Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 04.06.2021
"Ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнің шаруашылыққа жарамдылығын мемлекеттік сынау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 20 шілдедегі № 4-2/665 бұйрығы
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 26 тамызда № 11945 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2021 жылғы 4 маусымнан бастап ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 13.05.2021 жылғы № 159 Бұйрығына сәйкес 
Редакция 27.09.2019 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«Мемлекеттік қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған «Ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің шаруашылыққа жарамдылығын мемлекеттік сынау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.
2. «Ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің шаруашылыққа пайдалылығын мемлекеттік сынау» мемлекеттік қызмет регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрдің міндетін атқарушының 2011 жылғы 5 тамыздағы № 06-2/454 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7166 тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінің 2011 жылғы 18 қазандағы № 501-502 (26894) санында жарияланған) бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру мен қайта өңдеу және фитосанитариялық қауіпсіздік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы Министрі А. Мамытбеков
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 20 шілдедегі
№ 4-2/665 бұйрығымен бекітілген
«Ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнiң шаруашылыққа жарамдылығын мемлекеттiк сынау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
Осы Регламент жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 10.09.2019 жылғы № 333 Бұйрығына сәйкес (20.07.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 27.09.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. «Ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің шаруашылыққа жарамдылығын мемлекеттік сынау» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2015 жылғы 6 мамырдағы № 4-2/416 бұйрығымен (Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11777 болып тіркелген) бекітілген «Ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің шаруашылыққа жарамдылығын мемлекеттік сынау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (бұдан әрі – Стандарт) негізінде көрсетеді.
Өтінімді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру Ауыл шаруашылығы дақылдарының сорттарын сынау жөніндегі мемлекеттік комиссия (бұдан әрі – Мемкомиссия) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
3. Мемлекеттiк қызметті көрсету нәтижесi – шаруашылық-құндық белгілер кешені бойынша сортты пайдалануға ұсыну туралы Мемкомиссия қорытындысының негізінде шығарылатын, Қазақстан Республикасында пайдалануға ұсынылатын селекциялық жетiстiктердің мемлекеттiк тiзіліміне (бұдан әрі – Мемлекеттік тізілім) сортты қосу туралы көрсетілетін қызметті беруші бұйрығының көшiрмесi не Стандарттың 10-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: қағаз түрінде.
2-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (жұмыскерлерінің) мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі іс-қимылдары тәртібінің сипаттамасы
Полная версия
ИС BestProfi