Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Атом энергиясын пайдалану саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" 2014 жылғы 28 ақпандағы № 162 және "Электр энергетикасы, энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласында Қазақстан Республикасы Индустрия және технологиялар министрлігі көрсететін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы" 2014 жылғы 13 наурыздағы № 235 қаулыларының күші жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 27 тамыздағы № 663 қаулысы
1. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Атом энергиясын пайдалану саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 28 ақпандағы № 162 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 13, 114-құжат);
2) «Электр энергетикасы, энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласында Қазақстан Республикасы Индустрия және технологиялар министрлігі көрсететін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 наурыздағы № 235 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 21, 156-құжат).
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов
Полная версия