Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 02.05.2020
Қазақстан Республикасы
 Энергетика министрінің
 2015 жылғы 22 сәуірдегі
 № 299 бұйрығына
 1-қосымша
1-қосымша күшін жойды 2020 жылғы 2 мамырдан бастап ҚР Энергетика министрінің 01.04.2020 жылғы № 123 Бұйрығына сәйкес         
1-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 12.07.2017 жылғы № 238 Бұйрығына сәйкес (22.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 11.09.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
«Атом энергиясын пайдалану объектілерінің тіршілік циклінің кезеңдеріне байланысты жұмыстарды орындауға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Редакция 19.03.2019 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
1. «Атом энергиясын пайдалану объектілерінің тіршілік циклінің кезеңдеріне байланысты жұмыстарды орындауға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі әзірледі (бұдан әрі – Министрлік).
3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру www.еgov.kz, www.elicense.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
4. Порталға жүгінген сәттен бастап мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 12.02.2019 жылғы № 43 Бұйрығына сәйкес (28.05.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 19.03.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде – 20 (жиырма) жұмыс күні;
лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеген кезде – 3 (үш) жұмыс күні мынадай жағдайларда:
заңды тұлға-лицензиаттың атауы және (немесе) орналасқан жері өзгергенде;
Қазақстан Республикасының заңдарында қайта ресімдеу туралы талап болғанда;
заңды тұлға-лицензиат бірігу, қайта құру, заңды тұлға-лицензиатты басқа заңды тұлғамен қосылу нысанында қайта ұйымдастырылғанында;
заңды тұлға-лицензиат бөліп шығару және бөліну нысанында қайта ұйымдастырылған жағдайда лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеген кезде – 20 (жиырма) жұмыс күні;
лицензиаттың жүгінуі бойынша лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның күшін тоқтата тұрған немесе жаңғыртқан кезде – 3 (үш) жұмыс күні;
лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның күшін тоқтата тұру үшін негіз болған бұзушылықтарды жойған кезде лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны жаңғыртқан кезде – 10 (он) жұмыс күні.
Көрсетілетін қызметті беруші заңды тұлғаның (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) құжаттарын алған кезден бастап ұсынылған құжаттардың толықтығын және қолданылу мерзімін тексереді. Ұсынылған құжаттардың толық болмау және қолданылу мерзімінің өту фактісі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші екі жұмыс күні ішінде өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартады.
5. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету нысаны:  электронды.
5-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 28.05.2018 жылғы № 215 Бұйрығына сәйкес (12.07.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) (16.08.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды)
Полная версия
ИС BestProfi