Близость слов: Окончание:





Астықтың сандық-сапалық есебiн жүргiзу қағидаларын бекiту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 19 маусымдағы № 4-1/546 бұйрығы.
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 31 шілдеде № 11804 тіркелді
Редакция 25.04.2020 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Астық туралы» 2001 жылғы 19 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 12) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Астықтың сандық-сапалық есебiн жүргiзу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру мен қайта өңдеу және фитосанитариялық қауіпсіздік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі А. Мамытбеков
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
___________ Е. Досаев
2015 жылғы 2 шілде
Қазақстан Республикасы
 Ауыл шаруашылығы министрінің
 2015 жылғы 19 маусымдағы
 № 4-1/546 бұйрығымен
 бекітілген
Астықтың сандық-сапалық есебiн жүргiзу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 30.05.2019 жылғы № 219 Бұйрығына сәйкес (12.07.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 16.06.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Осы Астықтың сандық-сапалық есебiн жүргiзу қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) «Астық туралы» 2001 жылғы 19 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзiрленді және астықтың сандық-сапалық есебін жүргізу тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 06.04.2020 жылғы № 116 Бұйрығына сәйкес (30.05.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 25.04.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) астық иесi – астығын астық қабылдау кәсiпорнына сақтауға берген жеке немесе заңды тұлға;
2) астық партиясы – астық сапасы туралы мәлiметтерi бар құжаттармен ресiмделген, бiр жылғы егiннiң сапасы бойынша бiртекті оқшауланған астық мөлшері;
3) астықтың сандық-сапалық есебi – астық қабылдау кәсiпорнында астықты қабылдау, тазалау, кептiру, сақтау, орнын ауыстыру және тиеп жөнелту процесiнде онымен жасалатын барлық операцияларды есепке алу және тiркеу жүйесi;
Полная версия
ИС BestProfi