Электр қондырғыларын орнату қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 230 бұйрығы
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 29 сәуірде № 10851 тіркелді
«Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 19) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 31.10.2022 жылғы № 340 Бұйрығына сәйкес (22.02.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 03.01.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік оның көшірмесін он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруын;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс – шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Қағидалар өзгертілді ҚР Энергетика министрінің 31.05.2016 жылғы № 228 Бұйрығымен (20.03.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 08.08.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Қағидалар өзгертілді ҚР Энергетика министрінің 25.12.2017 жылғы № 471 Бұйрығымен (31.05.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 19.01.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Энергетика министрінің 22.02.2022 жылғы № 64 Бұйрығына сәйкес (25.12.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 05.04.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1.Осы Электр қондырғыларын орнату қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 5-бабының 19) тармақшасына сәйкес әзірленді және электр қондырғыларын орнату тәртібін айқындайды.
2.Осы Қағидалар тұрақты және ауыспалы токтың жаңадан салынып жатқан және реконструкцияланатын, оның ішінде осы Қағидалардың 7-бөлімінде қаралған арнайы электр қондырғыларына қолданылады.
3.Осы Қағидалар пайдалану жағдайларында жоспарлы-алдын алу және профилактикалық сынауларды, электр қондырғылары мен олардың электр жабдығына жөндеу қажеттілігін ескерумен әзірленді.