Электр станциялары мен желілерін техникалық пайдалану қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 247 бұйрығы.
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 15 мамырда № 11066 тіркелді
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 267) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 14.10.2024 жылғы № 367 Бұйрығына сәйкес (28.09.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.11.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін оның көшірмесін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында жариялануын;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 28.09.2020 жылғы № 335 Бұйрығына сәйкес (24.03.2015 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 08.11.2020 жылдан бастап)
1. Осы Электр станциялары мен желілерін техникалық пайдалану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі туралы ереженің (бұдан әрі – Ереже) 15-тармағының 267) тармақшасына сәйкес әзірленді және электр станциялары мен желілерін техникалық пайдалану тәртібін айқындайды.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 14.10.2024 жылғы № 367 Бұйрығына сәйкес (28.09.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.11.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Осы Қағидалар Қазақстан Республикасының қолданыстағы және қайта құрылатын электр станцияларының, электр және жылу желілерінің электр қондырғыларын пайдаланумен, жөндеумен, құрастырумен, қалпына келтірумен және сынаулармен байланысты қызметкерлерге (бұдан әрі – Сала жұмыскерлері) қолданылады.