«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2017 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 66-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Жер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшарт (лицензия) бойынша міндеттемелерін орындауына мониторинг жүргізу қағидаларын бекiту туралы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 18 мамырдағы № 346 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 13 маусымда № 17060 болып тіркелді
Редакция 13.09.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қоса беріліп отырған Жер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшарт (лицензия) бойынша міндеттемелерін орындауына мониторинг жүргізу қағидалары бекiтілсін.
2. Мына:
1) «Келiсiмшарттар талаптарының орындалуын сақтауға мониторингті және бақылауды жүзеге асыру қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 500 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11762 болып тіркелген, 2015 жылғы 6 тамызда «Әділет» ақпараттық- құқықтық жүйесінде жарияланған);
2) «Келiсiмшарттар талаптарының орындалуын сақтауға мониторингті және бақылауды жүзеге асыру қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 500 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 25 қарашадағы № 811 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14688 болып тіркелген, 2017 жылғы 6 ақпанда Қазақстан Республикасы Нормативтiк құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкiнде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Жер қойнауын пайдалану департаменті заңнамамен белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз тасығыштағы және электрондық нысандағы көшірмелерін Қазақстан Республикасы Нормативтiк құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкiне ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық 2018 жылғы 29 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі Ж. Қасымбек
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі _____________ Е. Сағадиев 2018 жылғы «____»______________
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі ____________ Е. Біртанов 2018 жылғы «____»______________
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі ____________ М. Әбілқасымова 2018 жылғы «____»______________
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Қаржы министрі _______________ Б. Сұлтанов 2018 жылғы «____»______________
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Энергетика министрі ________________Қ. Бозымбаев 2018 жылғы «____»______________
Қазақстан Республикасы Инвестициялар даму министрінің 2018 жылғы 18 мамырдағы № 346 бұйрығымен бекітілген
Жер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшарт және (немесе) лицензия бойынша міндеттемелерін орындауына мониторинг жүргізу қағидалары
Осы Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 05.05.2021 жылғы № 222 Бұйрығына сәйкес (18.05.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 24.05.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Жер қойнауын пайдаланушының жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшарттар (лицензия) бойынша міндеттемелерді орындауына мониторинг жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2017 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 66-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және жер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшарттар және (немесе) лицензиялар бойынша міндеттемелерді орындауына мониторингті (бұдан әрі - мониторинг) жүзеге асырудың тәртібін айқындайды.
2. Осы қағидаларға сәйкес мониторинг жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар мен лицензиялардың мынадай түрлері бойынша жүзеге асырылады:
1) пайдалы қатты қазбаларды барлауға арналған лицензиялар бойынша;
2) пайдалы қатты қазбаларды өндіруге арналған лицензиялар бойынша;
3) кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге арналған лицензиялар бойынша;
4) кен іздеушілікке арналған лицензиялар бойынша;
5) уран өндіру жөніндегі келісімшарттардан басқа, Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін жасалған пайдалы қатты қазбаларды барлау және (немесе) өндіруге арналған келісімшарттар;
6) Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін жасалған кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға арналған келісімшарттар және өндіруге арналған келісімшарттар.
3. Мониторингті жер қойнауын пайдалануға арналған лицензияның тиісті түрін берген және (немесе) Кодекске, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген функциялар мен өкілеттіктерге сәйкес жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың тарапы болып табылатын мемлекеттік орган жүзеге асырады.
4. Мемлекеттік органның жер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауын пайдалануға арналған лицензиялар мен келісімшарттар бойынша міндеттемелерін олардың шарттары мен Кодекс талаптарына сәйкес орындауын қадағалау жөніндегі қызметі мониторинг болып табылады.
5. Мониторинг Кодекске сәйкес жер қойнауын пайдаланушылар ұсынатын есептілікті, Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу белгілері бар ғарыштық мониторинг деректерін және Мемлекеттік орган өзге көздерден, оның ішінде жер қойнауын пайдаланушылар табыс етуге тиіс өзге де құжаттамадан алған мәліметтерді талдау негізінде жүзеге асырылады.
5-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 10.07.2024 жылғы № 254 Бұйрығына сәйкес (16.06.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 13.09.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
6. Мониторинг нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму Министрінің 2018 жылғы 24 мамырдағы № 375 бұйрығымен бекітілген келісімшарттардың және (немесе) жер қойнауын пайдалануға арналған лицензиялар талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асыру қағидаларына және (немесе) қағидаларына сәйкес мемлекеттік органның келісімшарттар мен жер қойнауын пайдалануға арналған лицензиялар шарттарының сақталуын бақылау шараларын қабылдауына әкеп соғады. (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17075 болып тіркелген).
2-тарау. Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт және (немесе) лицензия бойынша мониторингті жүзеге асыру тәртібі
7. Мониторинг жер қойнауын пайдаланушылар жыл сайын ұсынатын есептілік негізінде, сондай-ақ жер қойнауын пайдалануға арналған лицензиялар немесе келісімшарттар қолданысын тоқтатқан кезде ұсынылатын есептілік негізінде жүзеге асырылады.
8. Мониторинг Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу белгілері бар ғарыштық мониторинг деректері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік органға белгілі болған өзге құжаттар мен мәліметтердің негізінде олардың келіп түсуіне қарай жүзеге асырылады.
8-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 10.07.2024 жылғы № 254 Бұйрығына сәйкес (16.06.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 13.09.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
9. Жер қойнауын пайдаланушы ұсынған есептілікті, Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу белгілері бар ғарыштық мониторинг деректерді, өзге де құжаттар мен мәліметтерді талдау, оның ішінде мыналарды:
9-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 16.06.2022 жылғы № 346 Бұйрығына сәйкес (05.05.2021 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 03.07.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) 9-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 10.07.2024 жылғы № 254 Бұйрығына сәйкес (16.06.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 13.09.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) ұсынылған есептілікте олардың орындалғаны туралы мәліметтермен бірге лицензиялар мен келісімшарттар бойынша міндеттемелердің мазмұнын, мөлшерін және талаптарын;
2) жобалық құжаттардың, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялардың салдарын жою жөніндегі міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етудің және Кодекске сәйкес талап етілетін, олар болмаған кезде жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге тыйым салынатын құжаттардың мазмұны, болуы немесе болмауы туралы мәліметтермен бірге ұсынылған есептіліктен алынған мәліметтерді;
3) осындай растау Кодекске сәйкес міндетті болып табылатын жағдайларда, шығыстар туралы көрсетілген мәліметтерді растайтын аудиторлардың есептерімен бірге есептілікте көрсетілген шығыстар туралы мәліметтерді;
4) жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақыны (жалдау төлемдерін) және қол қойылатын бонусты, салық (сұрау салу бойынша) және өзге де мемлекеттік органдар ұсынған мәліметтермен бірге жер қойнауын пайдалануға арналған лицензиялар мен келісімшарттардың шарттары бойынша тарихи шығындарды өтеу жөніндегі төлемақыны төлеу туралы мәліметтерді;
5) жер қойнауын пайдалануға келісімшарттар мен лицензиялардың талаптары бойынша міндеттемелері бар, «Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және оларды өндірушілердің тізілімі» мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы ұсынылған, сатып алынған тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер және олардағы елішілік құндылық үлесі туралы есептілік бойынша қатты пайдалы қазбалар саласындағы уәкілетті органның мәліметтерін;
6) жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар мен лицензиялар, мемлекеттік органдардың мемлекеттік бақылау және қадағалау шарттарының сақталуын бақылау нәтижелері бойынша алынған, өзге де мемлекеттік органдардан және көздерден алынған, ұсынылған есептілік және жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар мен лицензиялар талаптары жөніндегі мәліметтермен бірге мәліметтерді салыстыру арқылы жүргізіледі.
10. Лицензиялық міндеттемелерді орындау туралы есептілікте ұсынылған жер қойнауын пайдалануға арналған лицензияларда көзделген жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларға міндетті және ең төменгі шығыстар туралы мәліметтерді талдау кезінде есепті күнтізбелік жылдың әрбір толық күнтізбелік айы үшін барабар есепті күнтізбелік жылға арналған лицензиялардың қолданылу шарттары мен мерзімі бойынша келетін осындай шығыстар бойынша міндеттемелердің мөлшері ескеріледі.
11. Егер лицензиялық міндеттемелердің орындалуы туралы есеп Кодексте тыйым салынған немесе аудитордың есебімен расталмаған жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге арналған шығыстарды қамтитын болса, мұндай растау міндетті болып табылатын болса, мұндай шығыстар жыл сайынғы ең төменгі шығыстар бойынша міндеттемелердің мониторингі мақсаттары үшін жер қойнауын пайдалануға арналған тиісті лицензия бойынша шеккен шығыстар ретінде ескерілмейді.
Жер қойнауын пайдаланушы лицензия бойынша тиісті шығыстарды алып тастау үшін негіз болған бұзушылықтарды кодекстің 200-бабы 3-тармағының екінші бөлігінде және 221-бабы 5-тармағының екінші бөлігінде көзделген мерзімде жойған жағдайда, жол берілген бұзушылықтарды жою қорытындылары бойынша ұсынылған есеп жоюды растайтын құжаттармен бірге қайта мониторингке жатады.
12. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 24 мамырдағы № 374 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17063 болып тіркелген) бекітілген Кодекске және жер қойнауын пайдаланушылардың пайдалы қатты қазбаларды барлау және өндіру, кең таралған пайдалы қазбаларды өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде есептерді ұсынуы қағидаларына сәйкес жер қойнауын пайдаланушы лицензиялық немесе келісімшарттық міндеттемелерді орындау бойынша жыл сайынғы есептілікті ұсынбаған жағдайда), мониторинг нәтижелері бойынша есептілік кезеңіндегі мұндай міндеттемелер орындалмаған болып есептеледі.
Жер қойнауын пайдаланушы Кодексте көзделген мерзімде мемлекеттік органның жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар мен лицензиялардың шарттарының сақталуын бақылау нәтижелері бойынша көрсетілген есептілікті ұсынған жағдайда, оны есептілік кезеңі аяқталғаннан кейін отызыншы сәуірге дейін ұсыну мүмкін еместігін растайтын құжаттармен бірге ұсынылған есеп қайта мониторингілеуге жатады.
Полная версия