Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 30.01.2019
Байланыс саласындағы мемлекеттiк көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекiту туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 531 бұйрығы
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 17 маусымда № 11380 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2019 жылғы 30 қаңтардан бастап ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрінің 27.12.2018 жылғы № 549 Бұйрығына сәйкес
Редакция 08.03.2018 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес «Байланыс саласындағы қызметтерді көрсетуге лицензия беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарты;
2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес «Нөмірлеу ресурсын бөлу және нөмірлерді беру, сондай-ақ оларды алып қою» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарты;
3) осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес «Қазақстан Республикасының радиожиілілік спектрін пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарты;
4) осы бұйрықтың 4-қосымшасына сәйкес «Радиоэлектронды құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарты бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті (С.С. Сарсенов):
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін, бұйрықтың көшірмесін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында жариялануын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі  Ә. Исекешев
Полная версия
ИС BestProfi