1. «Дара кәсіпкерді тіркеу есебі» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
Внимание! Документ утратил силу с 09.09.2017
«Дара кәсіпкерді тіркеу есебі» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Стандарт күшін жойды 2020 жылғы 27 шілдеден бастап ҚР Қаржы министрінің м.а. 10.07.2020 жылғы № 665 Бұйрығына сәйкес Стандарт алынып тасталды 2017 жылғы 9 қыркүйектен бастап ҚР Қаржы министрінің 05.07.2017 жылғы № 418 Бұйрығына сәйкес
Редакция 27.01.2016 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Жалпы ережелер
3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Мемлекеттік кірістер комитетінің аудандар, қалалар және қалалардағы аудандар бойынша, арнайы экономикалық аймақтар аумақтарындағы аумақтық органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:
1) көрсетілетін қызметті беруші ақпаратты қабылдау және өңдеу орталықтары арқылы;
2) «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорация» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы;
2-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 27.01.2016 жылғы № 33 Бұйрығына сәйкес (27.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.03.2016 жылдан бастап)
3) «электрондық үкімет» веб-порталы www.egov.kz (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Құжаттар топтамасын тапсырған уақыттан бастап мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 27.01.2016 жылғы № 33 Бұйрығына сәйкес (27.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.03.2016 жылдан бастап)
1) көрсетілетін қызметті алушыны дара кәсіпкер (бұдан әрі – ДК) ретінде тіркеу есебіне қою – көрсетілетін қызметті алушы құжаттарды ұсынған сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде;
ДК куәлігінде көрсетілген тіркеу деректерін өзгерту, ДК куәлігін алмастыру және (немесе) салықтық өтініште көрсетілген бірлескен дара кәсіпкерлікке қатысушылар (мүшелер) туралы деректерді өзгерту – құжаттарды алған күнінен кейінгі 1 (бір) жұмыс күні ішінде;
орындалмаған салық міндеттемелерінің болмауы шартымен көрсетілетін қызметті алушыны ДК ретінде тіркеу есебінен шығару – 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей;
2) көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын тапсыруы үшін күтудің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты – көрсетілетін қызметті берушіге 20 (жиырма) минут, Мемлекеттік корпорациясы – 15 (он бес) минут;
3) көрсетілетін қызметті алушыға көрсетілетін қызметті берушінің қызмет көрсетуінің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты – 20 (жиырма) минут, Мемлекеттік корпорациясы – 15 (он бес) минут.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (толық автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі:
1) ДК ретінде тіркеу есебіне қойған және ДК куәлігінде көрсетілген тіркеу деректері өзгертілген кезде – көрсетілетін қызметті берушінің лауазымды адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы ДК куәлігін беру;
Полная версия