Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушының шығыстарын ұзақ мерзімді субсидиялау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 24 ақпандағы № 166 бұйрығы.
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 2 шілдеде № 11540 тіркелді
Осы Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 22.08.2016 жылғы № 622 Бұйрығына сәйкес (24.02.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2017 жылдан бастап)
«Теміржол көлігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 2-тармағының 34-19) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Көлік министрінің м.а. 19.12.2025 жылғы № 435 Бұйрығына сәйкес (31.12.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.01.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Қоса беріліп отырған Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушының шығыстарын ұзақ мерзімді субсидиялау қағидалары бекітілсін.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 22.08.2016 жылғы № 622 Бұйрығына сәйкес (24.02.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2017 жылдан бастап)
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында жариялау және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.