1. «Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) «Жер қатынастары, геодезия және картография саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 272 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11050 болып тіркелген) бекітілген «Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі – Стандарт) сәйкес «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Внимание! Документ утратил силу с 31.10.2020
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 355 бұйрығына 9-қосымша
«Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
Регламент жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық экономика министрінің 20.02.2016 жылғы № 90 Бұйрығына сәйкес (24.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 05.04.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды Регламенттің атауы жаңа редакцияда жазылды ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 11.11.2016 жылғы № 473 Бұйрығына сәйкес (20.02.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 18.01.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды Регламент жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 10.06.2019 жылғы № 230 Бұйрығына сәйкес (11.11.2016 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 05.07.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) Осы Регламент күшін жойды 2020 жылғы 31 қазаннан бастап ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 01.10.2020 жылғы № 301 Бұйрығына сәйкес
Редакция 05.07.2019 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1-тарау. Жалпы ережелер
2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын анықтау туралы актіні (бұдан әрі – кадастрлық құн актісі) беру не Стандарттың 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап болып табылады.
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіндегі көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (жұмыскерлерінің) іс-қимылы тәртібінің сипаттамасы
4. Мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі рәсімнің (іс-қимылдың) басталуына көрсетілетін қызметті берушінің Стандарттың 9-тармағында көрсетілген тиісті құжаттармен (бұдан әрі – құжаттар) қоса Стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш қабылдауы негіз болып табылады.
5. Процесс құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, орындалу ұзақтығы:
1) көрсетілетін қызметті берушінің операциялық залының жұмыскері (операторы) көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды келіп түскен күні 15 минут ішінде қабылдауды, тексеруді және тіркеуді жүзеге асырады.
Көрсетілетін қызметті алушы Стандарттың 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің жұмыскері Стандартқа 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді;
2) көрсетілетін қызметті берушінің операциялық залының жұмыскері (операторы) көрсетілетін қызметті алушыдан қабылданған құжаттарды келіп түскен күні 15 минут ішінде көрсетілетін қызметті берушінің жинақтау бөлімінің жұмыскеріне (маманына) тапсырады;
3) көрсетілетін қызметті берушінің жинақтау бөлімінің жұмыскері (маманы) 30 минут ішінде оларды дайындайды және жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау және кадастрлық құн актісін дайындау үшін көрсетілетін қызметті берушінің жерді бағалау бөліміне береді.
Құжаттар қабылданған күн мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді;
4) көрсетілетін қызметті берушінің жерді бағалау бөлімінің жұмыскері қабылданған құжаттарды 8 жұмыс күні ішінде тіркейді, жер учаскесін Мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің (бұдан әрі – МЖК ААЖ) дерекқоры бойынша сәйкестендіреді, қажет болған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің құжаттарды жүйелендіру және сақтау бөлімінен (техникалық мұрағаттан) мүкаммалдық жер-кадастрлық істерді сұратады, баға аймағын және аймақтылық коэффициентін анықтайды, кадастрлық құн актісін дайындайды.
Стандарттың 10-тармағына сәйкес мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер болған жағдайда, жерді бағалау бөлімінің жұмыскері мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауапты дайындайды және жібереді;
5) көрсетілетін қызметті берушінің жерді бағалау бөлімінің жұмыскері дайындалған кадастрлық құн актісін 30 минут ішінде көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға береді;
6) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 1 жұмыс күні ішінде кадастрлық құн актісіне қол қояды және кеңсе (құжаттарды қабылдау және беру бөлімі) жұмыскеріне береді;
7) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің (құжаттарды қабылдау және беру бөлімінің) жұмыскері 2 сағат ішінде кадастрлық құн актісін елтаңбалық мөрмен куәландырады және тіркейді;
8) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің (құжаттарды қабылдау және беру бөлімінің) жұмыскері 2 сағат ішінде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті берушінің жинақтау бөлімінің жұмыскеріне (маманына) береді;
9) көрсетілетін қызметті берушінің жинақтау бөлімінің жұмыскері (маманы) 1 сағат ішінде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін қабылдайды және көрсетілетін қызметті берушінің беру секторының жұмыскеріне (маманына) жолдайды;
10) талон негізінде және жеке куәлік және (немесе) сенімхат ұсынылған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің беру секторының жұмыскері 15 минут ішінде көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін береді.
3-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіндегі көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (жұмыскерлерінің) өзара іс-қимылы тәртібінің сипаттамасы
6. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (жұмыскерлерінің) тізбесі:
1) көрсетілетін қызметті берушінің операциялық залының жұмыскері (операторы);
2) көрсетілетін қызметті берушінің жинақтау бөлімінің жұмыскері (маманы);
3) көрсетілетін қызметті берушінің жерді бағалау бөлімінің жұмыскері;
4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
5) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің (құжаттарды қабылдау және беру бөлімінің) жұмыскерлері;
6) көрсетілетін қызметті берушінің беру секторының жұмыскері.
7. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығы көрсетіле отырып, құрылымдық бөлімшелер (жұмыскерлер) арасындағы рәсімдер (іс-қимылдар) бірізділігінің сипаттамасы:
1) көрсетілетін қызметті берушінің операциялық залының жұмыскері (операторы) көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды келіп түскен күні 15 минут ішінде қабылдайды, тексереді және тіркейді.
Көрсетілетін қызметті алушы Стандарттың 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің жұмыскері Стандартқа 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді;
2) көрсетілетін қызметті берушінің операциялық залының жұмыскері (операторы) көрсетілетін қызметті алушыдан қабылдаған құжаттарды келіп түскен күні 15 минут ішінде көрсетілетін қызметті берушінің жинақтау бөлімінің жұмыскеріне (маманына) тапсырады;
3) көрсетілетін қызметті берушінің жинақтау бөлімінің жұмыскері (маманы) 30 минут ішінде оларды дайындайды және жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау және кадастрлық құн актісін дайындау үшін көрсетілетін қызметті берушінің жерді бағалау бөліміне береді.
Құжаттар қабылданған күн мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді;
4) көрсетілетін қызметті берушінің жерді бағалау бөлімінің жұмыскері қабылданған құжаттарды 8 жұмыс күні ішінде тіркейді, жер учаскесін Мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің (бұдан әрі – МЖК ААЖ) дерекқоры бойынша сәйкестендіреді, қажет болған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің құжаттарды жүйелендіру және сақтау бөлімінен (техникалық мұрағаттан) мүкаммалдық жер-кадастрлық істерді сұратады, баға аймағын және аймақтылық коэффициентін анықтайды, кадастрлық құн актісін дайындайды.
Стандарттың 10-тармағына сәйкес мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер болған жағдайда, жерді бағалау бөлімінің жұмыскері мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауапты дайындайды және жібереді;
5) көрсетілетін қызметті берушінің жерді бағалау бөлімінің жұмыскері дайындалған кадастрлық құн актісін 30 минут ішінде көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға береді;
6) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 1 жұмыс күні ішінде кадастрлық құн актісіне қол қояды және кеңсе (құжаттарды қабылдау және беру бөлімі) жұмыскеріне береді;
7) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің (құжаттарды қабылдау және беру бөлімінің) жұмыскері 4 сағат ішінде кадастрлық құн актісін елтаңбалық мөрмен куәландырады және тіркейді;
8) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің (құжаттарды қабылдау және беру бөлімінің) жұмыскері 2 сағат ішінде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті берушінің жинақтау бөлімінің жұмыскеріне (маманына) береді;
9) көрсетілетін қызметті берушінің жинақтау бөлімінің жұмыскері (маманы) 1 сағат ішінде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін қабылдайды және көрсетілетін қызметті берушінің беру секторының жұмыскеріне жолдайды;
10) талон негізінде және жеке куәлік және (немесе) сенімхат ұсынылған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің беру секторының жұмыскері 15 минут ішінде көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін береді.
Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығы көрсетіле отырып, әрбір іс-қимылды (рәсімді) өткізу рәсімдерінің (іс-қимылдарының) бірізділігі сипаттамасының блок-схемасы «Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша келтірілген.
8. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіндегі көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (жұмыскерлерінің) рәсімдері (іс-қимылдары), өзара іс-қимылдары бірізділігінің толық сипаттамасы, сондай-ақ мемлекеттік қызметті көрсету процесінде өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібінің және ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібінің сипаттамасы осы регламентке 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша «Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау» мемлекеттік қызметті көрсетудің бизнес-процестері анықтамалығында көрсетіледі.
«Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 1-қосымша
Нысан
Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығы көрсетіле отырып, әрбір іс-қимылды (рәсімді) өткізу рәсімдерінің (іс-қимылдарының) бірізділігі сипаттамасының блок-схемасы
«Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 2-қосымша
Нысан
«Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау» мемлекеттік қызметін көрсетудің бизнес-процестері анықтамалығы
Полная версия