«Астық туралы» 2001 жылғы 19 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 32-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Внимание! Документ утратил силу с 02.01.2016
Мемлекеттік астық ресурстарымен және агенттiң меншікті қаржы-шаруашылық қызметiмен жасалатын операцияларды бөлек есепке алу бойынша бухгалтерлiк есептiң қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 4-1/399 бұйрығы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 24 маусымда № 11433 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2016 жылғы 2 қаңтардан бастап ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 24.12.2015 жылғы № 4-6/1112 Бұйрығына сәйкес
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттiк астық ресурстарымен және агенттiң меншікті қаржы-шаруашылық қызметiмен жасалатын операцияларды бөлек есепке алу бойынша бухгалтерлiк есептiң қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру мен қайта өңдеу және фитосанитариялық қауіпсіздік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі А. Мамытбеков
«КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасы Қаржы министрі ___________ Б. Сұлтанов 2015 жылғы « » _______
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 4-1/399 бұйрығымен бекітілген
Мемлекеттік астық ресурстарымен және агенттiң меншікті қаржы-шаруашылық қызметiмен жасалатын операцияларды бөлек есепке алу бойынша бухгалтерлiк есептiң қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Мемлекеттік астық ресурстарымен және агенттiң меншікті қаржы-шаруашылық қызметiмен жасалатын операцияларды бөлек есепке алу бойынша бухгалтерлiк есептің қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Астық туралы» 2001 жылғы 19 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және мемлекеттiк астық ресурстарымен және агенттің өзінің қаржылық-шаруашылық қызметімен жасалатын операцияларды бөлек есепке алу бойынша бухгалтерлiк есеп жүргiзудiң тәртiбiн айқындайды.
2. Бухгалтерлiк есепті (бұдан әрi – есеп) бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес агент жүзеге асырады.
Осы Қағидаларды қолдану мақсаттары үшiн мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) агенттiң негiзгi қызметi – мемлекеттiк астық ресурстарын қалыптастыру, жаңарту, орнын ауыстыру және пайдалану жөнiндегi қызмет;
2) агенттiң негiзгi емес қызметi – агенттің мемлекеттiк астық ресурстарын басқарумен байланысты заңнамамен тыйым салынбаған өзге қызметi;
3) мемлекеттiк астық ресурстарын (бұдан әрі – мемлекеттік ресурстар) басқару – агенттің шарт негізінде агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) айқындаған құзырет шегінде мемлекеттік ресурстарды басқару жөніндегі функцияларды жүзеге асыруы.
Полная версия