Близость слов: Окончание:





Тұтынушылардың электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 222 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 29 сәуірде № 10889 тіркелді
Редакция 02.02.2025 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі туралы» ереженің 15-тармағы 257) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 17.01.2025 жылғы № 22-н/қ Бұйрығына сәйкес (07.07.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 02.02.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Қоса беріліп отырған Тұтынушылардың электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Электр энергетикасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруын;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс–шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ» 
Қазақстан Республикасының 
Инвестициялар және даму 
министрінің міндетін атқарушы 
       ____________ А. Жұмағалиев 
2015 жылғы 19 наурыз
«КЕЛІСІЛДІ» 
Қазақстан Республикасының 
Ұлттық экономика 
министрінің міндетін атқарушы 
       ____________ Т. Жақсылықов 
2015 жылғы 30 наурыз
Қазақстан Республикасы
 Энергетика министрінің
 2015 жылғы 19 наурыздағы
 № 222 бұйрығымен
 бекітілген
Тұтынушылардың электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 07.07.2021 жылғы № 227 Бұйрығына сәйкес (02.11.2016 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 30.07.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Осы Тұтынушылардың электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасының қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі туралы» ереженің 15-тармағы 257) тармақшасына сәйкес әзірленді және тұтынушылардың электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасының тәртібін айқындайды.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 17.01.2025 жылғы № 22-н/қ Бұйрығына сәйкес (07.07.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 02.02.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар мен анықтамалар пайдаланылады:
2-тармақ өзгертілді ҚР Энергетика министрінің 02.11.2016 жылғы № 470 Бұйрығымен (19.03.2015 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 29.12.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 07.07.2021 жылғы № 227 Бұйрығына сәйкес (02.11.2016 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 30.07.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) ІІ-IV топтарға жататын жұмыскер – персоналдың электр қауіпсіздігі бойынша біліктілік дәрежесі;
Полная версия
ИС BestProfi