1. «Өңдеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
Внимание! Документ утратил силу с 22.11.2020
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 3-2/378 бұйрығына 2-қосымша
«Өңдеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Стандарт жаңа редакцияда жазылды ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 10.03.2017 жылғы № 112 Бұйрығына сәйкес (28.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 03.08.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды Стандарт жаңа редакцияда жазылды ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 04.05.2018 жылғы № 185 Бұйрығына сәйкес (10.03.2017 ж. редацияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізілуі тиіс) 11.07.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды Стандарт жаңа редакцияда жазылды ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 24.01.2019 жылғы № 30 Бұйрығына сәйкес (04.05.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 11.02.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) Осы Стандарт күшін жойды 2020 жылғы 22 қарашадан бастап ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 05.11.2020 жылғы № 340 Бұйрығына сәйкес
1-тарау. Жалпы ережелер
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтінімдерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі - 5 (бес) жұмыс күні.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (толық автоматтандырылған).
6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – субсидияны аудару туралы хабарлама не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көрсетілген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті ұсынудан уәжді бас тарту.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: электрондық.
Көрсетілетін қызметті алушыға осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1 және 2-қосымшаларына сәйкес электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі туралы хабарлама жолданады. Хабарлама көрсетілетін қызметті алушы субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде тіркелген кезде көрсеткен электрондық почтаның мекенжайына, сондай-ақ субсидиялаудың ақпараттық жүйесінің «жеке кабинетіне» жолданады.
7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.
8. Порталдың жұмыс кестесі – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда, өтінімдерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
Мемлекеттік қызмет көрсетілетін қызметті алушының тіркелген жері бойынша алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз, электрондық кезек тәртібімен көрсетіледі, электрондық кезекті «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы броньдауға болады.
9. Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы субсидиялаудың ақпараттық жүйесіне субсидия алуға арналған өтінімді осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжат нысанында ұсынады.
Субсидиялаудың ақпараттық жүйесіндегі көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіндегі» мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған сұранымның қабылданғаны туралы мәртебе өтінімнің қабылданғанын растайды.
10. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 19-1-бабының 2-тармағына сәйкес мынадай негіздер бойынша жүзеге асырылады:
1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған өтінімнің және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы;
2) көрсетілген қызметті алушының Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 26 қарашадағы № 3-2/615 бұйрығымен (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2015 жылы 14 қаңтарда № 10087 болып тіркелген) бекітілген Өңдеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау қағидаларымен белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.
3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
11. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым тиісті көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.
Шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша жазбаша нысанда почтамен немесе көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жұмыс күндері қолма-қол беріледі.
Мыналардың:
1) жеке тұлғаның шағымында оның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, почталық мекенжайы көрсетіледі;
2) заңды тұлғаның шағымында оның атауы, почталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі. Арызға көрсетілетін қызметті алушы қол қояды.
Көрсетілетін қызметті алушының шағымды қабылдағанын шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөнін, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орнын көрсете отырып, оның тіркелуі (мөртабан, кіріс нөмірі мен күні) растайды.
Сондай-ақ, көрсетілетін қызметті беруші жұмыскерінің әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8-800-080-7777 телефондары арқылы алуға болады.
Портал арқылы электрондық арыз жіберілген кезде, көрсетілетін қызметті алушыға порталдағы «жеке кабинетінен» арыз туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті берушінің арызды өңдеуі (шағымның жеткізілгені, тіркелгені, орындалғаны туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылып отырады.
Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс. Шағымды қарау нәтижелері туралы уәжді жауап көрсетілетін қызметті алушыға почта арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қолма-қол беріледі.
Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады немесе сотқа жүгінеді.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс.
4-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшелектері ескеріле отырып қойылатын өзге талаптар
12. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары:
1) Министрліктің www.mоа.gov.kz интернет-ресурсында;
3) egov.kz порталында орналастырылған.
13. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі және мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкіндігі бар.
14. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша анықтама қызметтерінің байланыс телефондары порталда көрсетілген. Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8-800-080-7777.
«Өңдеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымша
Нысан
Хабарлама Құрметті ________________________________________________ (көрсетілетін қызметті алушы)
Сіздің 20___ жылғы «__» _________№__________ өтініміңіз бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсынудан _______________________________________________________________
__________________________________________________________________ себепті бас тартылды.
«Өңдеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымша
Нысан
Хабарлама Құрметті ________________________________________________ (көрсетілетін қызметті алушы)
Сіздің 20___ жылғы «__» _________№__________ өтініміңіз бойынша мемлекеттік қызмет көрсетілді және Сіздің №__________ есептік шотыңызға 20___ жылғы «__» __________ төлем тапсырмасымен _________ теңге мөлшерінде субсидия сомасы аударылғанын хабарлаймыз.
Өңдеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымша
Нысан
Өңдеуші кәсіпорындардың ауыл шаруашылығы өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алуға жұмсаған шығындарын субсидиялауға арналған өтінім
Кімге: __________________________________ жергілікті атқарушы органына _______________________________________________________________ (облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың) Кімнен: _________________________________________________________ (заңды тұлғаның толық атауы немесе жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі) Маған сары май/қатты ірімшік/құрғақ сүт* өндіру үшін _____ килограмм көлемінде ауыл шаруашылығы өнімдерін сатып алуға ____________________________ теңге мөлшерінде (соманы цифрмен және жазумен көрсету) субсидия төлеуіңізді сұраймын.
1. Өтінім беруші туралы мәліметтер.
Заңды тұлға және шетелдік заңды тұлғаның филиалы (өкілдігі) үшін:
атауы _________________________________________________________
БСН (бизнес-сәйкестендіру нөмірі) __________________________________
басшының аты, әкесінің аты (бар болса), тегі___________________________
мекенжайы:________________________________________________________
телефон (факс) нөмірі:_______________________________________________
Жеке тұлға үшін:
аты, әкесінің аты (бар болса), тегі _____________________________________
ЖСН (жеке сәйкестендіру нөмірі) _____________________________________
жеке басын куәландыратын құжат:
нөмірі _____________________________________________________________
кім берді___________________________________________________________
берілген күні _______________________________________________________
мекенжайы:________________________________________________________
телефон (факс) нөмірі: _______________________________________________
Жеке тұлға үшін дара кәсіпкер ретінде қызметінің басталғаны туралы хабарлама:
орналасқан жері___________________________________________________
хабарламаның берілген күні__________________________________________
2. Өңдеуші кәсіпорынның екінші деңгейдегі банктегі немесе ұлттық почта операторындағы ағымдағы шотының мәліметтері:
ЖСН/БСН (жеке сәйкестендіру нөмірі/ бизнес-сәйкестендіру нөмірі)_____________________________________________________________
Кбе (бенефициар коды) ______________________________________________
Банк немесе почта операторының деректемелері: ________________________
Банктің немесе почта операторының aтауы:_____________________________
БСК (банктік сәйкестендіру коды) _____________________________________
ЖСК (жеке сәйкестендіру коды) _______________________________________
БСН (бизнес-сәйкестендіру нөмірі)_____________________________________
Кбе (бенефициар коды) ______________________________________________
3. Ауыл шаруашылығы өнімін сатып алуға жұмсалған шығындарды (өтінім берілген сәттегі) растайтын шот-фактуралар туралы мәліметтер**:
№ |
Шот-фактура нөмірі |
Шот-фактураның берілген күні |
Ауыл шаруашылығы өнімнің атауы |
Ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі, килограмм |
Бағасы, килограмына теңге |
Құны, теңге |
Сатушының атауы және ЖСН/БСН |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Ескертпе:
*Бір өңдеуші кәсіпорын тереңдете өңдеу өнімдерінің бірнеше түрін өндірген жағдайда, өтінім өнімнің әрбір түрі бойынша жеке-жеке беріледі.
** Әрбір ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші бойынша мәліметтер жеке-жеке толтырылады.
Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын және дұрыс емес мәліметтер ұсынғаным үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапты болатыным туралы хабардармын және заңмен қорғалатын құпияны қамтитын мәліметтерді пайдалануға, сондай-ақ дербес деректерді және өзге де ақпаратты жинауға, өңдеуге, сақтауға, шығарып алуға және пайдалануға келісім беремін.
Өтінім беруші 20__ жылғы «___» ________ сағат 00:00-де қол қойып, жіберді:
Электрондық цифрлық қолтаңбадан (бұдан әрі - ЭЦҚ) алынған деректер
ЭЦҚ қол қою күні және уақыты
Өтінімнің қабылданғаны туралы хабарлама:
Басқарма 20__ жылғы «___» ________ сағат 00:00-де қабылдады:
ЭЦҚ-дан алынған деректер
ЭЦҚ қою күні және уақыты
Полная версия