Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 21.11.2020
Қолайсыз табиғат құбылыстарын айқындаудың критерийлері мен сипаттамаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2015 жылғы 27 ақпандағы № 9-2/174 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 25 мамырда № 11152 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2020 жылғы 21 қарашадан бастап ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 20.10.2020 жылғы № 321 Бұйрығына сәйкес 
«Өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыру туралы» 2004 жылғы 10 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 2-тармағының 12-4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қолайсыз табиғат құбылыстарын айқындаудың критерийлері мен сипаттамалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Инвестициялық саясат және қаржы құралдары департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы  Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы С. Омаров
«КЕЛІСІЛГЕН» 
Қазақстан Республикасының 
Ішкі істер министрі 
_____________ Қ. Қасымов 
2015 жылғы 7 сәуір
«КЕЛІСІЛГЕН» 
Қазақстан Республикасының 
Энергетика министрі 
___________ В. Школьник 
2015 жылғы 21 сәуір
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
міндетін атқарушының
2015 жылғы 27 ақпандағы
№ 9-2/174 бұйрығымен
бекітілген
Қолайсыз табиғат құбылыстарын айқындаудың өлшемдері мен сипаттамалары
1. Осы Қолайсыз табиғат құбылыстарын айқындаудың критерийлері мен сипаттамалары (бұдан әрі - Критерийлер) «Өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыру туралы» 2004 жылғы 10 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 2-тармағының 12-4) тармақшасына сәйкес әзірленген және қолайсыз табиғат құбылыстарын айқындаудың критерийлері мен сипаттамаларын белгілейді.
2. Критерийлер агроклиматтық аудандастыру негізінде айқындалған және негізгі ауыл шаруашылығы дақылдарын - дәнді (жаздық - ерте және кеш, күздік), майлы (күнбағыс, мақсары, рапс), дәнді-бұршақты (ас бұршақ, ноқат, қытайбұршақ), тамыртүйнекжемісті (қант қызылшасы, картоп), иірілетін (мақта) дақылдарды вегетациялау шарттары ескеріле отырып әзірленген.
Қазақстан Республикасы аумақтарын агроклиматтық аудандастыру осы Критерийлерге 1-қосымшада көрсетілген көптеген өсімдіктердің белсенді вегетациясы кезеңі ескеріле отырып, жылумен қамтамасыз етілуі бойынша жүргізілген.
3. Қолайсыз табиғат құбылысы - нәтижесінде өсiмдiк шаруашылығының өнiмi жойылған немесе бүлiнген табиғат құбылысы (ұзақ мерзiмді - құрғақшылық, үсiп кету, жылудың жетiспеуi, топырақтың шамадан артық ылғалдануы, ауаның шамадан тыс ылғалдануы, су тасқыны, су тапшылығы, аңызақ; қысқа мерзiмдi - бұршақ соғу, нөсер жаңбыр, үсiк шалу, қатты жел, сел).
2. Ұзақ мерзімді қолайсыз табиғат құбылыстарын айқындаудың критерийлері мен сипаттамалары
4. Құрғақшылық атмосфералық және топырақтық болып бөлінеді.
Полная версия
ИС BestProfi