1. «Радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу жөніндегі қызметке лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
Внимание! Документ утратил силу с 02.05.2020
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 22 сәуірдегі № 299 бұйрығына 6-қосымша
6-қосымша күшін жойды 2020 жылғы 2 мамырдан бастап ҚР Энергетика министрінің 01.04.2020 жылғы № 123 Бұйрығына сәйкес 6-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 12.07.2017 жылғы № 238 Бұйрығына сәйкес (22.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 11.09.2017 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
«Радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу жөніндегі қызметке лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Редакция 19.03.2019 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1-тарау. Жалпы ережелер
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі әзірледі (бұдан әрі – Министрлік).
3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру www.еgov.kz, www.elicense.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
4. Порталға жүгінген сәттен бастап мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 12.02.2019 жылғы № 43 Бұйрығына сәйкес (28.05.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 19.03.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
5. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету нысаны: электронды.
5-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 28.05.2018 жылғы № 215 Бұйрығына сәйкес (12.07.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) (16.08.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды)
6. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі – радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу жөніндегі қызметке лицензия және (немесе) лицензияға қосымша, қайта ресімделген лицензия және (немесе) лицензияға қосымша, көрсетілетін қызметті алушының қайтып алуға қанағаттандырылған өтініші,лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның күшін тоқтата тұру немесе жаңғырту туралы шешім, не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайлар және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
6-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 12.02.2019 жылғы № 43 Бұйрығына сәйкес (28.05.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 19.03.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.
7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет ақылы негізде көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 554-бабына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының орналасқан жері бойынша бюджетке лицензиялық алым төленеді:
7-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 28.05.2018 жылғы № 215 Бұйрығына сәйкес (12.07.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) (16.08.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды)
1) аталған қызмет түрімен айналысу құқығына лицензия беру кезіндегі лицензиялық алым 50 айлық есептік көрсеткішті құрайды;
2) лицензияны қайта ресімдеу үшін лицензиялық алым лицензия беру кезіндегі мөлшерлеменің 10 %-ын құрайды.
Лицензиялық алымды төлеу қолма-қол ақшамен және қолма-қол ақшасыз нысанында екінші деңгейдегі банктер мен банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы, сондай-ақ «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы жүзеге асырылады.
8. Жұмыс кестесі:
1) көрсетілетін қызметті берушінің – еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден жұмаға дейін, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі асқа үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен жүргізіледі.
Полная версия