минут) |
Қабылданған құжаттарды жүйелендіру және сақтау бөліміне (техникалық мұрағатқа) құжаттарды қабылдау күні тапсыру |
Қабылданған құжаттарды 1 жұмыс күні ішінде жүйелендіру және сақтау бөлімінде (техникалық мұрағатта) тіркеу, мұрағаттан мүкаммалдық жер-кадастрлық істерді көтеру, оларға материалдарды қосып тіркеу және оны МЖК бөліміне тапсыру |
Қабылданған құжаттарды МЖК бөлімінде тексеру және материалдарды МЖК ААЖ бөліміне тапсыру (1 жұмыс күні). Стандарттың 10-тармағына сәйкес мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер болған жағдайда, 1 жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап дайындалады және жіберіледі |
2 жұмыс күні ішінде МЖК ААЖ бөлімінде тапсырыс бланкілерін толтыру және жер-кадастрлық істерді қалыптастырып, тігу, атрибутивтік және графикалық деректерді МЖК ААЖ деректер базасына енгізу, кадастрлық нөмір беру, сәйкестендіру құжатын басып шығару және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға беру |
Көрсетілетін қызметті беруші басшысының 4 сағат ішінде сәйкестендіру құжатына қол қоюы және оны құжаттарды қабылдау және беру бөліміне тапсыруы |
Сәйкестендіру құжатын 4 сағат ішінде құжаттарды қабылдау және беру бөлімінде тіркеу |
Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін көрсетілетін қызметті алушыға 15 минут ішінде беру
«Уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығына актілерді ресімдеу және беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 2-қосымша
Мемлекеттік қызмет көрсетуге тартылған ақпараттық жүйелердің функциялық өзара іс-қимылының графикалық нысандағы диаграммасы
Уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығына актілерді ресімдеу және беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 3-қосымша
Нысан
«Уақытша өтеулі (ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді) жер пайдалану (жалдау) құқығына актілерді ресімдеу және беру» мемлекеттік қызметін көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы