Близость слов: Окончание:





Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушының шығыстарын ұзақ мерзімді субсидиялау қағидаларын бекіту туралы
 Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 24 ақпандағы № 166 бұйрығы.
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 2 шілдеде № 11540 тіркелді
Осы Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 22.08.2016 жылғы № 622 Бұйрығына сәйкес (24.02.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2017 жылдан бастап)
Редакция 22.01.2022 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Теміржол көлігі туралы» 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 2-тармағының 34-19) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 
1. Қоса беріліп отырған Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушының шығыстарын ұзақ мерзімді субсидиялау қағидалары бекітілсін.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 22.08.2016 жылғы № 622 Бұйрығына сәйкес (24.02.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2017 жылдан бастап)
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті (Ә.А. Асавбаев):
1) осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында жариялау және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын; 
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму бірінші вице-министрі Ж.М. Қасымбекке жүктелсін.
4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушы Ж.Қасымбек
Полная версия
ИС BestProfi