1. «Жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды (азаматтықты қоспағанда) әзірлеу, өндіру, сатып алу, өткізу, сақтау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 563 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11636 болып тіркелген) бекітілген «Жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды (азаматтықты қоспағанда) әзірлеу, өндіру, сатып алу, өткізу, сақтау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) негізінде әзірленген және Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Внимание! Документ утратил силу с 26.09.2020
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 28 мамырдағы № 619 бұйрығына 1-қосымша
«Жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды (азаматтықты қоспағанда) әзірлеу, өндіру, сатып алу, өткізу, сақтау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
Осы Регламент күшін жойды 2020 жылғы 26 қыркүйектен бастап ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 08.09.2020 жылғы № 457 Бұйрығына сәйкес Осы Регламент жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 18.03.2019 жылғы № 138 Бұйрығына сәйкес (28.05.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 15.04.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) Осы Регламент жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 29.10.2019 жылғы № 809 Бұйрығына сәйкес (18.03.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 09.12.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Редакция 09.12.2019 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1-тарау. Жалпы ережелер
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру www.egov.kz. «электронды үкімет» веб-порталы немесе www.elicense.kz «Е-лицензиялау» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды (азаматтықты қоспағанда) әзірлеу, өндіру, сатып алу, өткізу, сақтау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия және (немесе) лицензияға қосымша, қайта рәсімделген лицензия және (немесе) лицензияға қосымша немесе Стандарттың 10-тармағында көзделген жағдайлар мен негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру нысаны: электронды.
2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы
4. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-әрекеттің) бастау үшін негіздеме Стандарттың 9-тармағында көзделген көрсетілетін қызметті берушінің көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды алуы болып табылады.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-әрекеттің) мазмұны және оны орындау ұзақтығы:
1) лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаларды беру кезінде:
көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 1 (бір) сағат ішінде көрсетілетін қызметті алушының өтінішін қарайды және көрсетілетін қызметті беруші басшысының орынбасарына орындауға жібереді;
көрсетілетін қызметті беруші басшысының орынбасары 1 (бір) сағат ішінде көрсетілетін қызметті алушының өтінішін қарайды және көрсетілетін қызметті берушінің салалық басқарма басшысына орындауға жібереді;
көрсетілетін қызметті берушінің салалық басқарма басшысы 1 (бір) сағат ішінде көрсетілетін қызметті алушының өтінішін қарайды және көрсетілетін қызметті алушының басқармасының жауапты орындаушысына жібереді;
көрсетілетін қызметті беруші басқармасының жауапты орындаушысы Стандарттың 9-тармағына сәйкес ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді:
ұсынылған құжаттардың толық еместігі фактісі анықталған жағдайда 2 (екі) жұмыс күні ішінде өтінішті одан әрі қараудан бас тарту туралы дәлелді жауапты дайындайды;
ұсынылған құжаттардың толықтығы анықталған жағдайда 2 (екі) жұмыс күні ішінде келісім алу үшін тиісті мемлекеттік органдарға сұрау салу жібереді;
көрсетілетін қызметті берушінің басқармасының жауапты орындаушысы 7 (жеті) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушының ұсынылған құжаттарын Стандартқа сәйкестігіне қарайды, лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаларды беруге шешімді немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты рәсімдейді;
Полная версия