Тұтынушылардың электр қондырғыларын техникалық пайдалану қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 246 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 6 мамырда № 10949 тіркелді
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысымен бектілген «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі туралы» ереженің 15-тармағы 256) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 17.01.2025 жылғы № 22-н/қ Бұйрығына сәйкес (07.07.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 02.02.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін оның көшірмесін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында жариялануын;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 07.07.2021 жылғы № 227 Бұйрығына сәйкес (30.03.2015 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 30.07.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Осы Тұтынушылардың электр қондырғыларын техникалық пайдалану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі туралы» ереженің 15-тармағының 256) тармақшасына сәйкес әзірленді және тұтынушылардың электр қондырғыларын техникалық пайдалану тәртібін айқындайды.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 17.01.2025 жылғы № 22-н/қ Бұйрығына сәйкес (07.07.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 02.02.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 07.07.2021 жылғы № 227 Бұйрығына сәйкес (30.03.2015 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 30.07.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) ағымдағы жөндеу – бұл кезекті жөндеуге дейін электр жабдығы мен желінің қалыпты жұмысының кепілдігін қамтамасыз ету мақсатында пайдалану процесінде пайдаланушы персонал немесе жөндеу бригадасы электр жабдығын орнату орнында жүзеге асыратын және тексеру, тазарту, тығыздау, жекелеген жарамсыздықтарды жою, тозған бөлшектерді, түйіндерді ауыстыру немесе қалпына келтіру және механизмдерді реттеу, профилактикалық іс-шараларды өткізу көзделетін жоспарлы жөндеу;