1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 29.04.2020 жылғы № 101 Бұйрығына сәйкес (27.02.2015 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 17.05.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Осы Мемлекеттiк орман қорының аумағында орман орналастыруды жүргiзу қағидалары (бұдан әрi – Қағида) Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің мәселелері» 2019 жылғы 5 шілдедегі № 479 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі туралы ереженің 15-тармағы 277) тармақшасына сәйкес әзірленді және мемлекеттiк орман қоры аумағында орман орналастыруды жүргiзу тәртiбiн регламенттейдi.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 01.11.2025 жылғы № 262 Бұйрығына сәйкес (29.04.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 16.11.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Мемлекеттік орман қоры аумағында орман орналастыру осы Қағидаларға және «Орман орналастыруды жүргізу нұсқаулығын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 9 қарашадағы № 17-02/566 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8181 нөмірмен тіркелген) (бұдан әрі – Орман орналастыруды жүргізу нұсқаулығы) сәйкес бірыңғай жүйе бойынша орындалады.
3. Орман ресурстарын есебін жүргізумен, орман қорын аумақтық орналастырумен, оның ішінде мемлекеттік орман қорының шекараларын белгілеумен, ормандарды мемлекеттік мониторингілеумен, орман шаруашылығын жүргізуді жоспарлаумен және орман пайдаланумен байланысты орман орналастыру мемлекеттік монополияға жатады және оны мемлекеттік орман орналастыру ұйымы жүзеге асырады.
4. Орман орналастыру жобаларында орман шаруашылығын жүргізудің және өткен ревизиялық кезеңде мемлекеттік орман қорын пайдаланудың кешенді бағасын, алдағы ревизиялық кезеңде жоспарланып отырған орман шаруашылығы іс-шаралары мен орман шаруашылығын ұйымдастыру мен жүргізудің негізгі ережелерін қамтиды.
5-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 29.04.2020 жылғы № 101 Бұйрығына сәйкес (27.02.2015 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 17.05.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) орман қорын қорғау, күзету, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсіру саласында басқару, бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыратын уәкілетті органның ведомствосы – Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті (бұдан әрі – уәкілетті органның ведомствосы);
2) мемлекеттік орман орналастыру ұйымы – орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі саласындағы уәкілетті органның қарауындағы «Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің «Қазақ орман орналастыру кәсіпорны» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны, оның қызметі орман ресурстарының есебін, орман қорын аумақтық орналастыруды, ормандардың мемлекеттік мониторингін, орман шаруашылығын жүргізу мен орман пайдалануды жоспарлауды қамтамасыз етуге бағытталған.
2-тарау. Мемлекеттік орман қоры аумағында орман орналастыруды жүргiзу тәртiбi
2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 29.04.2020 жылғы № 101 Бұйрығына сәйкес (27.02.2015 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 17.05.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
6. Мемлекеттік орман қоры аумағында орман орналастыру жыл сайын белгіленген тексеру кезеңiнiң ұзақтығын ескере отырып, мемлекеттiк орман иеленушілердiң орман орналастыру жобаларының уақтылы жаңартылып тұруын қамтамасыз ететiн көлемде жүргiзіледi.
1) дайындық жұмыстары жүргізілетін жылы табиғи-климаттық, орман өсiмдiктерi мен орман экономикалық шарттардың ерекшелiктерiн қорытындылайтын, орман шаруашылығын жүргiзу қағидаттарын, орман бағалаудың нормативтiк-анықтамалық материалдарын iрiктеп алып, орман шаруашылығы iс-шараларын жобалау ерекшелiктерiн негiздейтiн облыстың (өңiр), республикалық маңызы бар қаланың, астананың орман шаруашылығын жүргізудің негізгі ережелерін әзірлейді;
2) облыс (өңiр), республикалық маңызы бар қалалар, Астана қаласы бойынша жиынтық орман орналастыру материалдарын жасайды, сондай-ақ орман қорының тиiсті тақырыптық карталарын дайындайды;
7) таксациялық сипаттамаларға ұзақ мерзімді орман пайдалануға беру жобаланып отырған орман ресурстары туралы белгілер қояды және олардың шекарасын картографиялық материалдарға түсіреді;
8) уәкілетті орган ведомствосының орман орналастыру жобасының құрамында бекітуі үшін орманшылықтар мен (немесе) мемлекеттік орман иеленуші бойынша есептік кеспеағашты айқындайды.
1) әзiрлiк кезеңi (1-жыл) – жұмыстар далалық орман орналастыру жұмыстарының алдындағы жылы жүргiзiледi, бұл ретте ұйымдық-техникалық сипаттағы мәселелер шешіледi және орман орналастырылуы тиiс аумақтардың аэрофотосуретке түсiрiлуi жүргiзіледi;
2) далалық кезең (2-жыл) – орман орналастырудың жердегі және дистанциялық әдiстерi қолданылып, орман орналастыру объектiсiнде мемлекеттiк орман қорын түгендеу жүргiзiледi;
Далалық орман орналастыру жұмыстарын жүргізу кезінде пайдаланылатын аэрофотосуреттер мен ғарыштық түсірілім деректерінің мерзімі 3 жылдан аспайтын уақытқа белгіленеді.
10. Орман орналастыру жобасы әзiрленіп жатқан тексеру кезеңiнiң ұзақтығы орман шаруашылығын жүргiзудiң қарқындылығына, сондай-ақ мемлекеттiк орман иеленушілерiне жүктелген мiндеттерге байланысты және Орман орналастыруды жүргізу нұсқаулығымен айқындалады.
2) орманды санитариялық мақсатта кесудi қоса алғанда, орман қорғау iс-шаралары мемлекеттiк орман иеленушiлер немесе осы салада мамандандырылатын ұйымдар жүргiзетiн орман-патологиялық зерттеулердiң материалдары бойынша айқындалатын көлемде ормандардың санитарлық жай-күйiне байланысты орындалады;
3) ормандарды молықтыру және орман өсiру жөнiндегi iс-шаралар тексеру кезеңiнiң соңғы жылына, ең алдымен ағаш кесілiмдерi мен өртеңдерге белгіленген көлемде орман дақылдары қорының бар-жоғына байланысты орындалады;
4) орманды күтiп-баптау мақсатында кесу оны тексеру кезеңiнiң соңғы жылына белгіленген көлемде жүргiзудi қажет ететiн, екпелердiң арасынан өспей қалған немесе ағаштардың басты тұқымдыларының өсуiне кедергi келтiретiн ағаштарды екпелерден аластатуды талап ететiн екпелердiң бар-жоғына байланысты орындалады;
6) осы Қағидалардың 11-тармағының 2), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілмеген орман пайдаланудың қалған түрлерi орман орналастыру жобаларына сәйкес жүзеге асырылады.
12. Мемлекеттік орман иеленушілер Орман кодексінің 26-бабының 2) тармақшасына сәйкес мемлекеттік орман қоры аумағында орман орналастырудың жүргізілуін қамтамасыз етеді.