Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 29.06.2018
Келiсiмшарттар талаптарының орындалуын сақтауға мониторингті және бақылауды жүзеге асыру қағидаларын бекiту туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 500 бұйрығы.
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 24 шілдеде № 11762 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2018 жылғы 29 маусымнан бастап ҚР Инвестициялар және даму министрінің 18.05.2018 жылғы № 346 Бұйрығына сәйкес
Редакция 25.11.2016 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2010 жылғы 24 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы 17-бабының 22) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 
1. Қоса беріліп отырған Келiсiмшарттар талаптарын орындаудың сақталуына мониторинг пен бақылауды жүзеге асыру қағидалары бекiтілсін. 
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Жер қойнауын пайдалану деппартаменті:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интеранет-порталында орналастырылуын;
4) осы бұйрықт Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі Ә. Исекешев
«КЕЛІСІЛДІ» 
Қазақстан Республикасының 
Білім және ғылым министрі 
       ___________________ А. Сәрінжіпов 
2015 жылғы 15 мамыр
«КЕЛІСІЛДІ» 
Қазақстан Республикасының 
Денсаулық сақтау және 
әлеуметтік даму министрі 
       ___________________ Т. Дүйсенова 
2015 жылғы 23 маусым
«КЕЛІСІЛДІ» 
Қазақстан Республикасының 
Энергетика министрі 
       ___________________ В. Школьник 
2015 жылғы 5 маусым
«КЕЛІСІЛДІ» 
Қазақстан Республикасының 
Қаржы министрі 
       ___________________ Б. Сұлтанов 
2015 жылғы 19 мамыр
Қазақстан Республикасы
 Инвестициялар және даму
 министрінің
 2015 жылғы 28 сәуірдегі
 № 500 бұйрығымен
 бекітілген
Келiсiмшарттар талаптарын орындаудың сақталуына мониторинг пен бақылауды жүзеге асыру қағидалары
1. Осы Келiсiмшарттар талаптарын орындаудың сақталуына мониторинг пен бақылауды жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2010 жылғы 24 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы 17-бабының22) тармақшасына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзiрлендi және жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшарттар (бұдан әрі – келісімшарттар) талаптарын орындаудың сақталуына мониторинг пен бақылауды жүзеге асыру тәртiбiн айқындайды.
Полная версия
ИС BestProfi