«Автомобиль көлігі туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 13-бабының 23-15) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Төтенше жағдайларды жоюға тасымалдаушыларды тарту қағидаларын бекiту туралы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 532 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 30 шілдеде № 11793 тіркелді
Редакция 10.04.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті (Ә.А. Асавбаев):
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі Ә. Исекешев
«КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі _________________ Е. Досаев 2015 жылғы 23 маусым «КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі _________________ Қ. Қасымов 2015 жылғы 16 мамыр «КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасының Қаржы министрі _________________ Б. Сұлтанов 2015 жылғы 8 мамыр
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 532 бұйрығымен бекітілген
Төтенше жағдайларды жоюға тасымалдаушыларды тарту қағидалары 1. Жалпы ережелер
1. Осы Төтенше жағдайларды жоюға тасымалдаушыларды тарту қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) «Автомобиль көлiгi туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 13-бабының 23-15) тармақшасына iске асыру мақсатында әзiрлендi және автомобильмен тасымалдаушыларды төтенше жағдайларды жоюға тарту тәртiбiн айқындайды.
2. Төтенше жағдайларды жоюға тасымалдаушыларды тарту тәртібі
2. Төтенше жағдайларды жоюға автомобильмен тасымалдаушыларды тарту төтенше жағдайларды жою жөнiндегi iс-шараларды көлiктiк қамтамасыз етудi жедел ұйымдастыру мақсатында жүзеге асырылады.
3. Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған кезде, сондай-ақ төтенше жағдайды енгiзу кезiнде төтенше жағдайларды жоюға байланысты жұмыстарды орындауға автомобильмен тасымалдаушыларды тартуды орталық атқарушы және жергілікті атқарушы органдармен (бұдан әрi – тапсырыс беруші) «Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайларды жою жөніндегі бекітілген іс-қимылдар жоспарларына сәйкес жүзеге асырылады.
4. Төтенше жағдайларды жоюға автомобильмен тасымалдаушыларды тарту үшiн тапсырыс беруші Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 шілдедегі Азаматтық кодексімен (Ерекше бөлім), Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық кодексімен (Жалпы бөлім) белгіленген тәртiпте жасалған шарттар шеңберiнде Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-қимылдар жоспарларына сәйкес автомобиль тасымалдарын жүзеге асыруға арналған өтінімді жасайды және оны тасымалдаушыларға жібереді.
5. Өтінімде осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес, нысан бойынша тапсырыс беруші мыналарды:
1) автомобиль тасымалының түрiн;
2) пайдаланылатын автокөлiк құралдарының типтерiн;
3) тасымалдардың сипаты мен ерекшелiктерiн;
4) жүк жөнелтушiнiң атауын;
5) жүк алушының атауын;
6) тиеу (отырғызу) пункттерiнiң атауын;
7) түсiру (шығару) пункттерiнiң атауын;
8) автокөлiк құралдарын тиеу (отырғызу) пунктiне беру күнi мен уақытын;
9) тапсырыс берушінің автокөлiк құралдарын пайдалануының жалпы уақытын көрсетедi.
6. Төтенше жағдайларды жою үшін автокөлік құралдарын жіберетін тапсырыс берушілер жүргізушілерді төтенше жағдайлардың сипаты мен ауқымына қарай адамдардың өмірі мен денсаулығын, табиғатты және мәдени құндылықтарды қорғауды, қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қажетті қосымша жеке қорғаныс құралдарымен, арнайы жабдықтармен, құралдармен және аспаптармен қамтамасыз етеді.
6-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 30.01.2023 жылғы № 58 Бұйрығына сәйкес (30.04.2015 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 10.04.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
7. Тапсырыс беруші автокөлік құралдарын тиеу (отырғызу) және түсіру (түсіру) орындарына кедергісіз жылжытуды және автокөлік құралдарын күзетуді қамтамасыз етеді.
7-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 30.01.2023 жылғы № 58 Бұйрығына сәйкес (30.04.2015 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 10.04.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
8. Автомобиль тасымалдарын жүзеге асыру кезінде тасымалдаушы жол парағын қағаз тасығышта немесе электрондық-цифрлық құжат нысанында ресімдейді.
8-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 30.01.2023 жылғы № 58 Бұйрығына сәйкес (30.04.2015 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 10.04.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Жол парағын қағаз тасығышта ресімдеу кезінде тасымалдаушы оны көлік құжаттарын басқарудың Бірыңғай жүйесінде тіркеуді қамтамасыз етеді.
9. Төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-шараларға қатысқан автокөлік құралдарын олардың тұрақты орналасқан жерлеріне қайтаруды автомобиль тасымалдаушылары жүзеге асырады.
9-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 30.01.2023 жылғы № 58 Бұйрығына сәйкес (30.04.2015 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 10.04.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Автокөлік құралдарын одан әрі пайдалану мүмкін болмайтын немесе осы автокөлік құралдарын басқаратын адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін форс-мажорлық мән-жайлар кезінде олардың тұрақты орналасқан жерлеріне қайтарылуы қамтамасыз етіледі.
10. Адамдарды құтқару үшін және аса қажет болған жағдайда төтенше жағдайлар аймағындағы автокөлiк құралдарын пайдалану тәртiбi «Адамдарды құтқару үшін және аса қажет болған жағдайда төтенше жағдайлар аймағындағы ұйымдардың байланыс, көлік құралдарын, мүлкі мен өзге де материалдық құралдарын пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 22 қазандағы № 1126 қаулысына сәйкес айқындалады.
Автокөлiк құралдарын төтенше жағдайлар кезінде пайдалану тәртібі «Әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдай аймағына бару үшін, сондай-ақ егер кідірту адамдардың өміріне немесе денсаулығына нақты қатер төндіруі мүмкін болса, шұғыл медициналық көмекке мұқтаж адамдарды емдеу мекемелеріне жеткізу үшін, меншік иелеріне материалдық залал келтірілген жағдайда оны өтей отырып, көлікті (дипломатиялық иммунитеті бар шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың өкілдіктерінен басқа) пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 20 желтоқсандағы № 1357 қаулысына сәйкес айқындалады.
3. Төтенше жағдайларды жою жөнiндегi жұмыстарды орындауға байланысты шығындарды өтеу
11. Төтенше жағдайларды жою жөнiндегi жұмыстарды орындауға байланысты шығындарды өтеу Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне (бұдан әрi – Бюджет кодексі) 20-бабына-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi мен жергiлiктi атқарушы органдар резервiнің қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
12. Төтенше жағдайларды жою жөнiндегi жұмыстарды орындауға байланысты шығындарды өтеу көлiктік жұмыстардың нақты орындалған көлемiн және автокөлiк құралдарының нақты пайдаланылған уақытын есепке ала отырып, Бюджет кодексіне сәйкес төтенше жағдайларды жою жөнiндегi жұмыстар аяқталғаннан кейiн жүргiзiледi.
Төтенше жағдайларды жоюға тасымалдаушыларды тарту қағидаларына қосымша
Нысан
Төтенше жағдайларды жоюға тасымалдаушыларды тартуға арналған өтінім
№ | Ұстанымның атауы | Мазмұны |
1. | Автомобиль тасымалының түрі | |
2. | Пайдаланылатын автокөлік құралдарының типтері | |
3. | Тасымалдардың сипаты және ерекшеліктері | |
4. | Жүк жөнелтушінің атауы | |
5. | Жүк алушының атауы | |
6. | Тиеу (отырғызу) пункттерінің атауы | |
7. | Түсіру (шығару) пункттерінің атауы | |
8. | Автокөлік құралдарын алғашқы тиеу (отырғызу) пунктіне беру күні мен уақыты | |
9. | Тапсырыс берушінің автокөлік құралдарын пайдалануының жалпы уақыты |
Төтенше жағдайларды жою басшысы ___________________________
Полная версия