Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 16.02.2020
Шитті мақта мен мақта талшығы сапасының сараптамасына жұмсалған шығындардың құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2015 жылғы 27 ақпандағы № 4-1/167 бұйрығы. 
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 26 мамырда № 11176 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2020 жылғы 16 ақпаннан бастап ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 31.01.2020 жылғы № 31 Бұйрығына сәйкес 
Редакция 12.04.2017 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 35-бабы 5-тармағына және «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағы 41) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Шитті мақта мен мақта талшығы сапасының сараптамасына арналған шығындардың құнын субсидиялау қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру мен қайта өңдеу және фитосанитариялық қауіпсіздік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы С. Омаров 
«КЕЛІСІЛДІ» 
Қазақстан Республикасының 
Қаржы министрі 
___________ Б. Сұлтанов 
2015 жылғы 24 сәуір 
«КЕЛІСІЛДІ» 
Қазақстан Республикасының 
Ұлттық экономика министрі 
___________ Е. Досаев 
2015 жылғы 23 сәуір 

Шитті мақта мен мақта талшығы сапасының сараптамасына жұмсалған шығындардың құнын субсидиялау қағидалары  
1. Осы Шитті мақта мен мақта талшығы сапасының сараптамасына жұмсалған шығындардың құнын субсидиялау қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) «Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес әзірленді және Оңтүстік Қазақстан облысының бюджетінде тиiстi қаржы жылына көзделген қаражат есебiнен және шегiнде шитті мақта мен мақта талшығы сапасының сараптамасына жұмсалған шығындардың құнын субсидиялау (бұдан әрі - субсидиялар) тәртiбiн айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 12.04.2017 жылғы № 163 Бұйрығына сәйкес (03.11.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 18.07.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
1) агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган – балық шаруашылығын дамытуды қоспағанда, агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
2) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру үшін, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;
3) мақта иесi – меншiк құқығында шиттi мақта және (немесе) мақта талшығы және (немесе) мақта тұқымы бар жеке немесе заңды тұлға;
Полная версия
ИС BestProfi