Су ресурстарын кешендi пайдалану мен қорғаудың бас және бассейндiк схемаларын және су шаруашылығы баланстарын әзiрлеу мен бекiту қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 19-1/277 бұйрығы.
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 1 шілдеде № 11524 тіркелді
Қазақстан Республикасының Су кодексінің 37-бабы 1-тармағының 7-10) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Су ресурстары және ирригация министрінің 27.08.2024 жылғы № 134-НҚ Бұйрығына сәйкес (30.11.2015 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 13.09.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Қоса беріліп отырған Су ресурстарын кешендi пайдалану мен қорғаудың бас және бассейндiк схемаларын және су шаруашылығы баланстарын әзiрлеу мен бекiту қағидалары бекiтілсін.
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға жіберілуін;
1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Су ресурстары және ирригация министрінің 27.08.2024 жылғы № 134-НҚ Бұйрығына сәйкес (30.11.2015 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 13.09.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Осы Су ресурстарын кешендi пайдалану мен қорғаудың бас және бассейндiк схемаларын және су шаруашылығы теңгерiмдерiн әзiрлеу және бекіту қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Су кодексінің 37-бабы 1-тармағының 7-10) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасында су ресурстарын кешендi пайдалану мен қорғаудың бас және бассейндiк схемаларын және су шаруашылығы теңгерiмдерiн әзiрлеу және бекiту тәртiбiн айқындайды.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Су ресурстары және ирригация министрінің 27.08.2024 жылғы № 134-НҚ Бұйрығына сәйкес (30.11.2015 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 13.09.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) жедел су шаруашылығы теңгерiмi – судың нақты бар-жоғын жыл сайынғы бағалау және су тұтынушылардың пайдалануына арналған ағымдағы жылдың сулылығына қарай су ресурстарын қайта бөлу.
2) перспективалы су шаруашылығы теңгерiмi – су тұтынушылардың пайдалануына арналған су объектілерінің перспективадағы су ресурстары мөлшерiнің болжамы;
3) су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау, су бұру саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – елді мекендер шегінен тыс жерлерде су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау, су бұру саласындағы басқару мен бақылау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
4) су ресурстарын кешендi пайдалану мен қорғаудың бас схемасы (бұдан әрi – бас СРКПҚС) – халықты және экономика салаларының суға перспективалы қажеттіліктерiн қанағаттандыру, сондай-ақ су ресурстарын қорғау немесе олардың зиянды әсерлерiн болдырмау үшiн жүзеге асырылуы тиiс жалпы ел бойынша негiзгi су шаруашылығы және басқа да iс-шараларды айқындайтын құжат;
5) су ресурстарын кешендi пайдалану мен қорғаудың бассейндiк схемасы (бұдан әрi – бассейндік СРКПҚС) – жалпы су объектісінің бассейні немесе қаралатын аумақ бойынша су ресурстарын ұтымды пайдалану мен қорғауды қамтамасыз ету мақсатындағы iс-шараларды айқындайтын құжат;
6) уәкілетті органның ведомствосы – су қорын пайдалану және қорғау саласындағы іске асыру мен бақылау функцияларын өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын ведомство.
3. Бас және бассейндік СРКПҚС әзiрлеу ұзақ мерзiмдi перспективаға экономикалық және әлеуметтiк мiндеттердi шешуге бағытталған бағдарламалық құжаттарға негізделедi.
4. Бас және бассейндік СРКПҚС-да қаралатын аумақтар мен негізгi өзендер бассейндерi бойынша су ресурстарының сандық көрсеткiштерi көрсетiледi, су объектiлерiнiң экологиялық және санитариялық-эпидемиологиялық жай-күйi ескеріле отырып, су тұтыну, су бұру лимиттері белгiленедi.
5. Су көрсеткiштерi мен суға перспективалы қажеттiлiктердi бағалау суды мемлекеттiк есепке aлу, су кадастры мен су объектiлері мониторингінің деректерi негiзiнде жүзеге асырылады.
4) жергілікті су ресурстарын оларды реттеу, өзен ағыстарын бассейнаралық қайта бөлу, тазартылмаған ағынды суларды ағызу көлемдерін қысқарту есебінен мүмкіндігінше пайдалану;
8. Уәкiлеттi орган бас және бассейндік СРКПҚС-ны, су шаруашылығы теңгерiмдерiн әзiрлеудi мүдделi мемлекеттiк органдардың қатысуымен, ғылыми және мамандандырылған жобалау ұйымдарын тарта отырып, бюджет қаражаты есебінен әзірлейді.
2-тарау. Су ресурстарын кешендi пайдалану мен қорғаудың бас және бассейндiк схемаларын және су шаруашылығы теңгерiмдерiн әзiрлеу және бекіту тәртiбi
2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Су ресурстары және ирригация министрінің 27.08.2024 жылғы № 134-НҚ Бұйрығына сәйкес (30.11.2015 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 13.09.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
9. Бас СРКПҚС өңiрдiң/бассейннiң әлеуметтік-экономикалық дамуы болжамы мен табиғи факторлар тепе-теңдігін сақтау ескерiле отырып, егжей-тегжейлі зерттеулер мен техникалық-экономикалық деректер нұсқаларын салыстыру негiзінде су шаруашылығы проблемаларының кешендi мiндеттерiн шешу мақсатында әзiрленедi.
10. Бас СРКПҚС жобасын уәкiлеттi орган мемлекеттік жоспарлау, индустриялық-инновациялық қызмет, көлiк және коммуникациялар, мемлекеттік геологиялық зерделеу, жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалану, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы, өңірлік даму, жер ресурстарын басқару және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органдармен келiсім бойынша әзiрлейдi және Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
10-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 30.11.2015 жылғы № 19-1/1052 Бұйрығына сәйкес (30.03.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 14.01.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
14. Бас СРКПҚС бекітілгеннен кейін кемінде әр үш жыл сайын нақтылау және толықтыру рәсімдерінен өтеді.
14-тармақтың орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгермейді ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 30.11.2015 жылғы № 19-1/1052 Бұйрығына сәйкес
16. Бассейндік СРКПҚС жобасын уәкілетті органның ведомствосы әзiрлейдi және бақыланатын аумақтары қаралатын бассейнге жататын жергіліктi атқарушы органдардың, мемлекеттік жоспарлау, индустриялық-инновациялық қызмет, көлiк және коммуникациялар, мемлекеттік геологиялық зерделеу, жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалану, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы, өңірлік даму, жер ресурстарын басқару және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органдардың аумақтық бөлімшелерінің келісімі бойынша бекітеді.
18. Бассейндік СРКПҚС бекітілгеннен кейін кемінде әр үш жыл сайын нақтылау және толықтыру рәсімдерінен өтеді.
18-тармақтың орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгермейді ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 30.11.2015 жылғы № 19-1/1052 Бұйрығына сәйкес
19. Трансшекаралық су объектілеріне арналған бассейндік СРКПҚС Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттардың талаптары ескеріле отырып әзірленеді.
20. Су шаруашылығы теңгерiмдерi су объектiлерi бассейндерi, экономикалық аудандар және жалпы республика бойынша су ресурстарының бар-жоғын және оларды пайдалану мүмкiндiктерiн бағалау мақсатында әзiрленедi.
22. Су объектілерінің бассейндері бойынша жедел су шаруашылығы теңгерімдерін әр жылдың қорытындысы бойынша бассейндік су шаруашылығы басқармалары әзірлейді және уәкілетті органның ведомствасы олардың жылдық есептері құрамында келесі жылдың сәуір айынан кешіктірмей қабылдайды.
24. Жекелеген су объектiсi бассейнiнде қолайсыз ахуал қалыптасқан жағдайда, уәкілетті орган су тұтынушылар арасында су ресурстарын қайта бөлу және жаңа өндiрістік күштердi орналастыру мүмкiндiгін анықтау мақсатында тиiстi су объектiсi бассейнi бойынша перспективалы су шаруашылығы теңгерiмiн әзiрлеу туралы шешiм қабылдайды.